Есімге де, етістікке де телі бұл категорияға тән фор-Малар (есімшелер) колданылу ыңғайына карай көптік, 1тәуелдік, ссптік, жіктік жалғауларында жумсалып, сөй-Демніц барлық мүшелері де бола алады. Мысалы: Біз-
дің білетіндеріміз — осылар; Құлақ
есіткенді к»з көре-ді;
Аптылар сөз айтылады; Біз ертен киноға бармақпыз;
Аларманға алтау аз,
берерменге бесеу көп деген сөй’
лсмдерді алсак, олардағы:
біл-етін-дер-іміз — бастауыщ,
есіт-кен-ді — толықтауыш,
айтыл-ар —
анықтауыш,
бар-мақ-пыз — баяндауыш болып тұр. Ал,
ал-ар-ман-ға, бер-ер-мен ге деген есімшелерге жұрнак
(-ман, -мен), одан кейін барыс
септіктің косымшасы жалғанып, то-лықтауыш болып тұр. Бұдан есімшелерге
(білетін, есіт-кен, айтылар, бармақ, аларман, берермен) көптік, тә-уелдік, септік, жіктік жалғаулары мен жұрнақ косылуы нәтпжесінде олардың колданылу аясы кенейіп, синтак-систік кызметтерінің өрісі ұлғаятыны және осы ерекше-лік казак тіліндегі есімшелерге үйреншікті екені анық көрінеді.
Оның бер жағында, есімшелердің бұл ерекше-лігі олардың (есімшелердің) әуелгі теркіні қимыл атаулары болып, бүрын осындай қызметтерді атк.ара« тын машықтары кейінгі кездерде де бойларында сақта-лып калғанын атай кеткен жен. Бірак есімшелер кимыл атауынан алған әдет-машықтарын бойларында сактау-мен қатар, етістікке тән қасиеттерін де ұмытпаған. Яғни есімшелер, амал-әрекет атауы болуымен байланысты, әрі жиі, әрі ұзақзамандар бойы баяндауыш та болып жүм салуы нәтижесінде бірте бірте шақтық мағынаны білдіру қаспетіне де ие болған. Сөйтіп, бастапқы
қимыл атауына тән формалар, осы айтылғандай, әрі есім кабілетін бо-йыпа сақтап, әрі етістіктің семантикасы мен шақты біл-діру касиетін иеленіп, қазіргідей өз алдына дербес есім-ше категорнясы болып калыптасқан.
Сонымен, көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғаулар-да түрленіп, сөйлемде барлық мүше бола алатын морфо-логиялық және синтаксистік сипаттары бар (бүл жа-ғынан есімдерге ұқсас), амал-эрекеттің атауы болу, се-мантикасы мен шақтық үғымды білдіру қабілеттері де бар (бүл жағынан етістіктерге ұксас) телі формалар есімшелер категориясы деп аталады.
Есімшелерге үйреншікті сипат болып қалыптасқан субстантивтік (әрекетті істеушінін, аты болу), атрибут-тык (заттың әрекеттену белгісі болу), преднкаттық (ба-яндауыш болу) қызметтер бұл формалардың жалпы грамматикалық (категориялық) та, жалқы грамматика-лык. (шақты білдіруі) та мағыналарынан туған. БіраК есімшелер осы функцняларды амал-әрекет түрінде емес, қимылдың белгісі я сипаты түрінде көрсетеді, өйткені,
эдсттс, субъектінің қимылын білдіретін етістіктер
(ал-ды, алады: берді, береді т. б.)
есімшеге айналғанда (мысалы:
алған, алар, алатын т. т.), сол субъектінің қи-мылына емес, онын, белгісіне кешеді. Дегенмен, сейлемде к.андай кызмет атқарса да, есімшелер өздерінің негізгі сипатынан — шақтық мәнді білдіру қабілетінен айы-рылмайды. Осы сипатына орай, есімшелер категорнясы
есімдер тобына емес, етістіктер тобында қаралады. Ен-деше, есімшелер етістікке жіктелу сипатына карап жат-дызылмайды (өйткені қазак тілінде баяндауыш болған сөздердің бәрі де жіктеледі), шақ сипаты болатынды-ғына карай жаткызылады және есімшелерді таптастыр-ғанда, олардыц осы сипаты негізге алынады.
Осы айтылған қасиетіне қарай, есімше формалары өткен шақ есімше, осы шақ есімше, келер шақ есімше болып үш салаға бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: