Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидалары



Дата04.07.2016
өлшемі193.95 Kb.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

20 жылғы « 29 » сәуірдегі



№ 421 қаулысымен бекітілген

Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша

субсидиялау қағидалары

1. Жалпы ережелер


  1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы
    8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салынымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) субъектісі жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру (инвестициялық субсидиялар) тәртібін айқындайды.

  2. Инвестициялық салынымдар кезінде АӨК субъектілері жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялаудың негізгі мақсаты капитал сыйымдылығын төмендету және салынған инвестициялардың өтемділігін арттыру жолымен АӨК-тің басымды бағыттарында (секторларында) инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.



2. Терминдер мен анықтамалар


  1. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

  1. АӨК-тің басымды бағыттары (секторлары) – осы Қағидаларға
    1-қосымшада көрсетілген едәуір даму әлеуеті бар АӨК бағыттары;

  2. бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;

  3. жұмыс органы – облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармасы;

  4. инвестор – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес АӨК-тің басымды бағыттарында (секторларында) инвестициялық салынымдарды жүзеге асыратын АӨК субъектісі;

  5. инвестициялық жоба – жаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешені;

  6. инвестициялық субсидиялар – инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде инвесторлар жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру;

  7. инвестициялық салыным – инвестициялық жоба шеңберінде жаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге, оның ішінде техника мен жабдықтар сатып алуға бағытталған шығындар;

  8. инвестициялық субсидиялау шарты – жұмыс органы, инвестор және оператор арасында жасалатын, инвестициялық субсидиялардың қаражатын аударудың, мониторинг барысының тәртібі мен шарттарын, тараптардың жауапкершілігін және өзге де шарттарды көздейтін жазбаша келісім;

  9. жобаның паспорты – осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген инвестициялық субсидиялауға жататын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түріндегі инвестициялық салынымдардың тізбесі және барынша рұқсат етілген құны;

  10. комиссия – инвесторлардың өтініштерін қарау және инвестициялық субсидияларды ұсыну/ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін тұрақты әрекет ететін алқалы орган;

  11. қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер, банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар, лизингтік компаниялар, кредиттік серіктестіктер;

  12. оператор – «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы;

  13. эскроу шоты – осы Қағидалардың 33, 34-тармақтарына сәйкес инвестициялық субсидиялау шартының талаптарын қамтамасыз ету үшін инвестициялық субсидиялардың сомалары аударылатын инвестордың қаржы институтындағы шоты.



3. Инвестициялық субсидиялаудың жалпы шарттары


  1. Инвестициялық субсидиялар инвесторларға осы Қағидаларға
    1-қосымшада көрсетілген
    басым бағыттар (секторлар) тізбесі бойынша,
    2014 жылғы 1 қаңтардан бастап инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген объектілер, сатып алынған техника мен жабдықтар бойынша төленеді.

Бұл ретте, тиісті күнтізбелік жылдың 1 шілдесіне дейін осы Қағидаларға
1-қосымшаға сәйкес бірінші топтың бағыттары (секторлары) бойынша инвестициялық субсидиялар ұсынуға арналған инвесторлардың өтініштері қаралады. Бірінші топ ішінде бірінші кезекте басымдылық тәртібімен осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген кезектілік бойынша инвесторлардың өтініштері қаралады.

Тиісті күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кейін екінші топтың бағыттары бойынша инвесторлардың өтініштері қаралады. Бұл ретте, инвесторлардың өтініштері басымдылық тобына қарамастан, осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген кезектілік тәртібінде қаралады.



  1. Тізбесі және барынша рұқсат етілген құны осы Қағидаларға

2-қосымшаға сәйкес жобалардың паспорттарында көрсетілген тауарлар, жұмыстар және көрсетілген қызметтерге салынған инвестициялық салынымдардың бір бөлігі өтеуге жатады.

Әрбір инвестициялық жоба бойынша инвестициялық субсидия көлемі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жобалардың паспорттарында көрсетілген нақты жүргізілген инвестициялық салыным сомаларының үлесі түрінде айқындалады.

Егер инвестор мәлімдеген инвестициялық салыным құны жобаның паспортында көрсетілген инвестициялық салынымның барынша рұқсат етілген құнынан асып кеткен жағдайда, инвестициялық субсидияның есебі жобаның паспортында көрсетілген барынша рұқсат етілген құн бойынша жүргізіледі.



  1. Инвестициялық субсидиялар инвестордың жаңа, бұрын пайдаланылмаған техника мен жабдықтарды сатып алуға арналған инвестициялық салынымдары бойынша төленеді.

  2. Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау тиісті қаржы жылына арналған облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер ретінде республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.

Егер инвесторлар мәлімдеген субсидиялар көлемі бөлінген субсидиялар көлемінен артып кеткен жағдайда, өтінімдер осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген бағыттардың (секторлардың) басымдылықтарының кемуі тәртібінде қанағаттандырылады.

  1. Инвестициялық субсидиялар осы тармақта, сондай-ақ осы Қағидалардың 33-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, инвестициялық жобаның шеңберінде жаңа өндірістік қуаттарды пайдалануға бергеннен немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейткеннен, техника мен жабдықтарды сатып алғаннан кейін толық көлемде төленеді.

Инвестициялық субсидияларды жаңа өндірістік қуаттар құрған кезде жобалау-сметалық құжаттамаға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейткен кезде бизнес-жоспарға сәйкес инвестициялық жобаның кезегін (кезеңін) пайдалануға бергеннен кейін төлеуге жол беріледі.

Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес басымды бағыттар (секторлар) тізбесінің 11-17-тармақтарында көзделген қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту бағыттары бойынша жаңа өндірістік қуаттар құруға арналған инвестициялық субсидиялар екі траншпен:

1) бірінші транш объектіні пайдалануға бергеннен кейін инвестициялық субсидиялардың жалпы сомасының 50 %-ы мөлшерінде;

2) екінші транш бизнес-жоспарда көзделген мерзімде, өндірістік қуаттар жүктемесі кемінде 50 %-ға жеткеннен кейін инвестициялық субсидиялардың жалпы сомасының 50 %-ы мөлшерінде төленеді.

4. Инвестициялық субсидиялау мәселелері бойынша

комиссия құру тәртібі


  1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы Қағидалардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он бес жұмыс күні ішінде өз шешімімен облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасарларының төрағалығымен инвестициялық субсидиялау мәселелері жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – комиссия) құрады.

Комиссия тұрақты негізде қызмет етеді және төрағадан, оның орынбасарынан, жергілікті атқарушы органдардың және өзге мүдделі облыстық/қалалық басқармалардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың (келісім бойынша) өкілдері болып табылатын мүшелерден және хатшыдан тұрады.

Бұл ретте, комиссияның сандық құрамы тақ болуы және жеті адамнан кем болмауы тиіс, комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.



Егер комиссия отырысына мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, комиссияның отырысы заңды болып есептеледі.

Ауыл шаруашылығы басқармасы комиссияның жұмыс органы болып табылады.



5. Инвестициялық субсидиялауға қатысушылардың

өзара іс-қимыл жасасу тәртібі


  1. Жұмыс органы мен оператор арасындағы өзара іс-қимылды реттеу үшін жыл сайын тиісті жылдың 25 қаңтарына дейін (2014 жылы – осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде) оператордың көрсетілген қызметтеріне төлемақы сомаларын көрсете отырып, оператордың көрсетілген қызметтер ұсыну тәртібін, шарттарын, сондай-ақ тараптардың жауапкершілігін және өзге де шарттарды көздейтін инвестициялық субсидиялау бойынша оператордың қызметтерін көрсету жөніндегі шарт (бұдан әрі – қызметтер көрсету жөніндегі шарт) жасалады.

  2. Оператордың көрсетілетін қызметтері қызметтер көрсету жөніндегі жасалған шартқа сәйкес тиісті қаржы жылына арналған инвестициялық салынымдар кезінде АӨК субъектісі жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялауға көзделген қаражат шеңберінде төленеді.

  3. Оператор қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін
    3 (үш) жұмыс күні ішінде
    облыс/қала аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында және облыстық/қалалық әкімдіктің интернет-ресурсына мемлекеттік және орыс тілдерінде инвестициялық субсидиялау үшін оператордың инвесторлардан өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру орналастырады.

  4. Пайдалануға берілмеген инвестициялық жобалар бойынша инвесторлардың өтінімін комиссия екі кезеңде қарайды.

Бірінші кезеңде комиссия инвестордың осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.

  1. Инвесторлар мынадай құжаттарды қалыптастырады және операторға жібереді:

    1. инвестордың уәкілетті адамы немесе қол қою құқығына сенімхаты бар адам қол қойған және мөрмен бекітілген, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялауға өтінім;

2) АӨК субъектісін мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі немесе әділет органдарынан мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;

3) бизнес-жоспарды қоса бере отырып, жаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салынымдар және оларды іске асыру мерзімдері туралы ақпарат;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар жобалардың жобалау-сметалық құжаттамасы немесе ғимараттар және құрылыстар салуға арналған инвестициялар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме, немесе ұлғайтылған сметалық есеп (егер инвестициялық паспортта құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша шығындарды өтеу көзделсе);

5) қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен инвестициялық салынымдар жүзеге асырылған жағдайда, кредиттік/лизингтік шарттардың қаржы институты растаған көшірмелері.



Егер инвестициялық жоба пайдалануға берілген, сондай-ақ инвестициялық жоба шеңберінде техника мен жабдықтар сатып алынған жағдайда, инвестор сондай-ақ осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

  1. Оператор өтінімдерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналында инвестициялық бағыттардың топтары бойынша тіркейді. Журнал нөмірленеді, тігіледі және жұмыс органының мөрімен бекітіледі.

  2. Оператор инвесторлардан өтінімдер болған кезде 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде инвесторлар ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және комиссияның отырысын шақыру туралы жазбаша хабарламаны оның мүшелеріне жібереді. Комиссияның отырысын өткізу орнын, уақытын және күнін оператор комиссия төрағасымен келісім бойынша айқындайды.

  3. Комиссия отырысын шақыру туралы хабарламаға электрондық жеткізгіштерде мынадай материалдар қоса беріледі:

1) осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген құжаттар;

2) жобаның инвестициялық субсидиялауға сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы ұсыным.

  1. Инвестордың өтінімін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді комиссия оның мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылдайды және хаттама түрінде ресімдейді.

Хаттаманы оператор тиісті хаттамаларды тіркеу журналында тіркейді. Журнал нөмірленеді, тігіледі және жұмыс органының мөрімен бекітіледі.

  1. Инвесторлардың пайдалануға берілген инвестициялық жобалар бойынша, сондай-ақ сатып алынған техника мен жабдықтар бойынша өтінімдері комиссияның бір отырысында қаралады.

  2. Жаңа өндірістік қуаттар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту және объектіні немесе инвестициялық жобаның кезегін (кезеңін) пайдалануға беру немесе техника мен жабдықтарды сатып алу бойынша барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін инвестор комиссия қарауының екінші кезеңіне мынадай растайтын және құқық белгілейтін құжаттарды ұсынады:

1) объектіні немесе инвестициялық жобаның кезегін (кезеңін) пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау не қабылдау комиссиясы актісінің нотариалды расталған көшірмесі;

2) сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықтарды пайдалануға беру актісінің оператор растаған көшірмесі;

3) жаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салынымдарды растайтын сатып алу-сату шарттарының, шот-фактуралардың оператор растаған көшірмесі;

4) ауылшаруашылық, арнайы техниканы және технологиялық жабдықтарды қабылдап алу-беру актілерінің оператор растаған көшірмесі;

5) ауылшаруашылық техникасын сатып алған кезде құқық белгілейтін құжаттардың (көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, техникалық паспорт) оператор растаған көшірмесі ұсынылады;

6) бизнес-жоспарда көзделген мерзімде өндірістік қуаттардың жүктемесі кемінде 50 %-ға жеткеннен кейін осы Қағидалардың 8-тармағының


2) тармақшасына сәйкес инвестор растайтын құжаттарды (статистикалық есептілік, бизнес-жоспар, өндірілген өнім түрлері бойынша өткізуді заттай және құндық мәнде растайтын құжаттардың оператор растаған көшірмелері, өндірістік қуаттардың жүктемесіне жеткендігі туралы жұмыс органы мониторингінің актісі) ұсынады.

  1. Комиссия жұмыс органының мамандар тобын инвестордың объектісін байқап қарау және өндірістік қуаттардың жүктемелеріне жеткендігіне көз жеткізу үшін жібереді. Байқап қарау нәтижесі актімен ресімделеді.

  2. Инвесторлардан объектінің пайдалануға берілгенін растайтын құжаттарды алуына қарай оператор осы Қағидалардың 20, 21-тармақтарында көзделген құжаттарды электрондық жеткізгіште қоса бере отырып, комиссия отырысының екінші кезеңін ұйымдастырады.

  3. Инвесторлардың өтінімдерін жан-жақты қарау үшін, сондай-ақ даулы мәселелер болған кезде комиссия қосымша құжаттар сұратады және операторға тәуелсіз сарапшыларды тартуға тапсырма береді. Бұл шарт оператордың қызметтерін көрсету жөніндегі шартта көзделген қаражат шеңберінде орындалады.

Қажет болған жағдайда, инвестордың өтінімінде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында комиссия инвестордан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратады.

  1. Комиссия екінші кезеңде инвесторға инвестициялық субсидия ұсыну немесе ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

  2. Комиссияның хаттамалық шешімі:

  1. мақұлданған/бас тартылған инвесторлардың атаулы тізбесін, бас тарту себептерін (бас тартылған жағдайда);

  2. әрбір инвестор үшін инвестициялық жоба бойынша инвестициялық субсидиялар сомаларын қамтуы тиіс.

  1. Комиссия хатшысының қолы қойылған және жұмыс органының мөрімен расталған комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме хаттамаға комиссия мүшелері қол қойғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде инвесторларға жіберіледі.



6. Инвесторға инвестициялық субсидияларды ұсыну тәртібі


  1. Инвестициялық субсидияны ұсыну жұмыс органы, оператор және инвестор арасындағы үш жақты шартқа (бұдан әрі – инвестициялық субсидиялау шарты) сәйкес жүзеге асырылады.

  2. Инвестициялық субсидиялау шарты комиссияның шешімі негізінде жасалады және инвесторға қаражатты аударудың тәртібі мен шарттарын, инвестордың (объектінің) қызметіне оператордың мониторинг жүргізу шарттарын, тараптардың жауапкершілігі мен өзге де шарттарды көздейді.

  3. Инвестициялық субсидиялау шартынан басқа жұмыс органы, оператор және инвестор арасында субсидиялау сәтінен бастап 3 (үш) жыл ішінде сатып алынған жабдықтарды, техниканы мақсатты пайдалану және иеліктен шығармау туралы келісім (бұдан әрі – мақсатты пайдалану туралы келісім) жасалады. Маусымдық жұмыссыз тұру жағдайында жабдықтар мен техникаларды басқа қызмет түрлеріне пайдалануға жол беріледі.

  4. Инвестициялық субсидиялау шарты мен мақсатты пайдалану туралы келісімге қол қою тәртібі:

1) оператор мен инвестор арасында комиссия шешім қабылдаған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

2) жұмыс органы – оператордан инвестициялық субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.



  1. Оператор инвестициялық субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыс органына әрбір инвестор бойынша ивестициялық субсидияларды аудару туралы ұсыныс енгізеді.

  2. Инвестор меншікті қаражатын пайдаланған жағдайда, инвестициялық субсидиялар сомасы оның есептік шотына аударылады, ал жобаны тартылған қаражат есебінен іске асырған жағдайда, инвестициялық субсидиялар инвестормен келісім бойынша инвестордың негізгі борышын өтеу есебіне қаржы институтына аударылуы мүмкін.

  3. Инвестор жабдықтарды/техниканы кредитке/лизингке сатып алған жағдайда, инвестициялық субсидияларды мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру:

1) етті бағыттағы ірі қара мал өсіру бойынша шаруа және фермерлік қожалықтардың техника мен жабдықтар сатып алуы;

2) 50 сиырдан басталатын сүтті-тауарлы ферманы салу/кеңейту;

3) 100 сиырдан басталатын сүтті-тауарлы ферманы салу/кеңейту;

4) 200 сиырдан басталатын сүтті-тауарлы ферманы салу/кеңейту шеңберіндегі инвестордың өтінімін (бірінші кезеңдегі) мақұлдау туралы комиссияның шешімі негізінде қаржы институтының эскроу шотына аванстық төлеммен аударуға жол беріледі.

Аталған қаражат инвестициялық жобаны қаржыландыру/техниканы және/немесе жабдықтарды лизингке беру туралы қаржы институтының кредиттік комитетінің шешімі болған кезде аударылады, оның расталған көшірмесі жұмыс органына ұсынылады.


  1. Инвестициялық субсидияларды эскроу шотына алу үшін инвестор осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге қосымша қаржы институтының кредиттік комитетінің оң шешімінің расталған көшірмесін, қаржы институтымен жасалған кредиттік шартты/лизингтік шартты, инвестициялық жоба аяқталғанға дейін және инвестициялық субсидияларды төлеу туралы комиссияның екінші кезеңдегі оң шешімін алғанға дейін қаржы институтының эскроу шоттағы ақшаны пайдаланбауы туралы жұмыс органы, қаржы институты және инвестор арасындағы үш жақты шарт жобасын ұсынады. Аталған үш жақты шарт комиссияның бірінші кезеңдегі оң шешімін алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс органы, қаржы институты және инвестор арасында жасалады.

Эскроу шотты инвестор қаржы институтында ашады, егер қаржы институтының банктік шоттарды ашуға және жүргізуге құқығы болмаса, эскроу шотты инвестор екінші деңгейдегі банкте ашады.

Бұл ретте, қаржы институты инвестор инвестициялық жобаны іске асыруды аяқтағанға дейін эскроу шоттағы ақшаны пайдалана алмайды.

35. Қаржы институты эскроу шотқа қаражат алған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кредиттік шартпен көзделген қаражатты инвестордың шотына аударады және жұмыс органына растайтын құжаттарды ұсынады. Техниканы және/немесе жабдықтарды лизингке беру арқылы инвесторды қаржыландырған жағдайда, қаржы институты лизинг нысаналарын сатушыға лизинг нысаналарына төлемді растайтын құжаттарды ұсынады.

Егер қаржы институты осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шарттарды орындамаған жағдайда, онда қаржы институты 3 (үш) жұмыс күні ішінде эскроу шотқа жүзеге асырылған кассалық шығыстарды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының шотына қалпына келтіреді.

Эскроу шотқа аударылған қаражатты қаржы институты инвестициялық субсидияны инвесторға ұсыну туралы комиссияның (екінші кезеңнің) оң хаттамалық шешімі негізінде инвестициялық жоба шеңберінде жабдықтар мен техниканы сатып алуға пайдаланылған кредит/лизинг бойынша инвестордың негізгі борышын өтеу есебіне есептейді.

7. Субсидиялаудың қосымша шарттары


  1. Инвестициялық субсидиялау басқа мемлекеттік қолдау шараларымен біріктірілуі мүмкін.

  2. Инвестициялық субсидиялар оларға қатысты тарату, оңалту немесе банкроттық рәсімдері басталған, сондай-ақ жеделдетілген оңалту рәсімдерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметтері уақытша тоқтатылған инвесторларға ұсынылмайды.



8. Субсидиялауды тоқтату тәртібі


  1. Жұмыс органы мониторинг және комиссияның тиісті шешімі негізінде өндіріс объектісі пайдалануға берілген сәттен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде әрекет етпеген немесе объекті бизнес-жоспарда көзделген мерзімде кемінде 50 % мөлшерінде жобалық қуаттылыққа шықпаған жағдайда, инвестициялық субсидиялауды тоқтатады.

  2. Оператор инвестициялық субсидиялауды тоқтату туралы комиссияның шешімі қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданған шешімнің себептерін көрсете отырып, инвесторды хатпен хабардар етеді.



9. Инвестициялық субсидиялаудың мониторингі


  1. Инвестициялық субсидиялау мониторингін жұмыс органы жүзеге асырады:

1) инвестициялық субсидиялау объектісінің пайдалануға берілген сәттен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде әрекет етуі/әрекет етпеуі;

2) инвестициялық субсидиялау объектісінің бизнес-жоспарда көзделген мерзімде кемінде 50 % мөлшерінде жобалық қуаттылыққа шығуға қол жеткізуі/қол жеткізбеуі.

Жұмыс органы ай сайын келіп түскен ақпаратты талдайды және қажет болған жағдайда инвесторға қатысты инвестициялық субсидиялауды тоқтату жөніндегі мәселелерді комиссияның қарауына шығарады.

Жұмыс органы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей әкімшіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АӨК субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыруға арналған субсидияларды игеру туралы есепті ұсынады.



  1. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін жұмыс органы инвестордан барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратады.



10. Хабарламалар


  1. Осы Қағидалар шеңберінде талап етілетін немесе жасалатын хабарламалар, хабарлар, хаттар немесе сұрау салулар жазбаша нысанда ұсынылады.

  2. Инвестициялық субсидиялау мониторингі шеңберінде көзделген есептілік сондай-ақ инвестордың құжаттардың түпнұсқасын операторға кейіннен беруімен, электрондық поштаның жіберудің табысты аяқталғаны туралы растауы болуы шартымен жіберілген күні - қол қойылған материалдарды электрондық пошта арқылы жіберу арқылы ұсынылады.

_____________________





Каталог: upload -> files
files -> Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы
files -> Жаңақорған ауданы мәдениет саласының 2012 жылы атқарған жұмыстары жайлы мәлімет
files -> І. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құжаттар
files -> 2013 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп
files -> «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы»
files -> Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар мен сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайларды белгілеу туралы
files -> 2013 жылдың 1 қыркүйегіне Жаңақорған ауданы бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет