Рендомизацияланған қайталымдар әдісі – әлемдік іс-тәжірибеде анағұрлым кең таралған, бұл әдіс бойынша танаптық тәжірибенің әр бір қайталымында тәжірибелік нұсқалар мөлдектер бойынша кездейсоқ тәртіппен орналасады. Тәжірибені жүргізу жағдайларына байланысты мөлдектердің пішіні ұзарған (созылған), тік бұрышты немесе тік төрт бұрышты болуы мүмкін және олар қайталымдарда тұтастай күйінде бір, екі және одан да көп қабаттарда орналасады. Зерттелетін нұсқалардың саны тәжірибелік жер учаскесінің тегістігіне (жер бедерірінің) және тәжірибелік мөлдектердің көлеміне (ауданына) байланысты болады: тәжірибеде 15-20 нұсқалар қолдануға болмайды деп есептеледі, ал егер де нұсқалардың саны 8-10 нұсқадан асатын болса, онда әр бір қайталымға кем дегенде 2 және одан да көп бақылау (стандарт) мөлдектерін қосу қажет. Мысал үшін 5-суретте 9 нұсқасы бар танаптық тәжірибеде мөлдектердің екі қабатта орналасу сызбанұсқасы келтірілген.
Доспехов Б.А. пікірінше, тәжірибелік мөлдектерді латын квадраты және тік бұрышы әдісімен оранластыру, жер телімі топырағының құнарлылығының жүйелі түрде өзгеруінің, тәжірибе нәтижелеріне екі өзара перпендикулярлы бағыт бойынша әсер етуін жоюға мүмкіндік береді.
Тәжірибені салу техникасы: тік төрт бұрышты немесе тік бұрышты пішіндегі жер телімі тәжірибедегі нұсқалар санына сәйкес келетін, қатарлар мен бағаналар санына көлденең (горизонтальді) және тік (вертикальді) бағыттарда қағылады, сонымен қатар әр бір қатар немесе бағана тәжірибеде зерттеліп отырған барлық нұсқаларды қосады. Мөлдектердің пішіні ұзарған (созылған) болса, онда латын квадратының рендомизацияланған қайталымдардың алдында артықшылығы болмайды. Тәжірибені латын квадраты әдісімен салу бірқатар жағдайларды (тәртіпті) сақтауды талап етеді – тәжірибелік нұсқалардың саны қайталымдардың санына тең болуы тиіс, осыған орай мөлдектердің саны тәжірибенің нұсқаларының екі еселенген санына тең болады, мысалы, тәжірибеде бес нұсқа болған жағдайда мөлдектердің саны 5х5=25 тең, алты нұсқа болғанда 6х6=36 және т.б. Алты нұсқалы танаптық тәжірибенің латын квадраты әдісімен орналасу сызбанұсқасының бір нұсқасы 6-суретте келтірілген.
Тәжірибені латын квадраты әдісімен орналастырғанда әр бір қатардағы және бағанадағы тәжірибе нұсқалары мен қайталымдарының нөмірлері қайталанбайтыны есте ұстаған дұрыс. Мөлдектерді орналастырудың бұл әдісін зерттеудің барысында, нұсқаларының саны төрттен төмен квадраттарды салу тиімсіз екенін көрсетті, ал іс-тәжірибеде көбінесе 5х5, 6х6, 7х7 квадраттар қолданылады, сонымен қатар нұсқаларының саны 7-8 нұсқадан көп тәжірибелерді бұл әдіспен салу қиынға соғады, сондықтан бұндай жағдайда тәжірибені орналастырудың – латын тік бұрышы әдісін қолдануды ұсынады.
Латын тік бұрышы әдісінде нұсқалардың саны қайталымдардың санына еселенген болуы тиіс, мысалы, үш қайталымдық тәжірибеде 6,9,12,18 және т.б., төрт қайталымда – 8,12,16,24 және т.б., бес қайталымда – 10,15,20,25 және т.б., яғни нұсқалардың саны қайталымдардың санына қалдықсыз бөлінуі тиіс. Мөлдектер бойынша нұсқалар, әр бір қатарда және әр бір бағанада барлық нұсқалардың толық болуын қамтамасыз ететіндей есебімен рендомизацияланады.
Мөлдектерді ыдыратып (күрделі) орналастыру әдісі стационарлық тәжірибеде алғашқы нұсқаларды сақтай отырып, қосымша тәжірибелер тобын енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда салынатын көпфакторлы тәжірибелерді салу үшін қолданылады, мысалы, қосымша, тыңайтқыштардың мөлшерін, өсімдіктерді үстеме қоректендіруді, гербецидтерді және т.б. зерттеу. Бұндай тәжірибелерді бөлшектенген (күрделі) мөлдектері бар тәжірибелер деп атайды. Ыдыратылған мөлдектердің сызба нұсқасы – бір тәжірибенің мөлдектері басқалары үшін одақтас ретінде қолданылады, яғни белгілі бір тәжірибенің мөлдектеріне, технология элементтерінің басқа түрлері (қосымша) зерттеліп отырған тәжірибенің мөлдектері қосылады (салынады). Ірі мөлдектер бірінші тәжірибенікі (бірінші тәртіппен орналасқан тік және көлденең бағытта екінші тәртіппен орналасқан мөлдектерге шашырап орналасады), ал екінші тәртіптегі мөлдектер одан да ұсақ бөлшектерге бөлінеді. 8-суретте екі факторлы (1-2 нұсқалар) және үш факторлы (3-4 нұсқалар) тәжірибелер салғанда мөлдектердің ыдыратылу сызбанұсқасы келтірілген.
Бірінші (негізгі мөлдектер) және екінші (субмөлдектер) кезектегі мөлдектер бойынша тәжірибелерді рендомизация әдісімен орналастырады, сонымен қатар негізгі мөлдектердің нұсқалары әр бір қайталым бойынша өздігінен рендомизацияланады, екінші немесе кейінгі кезектердегі мөлдектердің нұсқалары әр уақытта қайтадан немесе әр бір негізгі мөлдектер және олардың топтары үшін, мысалы, бүтіндей қайталым үшін рендомизацияланады.
Араластыру әдісі. Қайталымдарының саны көп, көп нұсқалы тәжірибелерде негізгі факторларды салыстыруда дәлділік пен олардың өзара әсерлері біркелкі болмайды, сондықтан тәжірибе нұсқаларын орналастыру әдісі ретінде араластыру әдісі қолданылады, бұндай әдісте әрбір қайталымдағы нұсқалардың барлық әрекеттерін (комбинация) екі немесе оданда көп топтарға (одақтарға), топтардың арасындағы айырманы (айырмашылық) негізгі әсерлер мен екі фактордың арасындағы өзара әсерлерге қарағанда аз қызығушылық танытатын, жоғары деңгейде өзара қатынаста болатындай етіп бөледі.
Жер учаскесінде тәжірибе нұсқаларын орналастыру әдістерін – стандартты, жүйелі немесе рендомизациялық, қарастыруды қортындылай келе келесідей мәселеге баса назар аударған жөн: егер зерттеліп отырған факторлардың әсері (ықпалы) географиялық бейнелегенде қисық сызық пішінді болса, яғни қисық сызық фактор шамасының өсуіне байланысты жоғарылайды, немесе, мысалы, жылу режимі төмендегенде қисық сызық максимум дәрежеге жетеді, кейін төмендейді немесе теңеседі (тегістеледі), яғни фактордың – тыңайтқыш мөлшерінің жоғарылауы және т.б. өнімнің жоғарылауына әсер етпейді, сондықтан тәжірибе нұсқалары мөлдектер бойынша қандай әдіспен орналасса да, эксперименттің нәтижелерін аяқталған деп есептеу қажет. Мысал ретінде (сурет 9) судан шөбінің (жылу сүйгіш дақыл) өнім қалыптастыруына себу мерзімдерінің әсерін зерттеу нәтижелерінің мәліметтері келтірілген.
Судан шөбін әр түрлі себу мерзімдерінде сепкенде, яғни 10 мамырдан бастап сепкенде өнімі 55 ц/га-дан маусым айының бірінші онкүндігінде себілгенде 175 ц/га-ға дейін жоғарылады, сонымен қатар маусым айының бірінші онкүндігінің соңына қарай сеілгенде өнім деңгейі максимум деңгейге, яғни 200 ц/га-ға дейін жетті. Осыдан келіп келесідей қортынды жасауға болады: судан шөбі үшін ең оңтайлы себу мерзімі - маусым айының бірінші онкүндігі, ал оны кеш мерзімдерде сепкен сайын өнімі төмендей береді, сондықтан судан шөбінің анағұрлым кеш себу мерзімдерін зерттеудің қажеті жоқ, ал анағұрлым ерте себу мерзімдері судан шөбі үшін қолайсыз, себебі ерте көктемдегі температуралық режим өсімдіктің толық егін көгін алуға, өсіп-дамуына кері әсер етті.
Сондықтан, ерте көктемгі себу мерзімдері сияқты кеш себу мерзімдері де температураның қолайсыздығына байланысты өсімдіктердің толық егін көгін алуға, өсіп-дамуына кері әсерін тигізеді, нәтижесінде алынатын өнім көлемі төмендейді, ал ең қолайлы (оңтайлы) себу мерзімі – мамыр айының соңы – маусым айының басы.
Достарыңызбен бөлісу: |