§ 45. ЗАТ ЕСІМДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ТӘСІЛДЕРІ
Зат есімдер лексикалық, морфологиялық, синтаксис-гік тәсілдер арқылы жасалады.
Лексикалық тәсіл арқылы жасалғаи зат есімдерге байырғы зат есімдер, сондай-ақ, басқа тілдерден енген зат есімдер, бастапқы семантикалық мағынасы не кең-ею, не тарылу, не ауысу арқылы туған жаңа зат есімдер мен өзге сөз тагітарынан субстантивтену арқылы пайда болған зат есімдер жатады.
Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге кемі екі я онан астам түбірлердің бірігуі, косарлануы, гіркесіп құралуы, қысқарып құралуы арқылы және лек-сикалану негізінде пайда болған күрделі зат есімдер жа-гады.
Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған зат есім-дерге зат есімнің өзінен, өзге сөз таптарынан тиісті жүр-нактар арқылы туған туынды зат есімдер ж атадьГ. М ьт-салы: атшы, басшы деген туынды зат есімдер ат, бас де-ген зат есім түбірлерінен жасалса, атіиылық, басТиылық деген туынды зат есімдер атіиы, басшы деген зат есім не-гіздерінен (туынды зат есімдерден) жасалған. Ал, жақ-сылық, үлкендік деген зат есімдер -лық (-дік) жұрнағы арқылы жақсы, үлкен деген сын есімдерден туған. Сон-дай-ақ, егін, сауын деген туынды зат есімдер ек, сау де-ген етістік түбірлерінен жасалса, олардан -шы (-ші) жұрнағы арқылы егініиі, сауыншы деген туынды жаңа зат есімдер жасауға болады
Зат есім тудыратьін Жұрнақта])дың бір саласы өзде-рі жалғанған сөздёрДщ лексикалық мағыналарының үс-гіне қосымша семантикалық реңдер ғана жамайды. Ал, ондай қосымша реңдер үлкен түту, қүрметтеу, сыйлау, кішірейту, еркелету, қомсыну, кемсіну, кекету, мысқыл-Дау тәрізді әр алуан мән-райларды білдіреді. Мысалы: Қақпақіиа, сабыніиық сездерінің мағыналарын қақпақ, сабын сөздерімен салыстырсақ, олардың негізгі лексика-лық мағыналары бірдей болғанымен, аңғарылатын рең-Дері бірдей емес. Әрине, әкей, шешей деген сөздер мен эке, шеше сөздерініц араларында да лексикалык айыр-
машылықтары жоқ, бірак, олардың сәл де болса өзара семантикалық ерекшеліктері барлығы даусыз (§ 53-ті қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: |