-ша (-ше) формасы зат есімдерге жалғанып, туын-ды үстеу (балаша, балықиіа т. б.) жасайды да, сын есімдерге жалғанып, белгінін шағындық шама-шарқын біідіретін формалар жасайды (ақіиа, қызыліиа, сарша, сұрша, бозиіа, көкше, ұзыниш т. б.), сондай-ақ, бұл фор-ма зат есімдерден кішірейту ұғымын білдіретін форма-лар (көрпеше, кітапша, сандықіиа, қобдиша, өгізіие
б.) тудырады.
-ш жұрнағы кісі аттарына және бір алуан жалпы
есімдерге жалғанып, оларга кішірейту, еркелету, аялау тәрізді косымша мағына жамайды. Бірақ кісі аттарына, сондай-ақ, кейбір жалпы есімдерге қосылганда, олар-дын толык түрлеріне тікелей тіркеспей, я сонғы дыбысы,
соңғы бір немесе бірнеше буындары түсіріліп барыгі жалғанады. Мысалы: қалқаш, сәулеш, бөпеіи, көкеш, тегеш, бикеш, серкеш, Курмаіи (Құрман, Қурманғсіли, Қурманбек), Жүмаш (Жүмабике, Жумабек, Ж умағали, Жұмабай, Нурыш (Нұрым. Нурмап, Нурсейіт, Нурға-ли), Төлеш (Төлебек, Төлеуғали), Калыш (Қалмағам-'бет, Қалымбет), Сақыіи (Сақып, Сақыпжамал), Гуліш (Гүлсім, Гүлнар), Үрміш (Үрман) т. б.
-сымақ формасының өзге төл жұрнақтардан ай-рықша бір ерекшелігі — сөздін я оның соцғы буыныиың жуан не жіңішке болуына қарамастан, үнемі жуан қал-пын сақтап отырады.
Бұл жүрнақ өзі жалғанатын зат есімдерге қомсыну, кекету, олқы санау тәрізді салыстыру ұғымын үстейді. Мысалы: ақынсымақ, өзенсымақ, таусымақ, мүсәпірсы-мақ, мырзасымақ, батырсымақ, көиіесымақ, күйеусымақ, бастықсымақ т. б.
-шығаш (-шігеш)— аса қүнарлы жұрнак, ол жал-ғанатын сөзге кемеліне келмегендікті немесе белгілі бір сатыға я қалыпқа жетпегендікті білдіретіндей қосымша Мағына үстейді, оның мағынасын — сымақ қосымшасы-мен синонимдес деуге болады. Мысалы: байшігеш (бай-Шығаш), ершігеш, батыршығаш т. б.
-екеш (егеш)— бұл жүрнақ категориясы ретінде ^алыптасып кетпеген, жұрпақ пен көмекші (шылау) сөз Категорнясы арасында тұрған форма. Бүл форма есім
160 6-622 161
сөзбен тіркесіп оған комсыну, менсінбеу, кем тұту сияқ-ты мағыналық pen жамайды. Мысалы: Тас екеш тас та өзгереді (Ғ. Мұстафин); Кен екеш кенге осьіндай тар адам болады екен-ау! (бұ да).
Достарыңызбен бөлісу: |