Бақылау сұрақтары
1. Механикалық элементтер қалай сипатталады және олардың топырақтары құрам мен қасиеттер бойынша немен ерекшеленеді?
2. Механикалық құрам деп нені айтамыз және механикалық құрам бойынша топырақ пен жыныстардың классификациялау принциптерінің құрылуы қандай?
3. Топырақ түзуші жыныстардың гранулометриялық құрамы топырақ түзуге қандай ықпал жасайды?
4. Топырақтардың механикалық құрамы (жеңіл, орташа, ауыр) олардың агрономиялық қасиеттерге қалай әсер етеді?
5. Неге механикалық құрамы бірдей топырақтар әртүрлі зоналарда агрономиялық бағасы әртүрлі?
Әдебиет [1], [4], [8].
5 Тақырып. Гумус қышқылдарының қасиеттері
Жұмыстың мақсаты - гумус қышқылдарының қасиеттерімен танысу мен оларды топырақ фракциялардан айыру.
Тапсырма: гумус және фульвоқышқылдарының қасиеттерін, олардың қосылыстарын және топыраққа әсер ету ерекшеліктерін зерттеу.
Құрал-жабдықтары: топырақ үлгілері (қарашірінді, қоңыр, торфты), 250 мл-ге колбалар, құйғыштар, сүзгіштер, пробиркалар, пробиркаларға арналған штатив, спирт шамы, балауыз қарындашы, HCl-дың 10%-ті ерітіндісі, NaOH (ыстық ерітінді), дистиллденген сугуминді қышқыл.
Қауіпсіздік ережелері: зертханалық жұмысты ағын суы бар зертханада өткізу қажет.
Гумус - топырақтың ағзаларға тән анатомиялық белгілерді толығымен жоғалтқан органикалық заттың негізгі бөлігі. Заттардың 2 үлкен топқа бөлінеді: ерекше емес органикалық қосылыстар және ерекше гумусты қосылыстар.
Фульвоқышқылдар - гумусты қосылыстардың ең көп еритін тобы. Оның қозғалғыштығы жоғары және барлық гумусты заттардың орташа өлшенген молекулалық массаға қарағанда молекулалық массалары өте аз болады. Гумусты заттардың басқа топтарға қарағанда көміртегінің құрамы өте аз болады. Фульвоқышқылдардың бояуы басқа топтардың заттарына қарағанда ақшылдау болады. Күлгін, сұр, қызыл және кейбір тропиктік топырақтарда мол болады.
Гуминді қышқылдар - минералды мен органикалық қышқылдарда ерімейтін гумусты қосылыстардың тобы. Орташа есеппен молекулалық массалары жоғарылау, көміртегінің құрамы молырақ (62%-ке дейін), қышқылдық қасиеттері аса байқалмайды. Қара, қоңыр топырақтарда мол, кейде сұр орман және дерноподзол.
Гумин - гумустың экстрагирдебейтін бөлігі. Қосылыстардың 2 типімен анықталады: балшықты минералдармен (балшықты гумусты гумин) берік байланысқан гумусты заттар; анатомиялық құрылысын жоғалтқан және ең тұрақты компоненттермен байытылған жартылай ыдыраған өсімдіктердің қалдықтары.
Тәжірибе 1. Гумус қышқылдарының суда ерігіштігі.
Жұмыс барысы: қара, қоңыр және торфты топырақтың бір өлшемін бөлек колбаларға салу керек. Дистиллденген судың 5 есе мөлшерін құйып, 5 мин. ішінде шайқап, сүзу керек. Одан сон бояуды анықтап, коагуляцияға қабілеті мен мөлдірлігін анықтап, жұмыс нәтижелерін кестеге түсіру қажет.
1- кесте - Гумус қышқылдарының суда ерігіштігі
Топырақ
|
Горизонт
|
Сулы сорғыш
|
Коагуляция
|
Ерітіндіде қандай гумусты қышқылдар бар
|
Бояуы
|
Мөлдірлігі
|
қоңыр А
|
қарашірінді А
|
Батпақты Ат
|
Тәжірибе 2. Гумус қышқылдарының сілтілерде ерігіштігі.
Жұмыс барысы: қара, қоңыр және торфты топырақтың бір өлшемін бөлек колбаларға салу. Әрбір колбаға сілтінің ыстық ерітіндінің 5 есе мөлшерін құйып, 5 мин. ішінде шайқап, сүзу керек. Көргеннен кейін түсін және коагуляцияға қабілетін анықтау.
Коагуляцияға қабілетін анықтау.
Пробиркаға сүзгіштің 1/3 бөлігін құйып, оған HCl-дың 10%-ті ерітіндісін (пробирканың ортасына дейін) құйып шайқап қоя тұру қажет. Мақта тәрізді тұнбаның бар болуы коагуляцияның өткенін көрсетеді: «++» - күшті, «+» - әлсіз, «-» - жоқ. Егер тұңба болмаса, ерітіндіні спирт шамында қыздыр. Жұмыстың нәтижелерін төмендегі 2 кестеге түсіру керек.
2 -кесте - Гумус қышқылдарының сілтілерде ерігіштігі
Топырақ
|
Горизонт
|
Сілтілі сорғыш
|
Ерітіндіде қандай гумусты қышқылдар ең көп кездеседі
|
бояуы
|
коагуляцияның дәрежесі
|
коагуляцияға дейінгі
|
тұнбада
|
коагуляциядан кейін
|
қоңыр А
|
қарашірінді А
|
Батпақты Ат
|
Бақылау сұрақтары
1. Гумусты қосылыстардың суда, қышқылда және сілтілерде ерігіштігін салыстыр.
2. Топырақтарда қандай гумусты қышқылдар және қай формада жиналады?
3. Топырақтан қандай гумусты қышқылдар және оның қосылыстары шайылады?
4. Қандай жағдайларда (ортаның реакциясы) гумусты қосылыстар топырақтан шайылады, онда жиналады?
5. Гуминды қышқылдар және оның қосылыстары топырақтың қасиеттеріне қалай әсер етеді?
6. Фульвоқышқылдар және оның қосылыстары топырақтың қасиеттеріне қалай әсер етеді?
Әдебиет [1], [4], [8].
6 Тақырып. Топырақтың сіңіру қасиеті
Жұмыстың мақсаты - топырақтың сіңіру қасиетінің түрлерімен танысу.
Тапсырма: әрбір тәжірибеде сіңіру қасиетінің түрін анықтау. Өз тұжырымдарын дәлелдеу.
Құрал-жабдықтар: құйғыштар, 250 мл-ге колбалар, пробиркалар, пробиркаларға арналған штатив, қиыршық тас, құм, ұсақталған қарашірінді, саздақ.
Ерітінділер - қарашіріндінің суспензиясы, сиялар, фенолфталеин, NaOH, KCl, (NH4)2C2O4, BaCl2, (NH4)2CO3.
Топырақтың қатты фазамен жанасатын қатты, сұйық және газ тәрізді заттарды сіңіру қасиеті топырақтың сіңіру қабілеті деп аталады.
Топырақтың сіңіру қабілеті әртүрлі себептермен анықталады. Сіңіруді анықтайтын себептерге байланысты К.К. Гедройц топырақтың сіңіру қабілетінің келесі типтерін көрсеткен.
Механикалық сіңіру қабілеті - сүзгілеу кезінде анықталады, бұл кезде беттік сулардағы ірі бөлшектер (балшықты және құмды) топырақ саңылаулар мен капиллярларда ұсталып қалады. Грунт пен топырақтың механикалық сіңіру қабілеті механикалық қоспасының мөлшері көптігінен көмескі болатын беткі сулардан түзілетін бұлақты ыза сулардың тазалығын қамтамасыз етеді. Механикалық сіңіру қабілеті суды тазартатын жасанды сүзгілерді жасағанда қолданады. Механикалық сініру қасиеті суды тазартатын жасанды фильтірлерде қолданылады.
Молекулярлы-сорбционды немесе физикалық сіңіру қасиеті деп коллоидты бетіндегі әр түрлі заттардың молекуларының концентрацияның артуы деп түсінеміз. Қатты топырақ бөлшектердің бетіне жеке молекулалар тартылуы нәтижесінде сыртқы энергияның пайда болуын ескертуге болады. Мысалы,топыраққа көң сұйығының өтуі, қөң сұйығына органиқалық қосылыстардың молекулары сіңеді, себебі жіңішке бөлшектер бетіне тартылады.Сорбирланған молекулары қатты бөлшектер құрамына кірмейді. Тек қана олардың бетінде концентрацияланады.
Ионды-сорбционды, немесе физика-химиялық (алмасу) сіңіру қасиетін қорыта келгенде иондардың алмасуы, адсорбты топырақтың, топырақ ерітіндінің иондарына. Топырақтың жоғары дисперсионды салмағы мен топырақ ерітінді арасында қозғалмалы тепе-теңдік бар. Топырақ ерітіндінің құрамындағы өзгерістер сіңіру иондардың құрамының өзгеруіне ықпалын тигізеді. Ионды топырақ алмасуда катиондардың маңызы өте зор.
Химиялық сіңіру қасиеті топырақтағы мәні топырақ ерітіндінің жекеленген компонеттері мен нашар еритін тұнбалардың пайда болады. Осындай жағдайда жаңа қатты кезең пайда болады. Осы сіңіру қасиетінің түріне топырақтағы иондардың қатысуымен топырақ бөлшектердің беттерінде тұнбаның пайда болуы жатады
Топырақтың биологиялық жолмен заттарды сіңіруі өсімдік тамырларына байланысты.
Топырақ ерітіндінің құрамын және концентрациясын өзгерсек, көптеген сорбционды тепе-теңдікке әсер етуі мүмкін.Олар топырақта жинақталады және сорбционды топырақ жиынтығына байланысты.
Тәжірибе 1.
Жұмыс барысы: екі колбаға бір өлшеммен қарашіріндіні (А горизонтынан)салыңыз. Бірінші колбаға 3-ретті HO мөлшері, екіншісіне 3-рет KCI мөлшерін құйыңыз. 3 мин бойы шайқаңыз. Қағаз фильтрлері арқылы фильтрлеңіз. Cа фильтрде болуын анықтаңыз. Ол үшін фильтраттарды пробиркаға құйыңыз. Ca бар болса нашар еритін тұз CaCO пайда болады. Ол ақ тұнба түрінде түседі.
Жұмыстың нәтижелерін 1 кестеге жазыңыз. Көрген құбылыс немен байланысты екенін түсіндіріп, талдау жасаңыз.
1- кесте- Топырақтың сіңіру қасиетінің түрлері
Сорғыш
|
Фильтрат
(бар, жоқ)
|
Топырақта өтетін реакциялар
|
Сіңіру қасиетінің түрі
|
Сулы
|
|
KCI
|
|
Тәжірибе 2.
Жұмыс барысы: қағаз фильтрлі түтікшеге (1/3 түтікше) қарашіріндіні енгізіңіз. Топыраққа тамшылатып баяу (NH)CO ерітіндісін құйыңыз. Екі пробирка алыңыз. Біреуіне (NH)CO ерітінді реактивін құйыңыздар, екіншісіне фильтрат ерітінділерде СО болуын анықтаңыз, ол үшін әрбір пробиркаға ВаСI ерітіндісін ұйыңыз. Нәтижелерін 2 кестеге жазыңыз. Сіңіру қасиеттің түрін аңықтаңыз. Қорытындыны дәлелдеңіз.
2- кесте - Топырақтың сіңіру қасиетінің түрлері
(NH)СО ерітіндісі
|
CO-ң болуы
|
Топырақта өтетін реакциялар
|
Сіңіру қасиетінің түрі
|
Таза
|
|
|
|
Тәжірибе 3.
Жұмыс барысы: екі орташа саздақты алыңыз. Түбіне бірнеше кесек гравия салыңыз, суглина шашырамау үшін, үстіңе 1 см құм себіңіз. Содан кейін, бірінші түтікшеге орташа саздақты 2 см себіңіз, екіншісіне –сонша құм себіңіз. Түтікше арқылы сия ерітіндісін өтқізіңіз. Одан кейін 3 пробирка алыңыз. Біреуіне таза сия ерітіндісін құйыңыз, екіншісіне құм арқылы өткізілген сияны. Нәтижелерін 3 кестеге енгізіңіз.
3- кесте - Топырақтың сіңіру қасиетінің түрлері
Шығу-тегі
|
Ерітінді
|
Түстің қарқындылығы
|
Сіңіру қасиетінің түрі
|
Орташа саздақты
|
Сия
|
шығу
|
Фильтрациядан кейін
|
|
Құм
|
Сия
|
|
|
Тәжірибе 4.
Жұмыс барысы: сиямен өткен 3-ші тәжірибенің түтікшелері арқылы, қарашірінді суспензияны өткізіңіз, қорытындыны дәлелдеңіз. Сіңіру қасиетінің түрін аңықтаңыз. 3 және 4 тәжірибедегі құм мен орташа саздақтың сіңіру қасиетінің әр түрлі болуын түсіндіріңіз.
Бақылау сұрақтары
1. Сорбция дегеніміз не және топырақтағы сорбция процестерінің негізгі түрлері қандай ?
2. Топырақ коллоидтарының шығу тегі, құрамы және негізгі топырақ коллоидтарының қасиеті?
3. Топырақта қандай сорбционды процестердің негізгі заңдылықтарын білесіңдер ?
4. Қандай топырақ қышқылын және сілтінің түрлерін,ата-тегін білесіңдер?
5. Сорбционды процестердің генезисте және топырақ құнарлығында ролі ?
Әдебиет [1], [3], [4], [8]
7 Тақырып. Топырақтың агрегатты құрамын анықтау
Жұмыстың мақсаты: Топырақтың агрегатты құрамының түсініктерімен танысу.
Н.И.Саввинов( құрғақ тұқым себу) және топырақтың агрегатты құрамын (құрылымын) бағалаңдар.
Тапсырма: топырақтың агрегатты құрамын Н.И.Савиновтың әдісімен аңықтау және топырақтың агрегатты құрамын (құрылымын) бағалау.
Құрал-жабдықтар: елеуіш колонкалар тесіктер диаметрі 10; 5; 3; 2; 1; 0,5; 0,25 мм, қалақша,техникалық таразы,фасфор ыдыс-аяқтылар.
Топырақ құрылымы. Механикалық элементтер екі жағдайда болуы мүмкін: жартылай –бөлшекті және агрегатты.
Топырақтың қатты кезенің агрегатты қалпы келесі қорытындыға келеді: топырақ горизонттары әр түрлі мөлшердегі кесектерден құралған,олар бір-бірімен байланысқан немесе илмен жабыстырылған құм мен шаң бөлшектерінен тұрады. Түйіршіктер көп немесе аз дәрежеде бір-бірінен ажыратылған. Осындай топырақ түйіршіктердің жиынтығы топырақ құрылымын құрайды.
Құрылымдық топырақта түйіршіктердің мөлшері әр түрлі болады. Агрономиялық бағалы суға төзімді топырақ құрылымы деп саналады,мөлшері әр түрлі түйіршіктерден 10-нан 0,25-мм-ге дейін макроқұрылым тұрады.Түйіршіктер осындай мөлшерде –агрегаттар,ал топырақ құрылымын –агрегатты деп аталады.Ауыл шаруашылықта аса бағалы суға төзімді агрегаттар. Мөлшері 1-ден 4 мм дейін саналады, астықты-агрегатты құрылымның жиынтығын құрайды. Түйіршіктер 0,22 мм кем микроагрегаттар деп аталады.
Жұмыс барысы:
1. Топырақ үлгілерін қалың емес қабатпен қағаз бетіне немесе картонға салады. Жеңіл құрғақ қалпына дейін кептіреді. Ірі түйіршіктерді кептіру кезінде пайда болған жарықтар трещина бойымен ұсақтарға бөледі. Тастар, ірі өсімдік қалдықтарын және басқа бөгет заттарын алып тастайды.
2. Топырақты елеуіш арқылы кіші порциялармен елейді. Елеуішті 10; 5; 3; 2; 1; 0,5; 0,25 мм алады. Топырақты барлық елеуіштердің жиынтығымен қағуға болмайды. Елеуішті топырақпен қақпайды, үшкір емес бұрышта еңкейтіп, елеуіштің қабырғасына алақанмен барлық топырақ түйіршіктері түспегенше соғады.
3. Елеуіштің 10 мм тесіктер арқылы өткен топырақты, 5 мм тесіктері барлық елеуіш жиынтықтары арқылы елеу керек.
4. Әрбір елеуіште қалған барлық агрегаттарды жеке фасфор ыдыстарға салады және техникалық таразыларда өлшейді. Алған нәтижелерді 1 кесте түсіру.
1- кесте- Топырақ агрегаттарына сипаттама
Фракциялар бойынша
агрегаттар мөлшері, мм
|
Топырақпен
ыдыстың салмағы, г
|
Топырақ салмағы
|
Фракциялар құрамы
|
10-нан аса
|
|
|
|
10-5
|
|
|
|
5-3
|
|
|
|
3-2
|
|
|
|
2-1
|
|
|
|
1-0,5
|
|
|
|
0,5-0,25
|
|
|
|
Жалпы 0,25-тен 10-ға
|
|
|
|
Барлығы
|
|
|
|
Алынған нәтижелер негізінде құрғақ себу макроқұрылымның салыстырмалы салмағын келесі формула арқылы аңықтаймыз:
Д=М\а+в, онда Д –макроқұрылымның салыстырмалы салмағы
М –барлық фракциялардың сандық салмағы 0,25-тен 10 мм,г
а- фракция салмағы 0,25-тен кем, г
в- фракция салмағы 10 мм үлкен, г
5. Агрегатты топырақ құрамына баға беру
Бақылау сұрақтары
1.Қандай құрылым агрономиялық бағалы деп есептеледі ?
2.Топырақтың агрегатты құрамын аңықтаудың қажеттілігі қандай?
3.Топырақтың агрегатты құрамының экологиялық маңызы қандай ?
Әдебиет [1], [2], [5]
8 Тақырып. Топырақ ылғалдылығын анықтау
Сабақтың мақсаты: топырақ ылғалдылығын анықтау әдісін үйрену.
Тапсырма:
1) Топырақтың ылғалдылық қасиеттерін зерттеу және оларды бағалаумен танысу;
2) формулалар бойынша топырақтың ылғалдылығын процент және мм өлшемімен анықтау.
3) алынған нәтижелерге баға беру.
Көрнекті құралдар: топырақтың физикалық қасиетін анықтайтын ППЛ-9 құралы.
Топырақтың құрамында әрқашан да белгілі бір мөлшерде ылғал болады. Топырақта ылғал жауын-шашыннан түскенде, ыза суларының көтерілуі арқылы, атмосфера ауасындағы су буларының конденсациялануы кезінде және топырақты суландыру шараларын жүргізгенде жиналады. Суармалы емес аймақтарда топырақтағы ылғалдың негізгі көзі жауын-шашын ылғалы. Топырақтағы ылғал оның бойында өтіп жататын биологиялық, химиялық, физикалық-химиялық құбылыстардың пәрменділігіне, заттардың жылжуына, ауа, қоректік заттар, жылу режимдеріне және топырақтың физикалық-механикалық қасиеттеріне үлкен әсерін тигізеді. Сөйтіп, топырақтың құнарлылығын анықтайтын көптеген қасиеттерінің дамуына, түзілуіне әсер етеді.
Топырақ ылғалдылығы туралы ілімнің дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдар А.А.Измаильский (1851-1914), Г. Н. Высоцкий (1865-1940), А. Г. Дояренко (1874-1958), С. И. Долгов (1905-1977), И. А. Качинский (1894-1976), А. А. Роде (1897-1979).
А. А. Роденің классификациясына сәйкес топырақтағы ылғал бес категорияға бөлінеді. Олар: қатқан су, химиялық байланысқан ылғал, су буы, физикалық байланысқан ылғал, еркін су.
Топырақ құрамындағы ылғалдың қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер, оның ылғалдылық қасиеттері болып есептелінеді. Негізгі ылғалдылық қасиеттер мыналар: топырақтың су сыйымдылығы, су тұтқыштығы, ылғалды көтергіштігі, су өткізгіштігі.
Табиғи ылғал сыйымдылық топырақтың механикалық құрамына, құрылымына, тығыздығына байланысты. Ауыр механикалық құрамды, құрылымы жақсы топырақта табиғи су сыйымдылығы 30-35, ал құмды топырақта 10-15% болып келеді.
Топырақтың ылғал өткізгіштігі 1 шаршы ауданы бар алаңнан судың бағанасы 5 см, ал оның температурасы 100С болғанда, 1 сағатта топырақта өтетін су мөлшерімен өлшенеді. Н. А. Качинскийдің ылғал өткізгіштілікті бағалауы келесідей:
Ылғал өткізгіштілік,
мм 1 сағатта Бағалау
1000-нан жоғары.........................................құлама
1000-500.......................................................артық, өте жоғары
500-100.........................................................өте жақсы
100-70...........................................................жақсы
70-30.............................................................қанағаттандырарлық
30-дан төмен................................................нашар
Топырақтың ылғал көтергіштігі – қылтүтік күштері арқылы астыңғы қабаттардан жоғары қарай ылғалдың көтерілуін сипаттайды.
Жер асты (ыза) судың деңгейінен қылтүтік күші арқылы құмды топырақ ылғалды 0,5-0,7 м-ге, ал саздақ – 3-6 м-ге көтеруі мүмкін.
Тәжірибе жүзінде топырақты қолданғанда, оның ылғалдылығын анықтап, оған баға беру қажет болады. Іс жүзінде топырақ ылғалдылығын кептіріп өлшеу әдісі арқылы анықтау кеңінен таралған.
Жұмыстың барысы:
Топырақ ылғалдылығын анықтау үшін топырақты бұрғылап алады. Үлгілерді әрбір бөлек қабаттарынан алады. 1-ші қабат 0-10 см аралығынан, 2-шісі 10-20 см дейін, әрі қарай да осылай алынады. Аллюминийдің жасалған стаканды таразыда 0,01 г дейін дәлдігімен өлшейді, одан кейін 1/3 бөлігін топырақпен толтырады, қақпағын жауып қайтадан өлшейді. Сосын оны ашық күйінде кептіргіш шкафқа салып қояды. (t=100-1050С) және тұрақты массасына дейін құрғатады. Кептіргеннен кейін жабық стаканды эксикаторда (түбінде СаСІ2-сі бар) суытады да, өлшейді.
Топырақтың табиғи ылғалдылығын төмеңдегі формуламен анықтайды:
W=100 a/в
Мұндағы: W - табиғи ылғалдылық, %
а – буланған ылғалдылықтың массасы, г;
в – құрғақ топырақтың массасы
Топырақтың ылғалдылығының есептеу көрсеткішінің өлшем бірлігін процентпен (%) мм-ге айналдыруы келесідей анықталады:
В=w*h*V/10
Мұндағы: В – топырақ қабатының ылғал қоры, мм;
W – топырақтың % өлшенген ылғалдылығы;
h – ылғалдылық анықталатын қабатының қалыңдығы, см;
v – топырақтың тығыздылығы, г/см3
Егер ылғал анықталатын қабаттың қалыңдығы 10 см-ге тең болса, онда формула келесідей болады:
В=W*V
Тапсырма: келесі кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша ылғалдылықты есептеңіздер.
Бақылау сұрақтары
1. Топырақ ылалдылығының тиімділігі қандай формуламен есептеледі?
2. Топырақ ылғалдылығыныі маңызы қандай?
3. Топырақ ылғалдылығы туралы ілімнің дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдар?
4. Топырақтағы ылғалдың категориялары, түрлері?
5. Негізгі ылғалдылық қасиеттері?
Әдебиет [1], [4], [6].
1 - кесте- Топырақ ылғалдылығын есептеу
қайталану нөмірі және культураның жағдайы
|
Топырақ үлгілері алынған терең д-сі,(см)
|
Стақандардың нөмірі
|
Ылғалды топырақтың (стакан)
|
Құрғақ топырақтың (стакан)
|
Тары стаканға
|
Буланған судың
|
Құрғақ топырақтың (тарысыз)
|
% Топырақ ылғалдылығы
|
Топырақ тығыздылығы, г/см3
|
Топырақ ыләалдылыәы, мм
|
Тиімсіз ыләал, мм
|
Тиімді ылғал, мм
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
|
0-10
|
5
|
58,1
|
50,3
|
21,0
|
|
|
|
1,20
|
|
15,1
|
|
|
10-20
|
6
|
57,5
|
50,1
|
20,5
|
|
|
|
1,21
|
|
15,9
|
|
|
20-30
|
7
|
60,6
|
52,4
|
20,2
|
|
|
|
1,22
|
|
16,5
|
|
|
30-40
|
8
|
58,5
|
51,3
|
21,1
|
|
|
|
1,25
|
|
17,5
|
|
|
40-50
|
9
|
60,1
|
53,6
|
20,6
|
|
|
|
1,30
|
|
15,1
|
|
|
50-60
|
10
|
57,6
|
50,2
|
21,0
|
|
|
|
1,33
|
|
14,2
|
|
|
60-70
|
11
|
59,0
|
53,3
|
21,5
|
|
|
|
1,40
|
|
15,5
|
|
|
70-80
|
12
|
60,5
|
54,2
|
20,5
|
|
|
|
1,42
|
|
15,0
|
|
|
80-90
|
13
|
61,0
|
56,0
|
20,2
|
|
|
|
1,50
|
|
14,5
|
|
|
90-100
|
14
|
60,2
|
55,0
|
20,4
|
|
|
|
1,50
|
|
14,4
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |