Агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне-субсидиялар алуға талапкерлерге қойылатын технологиялық параметрлер



жүктеу 73.09 Kb.
Дата04.03.2016
өлшемі73.09 Kb.
Облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасының 2012 жылғы

11 наурыздағы № 25 бұйрығына

№ 1 қосымша


Агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне-субсидиялар алуға талапкерлерге

қойылатын технологиялық параметрлер
1. Асыл тұқымды мал зауыттары мен асыл тұқымды шаруашылықтарына-субсидиялар алуға талапкерлерге қойылатын технологиялық параметрлер

а) жоғары сыныптағы асыл тұқымды сиырларды ұстауға жұмсалынған шығындарын ішінара өтеуге:

1) Жыл бойына жоғары сыныптағы асыл тұқымды сиырларды кем дегенде 98,0 пайызға аман сақтау.

2) Шаруашылық малдардың жұқпалы аурулардан таза болуы:

а) шілде айының 1-не дейін мал фермалары мен оның аумағының тазартылуы және дезинфекциядан өткізілуі;

б) жоспарлы ветеринарлық-алдын алу шаралардың барлық түрі бойынша уақытылы және толық көлемде өткізілуі.

3) Әр жүз аналықтан алынатын төлдің көлемі

- сүт бағыты бойынша -75 бас бұзаудан;

- ет бағыты бойынша - 80 бас бұзаудан кем болмауы.

4) Жыл ішінде жоғары сыныптағы сиырлардың сүт бағыты -100% және ет бағыты -70% қолдан ұрықтандырылуы.

5) 2011 жылдың қортындысы бойынша әр сиырдан сауылып, алынған сүттің көлемі кем дегенде:

- қара ала сиыр тұқымы бойынша -3600 кг;

- даланың қызыл сиыр тұқымды бойынша -3400 кг болуы тиіс;

- голштин-фриз тұқымы бойынша малдар бірінші рет туатын қашар болғандықтан бірінші жарты жылдықта әр сиырдан сауылып, ал 2012 жылдың бірінші жарты жылдықта 2000 кг. кем болмауы тиіс.

6) Шаруашылықтағы асыл тұқымды малдардың сұрыптаудан өткізіліп, оның қортындысы туралы жиынтық ведомствосының тапсырылуы.

7) Етті бағыттағы сиырлардың бұзауларынан тәулігіне кем дегенде 700 граммнан үстеме салмақ алынуы.

б) асыл тұқымды қашарларды ұстауға және мақсатты бағытта өсіруге

жұмсалынған шығындарын ішінара өтеуге:

1) Асыл тұқымды қашарларды жыл бойына кем дегенде 97,0% аман сақтау;

2) Шаруашылық малдардың жұқпалы аурулардан таза болуы:

а) шілде айының 1-не дейін мал фермалары мен оның аумағының тазартылуы және дезинфекциядан өткізілуі;

б) жоспарлы ветеринарлық- алдын алу шаралардың барлық түрі бойынша уақытылы және толық көлемде өткізілуі;

3) Әр қашардан тәулігіне орташа мына көлемде үстеме салмақтың алынуы:

а) ірі қараның етті бағытындағы тұқымдар бойынша- 450-500 граммнан;

б) ірі қараның сүтті бағытындағы тұқымдар бойынша- 400-450 граммнан.

4) Шаруашылықтағы асыл тұқымды малдардың сұрыптаудан өткізіліп, оның қортындысы туралы жиынтық ведомствосының тапсырылуы.

в) жоғары сыныптағы асыл тұқымды саулықтарды ұстауға жұмсалынған шығындарын ішінара өтеуге:

1) Жыл бойына жоғары сыныптағы асыл тұқымды саулықтарды кем дегенде 98,0 пайызға аман сақтау.

2) Шаруашылық малдардың жұқпалы аурулардан таза болуы:

а) шілде айының 1-не дейін мал қоралары мен оның аумағының тазартылуы және дезинфекциядан өткізілуі;

б) жоспарлы ветеринарлық- алдын алу шаралардың барлық түрі бойынша уақытылы және толық көлемде өткізілуі;

3) Әр жүз аналықтан алынатын төлдің саны 85 бас қозыдан кем болмауы;

4) Шаруашылықтағы 1 бас саулыққа есептегендегі қырқылған (жуылмаған) жүннің салмағы 1 шілдедегі жайға,кг.:

а) биязылау жүнді бағыты бойынша -2,8;

б) қылшық жүнді бағыты бойынша -1,2;

в) ұян жүнді бағыты бойынша -1,4.

5) Шаруашылықтағы асыл тұқымды малдардың сұрыптаудан өткізіліп, оның қортындысы туралы жиынтық ведомствосының тапсырылуы.

г) жоғары сыныптағы асыл тұқымды биелерді ұстауға жұмсалынған шығындарын ішінара өтеуге:

1) Жыл бойына жоғары сыныптағы асыл тұқымды биелерді кем дегенде 98,0 пайызға аман сақтау;

2) Шаруашылық малдардың жұқпалы аурулардан таза болуы, яғни жоспарлы ветеринарлық- алдын алу шаралардың барлық түрі бойынша уақытылы және толық көлемде өткізілуі;

3) Әр жүз аналықтан алынатын төлдің саны 70 бас құлынан кем болмауы.

4) Шаруашылықтағы асыл тұқымды малдардың сұрыптаудан өткізіліп, оның қортындысы туралы жиынтық ведомствосының тапсырылуы.

д) жоғары сыныптағы асыл тұқымды інгендерді ұстауға жұмсалынған шығындарын ішінара өтеуге:

1) Жыл бойына жоғары сыныптағы асыл тұқымды інгендерді кем дегенде 98,0 пайызға аман сақтау;

2) Шаруашылық малдардың жұқпалы аурулардан таза болуы, яғни жоспарлы ветеринарлық- алдын алу шаралардың барлық түрі бойынша уақытылы және толық көлемде өткізілуі;

3) Әр жүз аналықтан алынатын төлдің саны 45 бас ботадан кем болмауы.

4) Шаруашылықтағы асыл тұқымды малдардың сұрыптаудан өткізіліп, оның қортындысы туралы жиынтық ведомствосының тапсырылуы.

е) жоғары сыныптағы асыл тұқымды мегежіндерді ұстауға жұмсалынған шығындарын ішінара өтеуге:

1) Жыл бойына жоғары сыныптағы асыл тұқымды мегежіндерді кем дегенде 98,0 пайызға аман сақтау;

2) Шаруашылық малдардың жұқпалы аурулардан таза болуы, яғни жоспарлы ветеринарлық- алдын алу шаралардың барлық түрі бойынша уақытылы және толық көлемде өткізілуі;

3) Бірінші жарты жылдық бойынша әр жүз аналықтан алынатын төлдің саны 1500 бас торайдан кем болмауы;

4) Аналық шошқалардың көп төлділігі 10 бастан кем болмауы;

5) Асыл тұқымды аналық шошқалардың сүттілігі 45 кг. кем болмауы;

6) Ұядағы 2 айлық торайлардың тірілей салмағы 160 кг. кем болмауы.

7) Шаруашылықтағы асыл тұқымды шошқалардың сұрыптаудан өткізіліп, оның қортындысы туралы жиынтық ведомствосының тапсырылуы.



2. Өз иелігіндегі малдарға дайындаған мал азығына (шөп, пішендеме және

сүрлем) жұмсалынған шығындарын ішінара өтеуге:

  1. 2012 жылдың 1 қазанына шаруашылықтағы мал басы шартты санмен 250-ден кем

болмауы;

2) Ауыл шаруашылығы құрлымындағы малдың саны жөніндегі аудандық статистика басқармасы растаған анықтама (тізімге ену үшін сұранымға қосымша тіркеледі);

3) Мал азығын дайындау жөніндегі шаруашылық басшысы қол қойып, мөр басқан есептері (тізімге ену үшін берілетін сұранымға қосымша тіркеледі);

4) Дайындалған мал азығы сапалы болуы.

5) Қыстатылатын орташа мал басын, сонымен қатар, оны шартты бірлікке аударып аңықтау жөніндегі есептері (тізімге ену үшін берілетін сұранымға қосымша тіркеледі).

Облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасының 2012 жылғы

11 наурыздағы № 25 бұйрығына

№ 2 қосымша
Субсидияларды төлеу үшін сұранылатын құжаттар тізбесі.
1. Асыл тұқымды мал зауыттары мен асыл тұқымды мал шаруашылықтарына

жоғары сыныптағы асыл тұқымды сиырларды, саулықтарды, биелерді, інгендерді, мегежіндерді және асыл тұқымды қашарларды ұстауға жұмсалынған шығындарын ішінара өтеу үшін субсидияларды төлеуге, олардан сұралынатын құжаттар.

1) Жыл басынан бастап асыл тұқымды малдардың формалар бойынша ай сайынғы есебі.

Оның ішінде:

а) асыл тұқымды малдардың жасы мен жынысы бойынша қозғалысы;

б) өндірілген мал өнімдерінің көлемі жөніндегі көрсеткіштері;

в) малдың өнімділігі жөніндегі көрсеткіштері;

г) асыл тұқымды малдардың аман сақталу көрсеткіштері.

2) Аудандық статистикалық бөлімі растаған жыл баснан бастап 1 шілдедегі жайға 24 а/ш нысанындағы мал басының және өндірілген өнім көлемінің және малдың өнімділігінің есебі;

3) Шаруашылықтың жұқпалы аурулардан тазалығы, мал фермалары мен қораларының тазалағандығы және дезинфекция жасалғандығы, жоспарлы ветеринариялық –алдын алу шараларының барлық түрінен уақытылы орындалғандығы жөніндегі құзырлы орын берген анықтама;

4) Асыл тұқымды малдардың әр басын ұстауға жұмсалынған шығындардың анықтама есебі және оған қоса іс-жүзіндегі өндіріс шығындарын растайтын құжаттар (кәсіпорын басшысы мен бас есепшісі қол қойып, мөрі басылған);

5) Асыл тұқымды малдардың санының болуын растаған анықтама-есебі (облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторы мен аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығының қолы қойылып, мөрі басылған);

6) Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жинақ ведомоствосы.



2. Жергілікті халықтың ірі қара малының аналығын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастырып, өткізгендері үшін субсидия төлеуге қажетті құжаттар:

  1. Аудандардағы қолдан ұрықтандыруды ұйымдастырушылар-жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшін:

- ауыл шаруашылығы бөлімімен қызмет көрсетуші арасындағы қызмет көрсетуге келісім-шарт;

- дистрибьютерлік орталықпен қызмет көрсетуші арасындағы асыл тұқымды өнімді (материалдар) сату- сатып алу келісім-шарты;

- төлем құжаттарының көшірмелері (жөнелту құжаттары, шот-фактуралар, кассалық-кіріс ордерлері, банктің төлем тапсырмалары);

- техник ұрықтандырушыны жұмысқа алған жағдайда (тұрақты немесе уақытша) бұйрықтың көшірмесі, ал жалдағанда қызмет көрсетуші мен тапсырушы арасындағы келісім-шарты;

- ауылдық округтер бойынша сиыр мен қашарлардың қолдан ұрықтандырылғаны және оған пайдаланылған бұқа ұрығы жөніндегі ай сайынғы қорытынды есебі мен оған тіркелетін әрбір пункт бойынша жорналдан үзінді;

- аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жинақ ведомствосы;



2) Аудандардағы қолдан ұрықтандыруды ұйымдастырушылар-дистрибьютерлік орталықтар үшін:

- ауыл шаруашылығы бөлімімен дистрибьютерлік орталық арасындағы қызмет көрсетуге келісім-шарт;

- төлем құжаттарының көшірмелері (жөнелту құжаттары, шот-фактуралар, кассалық-кіріс ордерлері, банктің төлем тапсырмалары);

- техник-ұрықтандырушыныны жұмысқа алған жағдайда (тұрақты немесе уақытша) бұйрықтың көшірмесі, ал жалдағанда қызмет көрсетуші мен тапсырушы арасындағы келісім-шарты;

- ауылдық округтер бойынша сиыр мен қашарлардың қолдан ұрықтандырылғаны және оған пайдаланылған бұқа ұрығы жөніндегі ай сайынғы қорытынды есебі мен оған тіркелетін әрбір пункт бойынша жорналдан үзінді;

- аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жинақ ведомствосы.

3. Агроөнеркәсіп құрылымдарына өз иелігіндегі малдарға дайындаған мал азығы (шөп, пішендеме және сүрлем) жөніндегі субсидияларды төлеуге, олардан сұралынатын құжаттар.

1) Шаруашылықтың өз малына дайындалған мал азығының қабылданғаны жөніндегі аудандық комиссиясының актісі және оның тиісті адамдардың жауапкершілігіне бекітілгені жөніндегі актісі.

2) Дайындалған мал азығының сапасын растайтын құжаты.

3) Қазан айының 1-не шаруашылықтағы малдың саны жөніндегі аудандық статистикалық бөлім немесе ауылдық округ әкімінің берген анықтамасы.

4) 2012 жылы дайындалып 1 қазаңға дейін мал бордақылауға (семіртуге) және сүт өндіруге жұмсалынған мал азығын (шөп және сүрлем) растайтын құжаттар (нормаланған мал азығын алуға арналған карта, азықтандыруға жұмсалынған мал азығын есептен шығару үшін комиссияның жасаған актісі), сонымен қатар, сол уақыттағы алынған өнімінің көлемі мен өнімділік көрсеткіштері жөніндегі шаруашылықтың анықтамасы.

5) Қыстатылатын орташа мал басын анықтау жөніндегі шаруашылық басшысы қол қойған және оны аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы бекіткен есептері.



6) Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жинақ ведомствосы.
Мал шаруашылығы бөлімінің

бастығы П.Бимұратов


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет