-рақ (-рек, -ырақ, -ірек) жұрнағы да негізгі және туынды сын есімдерге жатырқамай, еркін жалғана бе-реді. Мысальг ащырақ, алысырақ, биігірек, жақсырақ, молырақ, іиикірек, малдырақ, бойіиаңырақ, толығырак, т. б.
-рақ жүрнағы үстеу сөздер мен модаль (беятарап)* сөздерге жалғанып, оларға үлғайту, молайту, көбейту реңдерін үстейді. Мысалы: ілгерірек, жоғарырақ, шетке-рірек, алғарақ, ертерек, азырақ, көбірек, қажеттірек т. б.
-рақ жұрнағы кейбір зат есімдерге де жалғанады. Мұнда да зат есімдердің семантикасына түрлі өсіңкі реңдер жамалады. Мысалы: баларақ, уятырақ, аюырақ т. б.
Заттың белгісінің реңі сын есімге тән үстеме буын арқылы да беріледі. Мысалы, қызыл мен қып-қызыл, бір түрлі түсті білдіргенімен, бір-бірінен айырмашылығы бар екі түрлі реңді білдіреді. Мұндағы қызыл сөзі кә-дімгі, қалыпты қызыл деген түсті білдірсе, қып-қызыл сөзі қан қызыл, өте қызыл деген тәрізді өсіңкі түсті біл-діреді. Сондай-ақ, жақын мен жап-жаңын деген көлем-дік белгіде де, ауыр мен ап-ауыр деген салмақтык бел-гіде де, қышқыл мен қып-қыіиқыл деген дәмдік белгіде де, жақсы мен жап-жақсы деген сапалық белгіде де рен, я дәреже жағынан өзара азды-көпті айырмашыльік
барлығы даусыз. Солай болса, сын есімге тән үстеме (күшейтпе) буын бір заттың белгісін екінші бір затқа салғастырмағанымен де, сапаның күшті екенін білдіре-тін форма есебінде қызмет етеді.
Заттың белгісінің реңі күшейту үстеулерінің сын есімге қабаттасуы арқылы да өзгереді. Мысалы, улкен мен аса улкен дегендерден реңдері бір-бірінен баскаша-лау көлемдік белгі аңғарылатыны сиякты, тәуір мен тым тәуір дегендердің де сапасы бір болғанымен, олардың өзара айырмашылығы барлығы білінеді. Еңдеше, кү-шейту үстеуі мен сын есімнің тіркесулері аркылы да бір заттың белгісі екінші бір заттың сондай белгісіне салыс-тырылып, араларындағы реңді ажыратуға дәнекер бо-латынын көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |