Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал



Pdf көрінісі
бет29/98
Дата13.10.2022
өлшемі2.67 Mb.
#462563
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   98
tileshov erbol kurast akhmet baitursynuly til kural

Танықтық есімдігі 
 
Танықтық есімдігі дегеніміз – нәрсенің жоқтығын яки, анық белгілі 
еместігін көрсеткенде айтылатын сөздер. Мәселен, һешкім, һештеме, 
дәнеме, һешбір. Бұлар жоқтықты көрсетеді. Кей, қайсыбір – бұлар түгел 
еместігін көрсетеді. Біреу, әлдекім, әлдене – анық белгілі еместігін 
көрсетеді. 
Ешкім, һештеме, дәнеме, біреу, әлдекім, әлдене деген сөздердің 
есімдерше жалғаулары ғана өзгереді. Яғни, тәуелдік -ған жалғаулары 
қосылады, мәселен: 


79 
Анайы қалып 
«Кей» деген сөз 
1-ші жақ 
2-ші жақ 
3-ші жақ 
Жекеше: Атау 
– 
Кейің
Кейі 
Ілік жалғау 
– 
Кейіңнің 
Кейінің 
Барыс жалғау 
– 
Кейіңе 
Кейіне 
Табыс жалғау 
– 
Кейіңді 
Кейінде 
Жатыс жалғау 
– 
Кейіңе 
Кейін 
Шығыс жалғау 
– 
Кейіңнен
Кейінен 
Сыпайы қалып 
«Кей» деген сөз 
1-ші жақ 
2-ші жақ 
3-ші жақ 
Жекеше: Атау 
Кейіміз
Кейіңіз
– 
Ілік жалғау 
Кейіміздің 
Кейіңіздің 
– 
Барыс жалғау 
Кейімізге 
Кейіңізге 
– 
Табыс жалғау 
Кейімізді 
Кейіңізді 
– 
Жатыс жалғау 
Кейімізде 
Кейіңізде 
– 
Шығыс жалғау 
Кейімізден 
Кейіңізден 
– 
Анайы қалып 
«Ешбір» деген сөз 1-ші жақ 
2-ші жақ 
3-ші жақ 
Жекеше: Атау 
– 
Ешбірің
Ешбірі 
Ілік жалғау 
– 
Ешбіріңнің 
Ешбірінің 
Барыс жалғау 
– 
Ешбіріңе 
Ешбіріне 
Табыс жалғау 
– 
Ешбіріңді 
Ешбірін 
Жатыс жалғау 
– 
Ешбіріңде 
Ешбірінде 
Шығыс жалғау 
– 
Ешбіріңнен 
Ешбірінен 
Сыпайы қалып 
«Кей» деген сөз 
1-ші жақ 
2-ші жақ 
3-ші жақ 
Жекеше: Атау 
Ешбіріміз
Ешбіріңіз 
– 
Ілік жалғау 
Ешбіріміздің 
Ешбіріңіздің 
– 
Барыс жалғау 
Ешбірімізге 
Ешбіріңізге 
– 
Табыс жалғау 
Ешбірімізді 
Ешбіріңізді 
– 
Жатыс жалғау 
Ешбірімізде 
Ешбіріңізде 
– 
Шығыс жалғау 
Ешбірімізден 
Ешбіріңізден 
– 
 


80 
Етістік 
Етістік дегеніміз – заттардың еткен-етпеген істерін көрсететін 
сөздер.
«Бұлт торлады», «күн жауды», «су тасыды». «Бұлт торламады», «күн 
жаумады», «су тасымады» дейміз. Бұлт, күн, су – заттар, «торлады», 
«жауды», «тасыды» деген сөздер болған істерді көрсетеді. «Торламады», 
«жаумады», «тасымады» деген сөздер болмаған істерді көрсетеді. 
«Торлады – торламады», «жауды – жаумады», «тасыды – тасымады» деген 
сөздер етістік болады. 
Етістік болған-болмаған екі түрлі істі көрсеткендіктен екіге бөлінеді. 
1) Болымды. 2) Болымсыз. Мұнан басқа етістіктің өзгеше екі түрі бар:
1) Көсемше. 2) Есімше. 
Дағдыландыру. Он болымды етістік, он болымсыз етістік сөз 
тапқызып жаздыру. 
Етістер 
Етістікте он түрлі етіс бар: 1) Сабақты етіс. 2) Салт етіс. 3) Ортақ 
етіс. 4) Өздік етіс. 5) Өзгелік етіс. 6) Беделді етіс. 7) Ырықсыз етіс.
8) Шағыс етіс. 9) Дүркінді етіс. Өсіңкі етіс. 
Сабақты етіс 
Сабақты етіс дейміз – еткен іске бір нәрсе сабақтаулы болса, 
мәселен: хат жаздым, шөп шаптым, қармақ салдым дегенде: жаздым, 
шаптым, салдым – істер.
«Хат жаздым» дегенде жазу ісіне хат сабақталып тұр. «Шөп 
шаптым» дегенде шабу ісіне шөп сабақталып тұр. «Қармақ салдым» 
дегенде салу ісіне қармақ сабақталып тұр. «Жаздым», «шаптым», 
«салдым» деген сияқты, нәрсе сабақталатын істі көрсететін сөздерді 
сабақты етіс дейміз. 
Дағдыландыру. Қирағат кітабындағы мақаланың бірін алып, соның 
ішіндегі сабақты етістерді көрсеткізу. 
Салт етіс 
Салт етіс дейміз – еткен іске сабақталып, байланып тұрған һешнәрсе 
болмаса, мәселен: мен жүрмін, сен тұрсың, ол отыр. 


81 
Менің жүргеніме, сенің тұрғаныңа, оның отырғанына сабақталып 
тұрған һешнәрсе жоқ. 
Ержан күлді, Нұрман жылады, Бірман жүгірді. Ержанның күлгеніне, 
Нұрманның жылағанына, Бірманның жүгіргеніне сабақталып тұрған 
һешнәрсе жоқ. 
«Жүрмін», «тұрсын», «отыр», «күлді», «жылады», «жүгірді» деген 
сияқты сабақсыз істі көрсететін сөздерді салт етіс дейміз. 
Дағдыландыру. Қирағат кітабынан бір мақала алып, сондағы салт 
етістіктерді көрсету. 
Ортақ етіс 
Ортақ етіс дейміз – іс жеке істелмесе, мәселен: бала жарысты, жау 
соғысты, балуан күресті. 
Бала жалғыз жарысуға болмайды, біреумен жарысады; Жау өзімен 
өзі соғыспайды, біреумен соғысады; Балуан өзімен күреспейді, біреумен 
күреседі. Осындай жеке істелмейтін, екі жақтап істейтін істерді көрсететін 
сөздерді ортақ етіс дейміз. 
Дағдыландыру. Қирағат кітабынан бір мақала алып, сонда ортақ 
етістерді көрсеткізу. 
Өздік етіс 
Өздік етіс дейміз – істеуі басқаға істерлік ісін өзіне істесе, мәселен: 
мен жуындым, сен тарандың, ол мақтанды. 
«Жудым» десе, басқаны жуған болар еді; «жуындым» дегенде өзін 
жуған болады, яғни істі басқаға емес, өзіне істеген болады.
«Тарадым» десе, басқаны тараған болар еді, «тарандым» дегенде істі 
басқаға емес, өзіне істеген болады. 
«Мақтады» десе, басқаны мақтаған болар еді, «мақтанды» дегенде 
басқаны емес, өзін мақтаған болады. 
«Жуындым», «тарандың», «мақтанды» деген сияқты басқаға істерлік 
істі өзіне істеуді көрсететін сөздерді өздік етіс дейміз. 
Дағдыландыру. Қирағат кітабынан бір мақала алып, сондағы өзіндік 
етістерді көрсеткізу. 
Өзгелік етіс 
Өзгелік етіс дейміз – біреудің ісіне себепкер болуды, мәселен: атты 
жүргізді, қойды өргізді, түйені тұрғызды дегенде аттың жүруіне, қойдың 


82 
өруіне, түйенің тұруына себепкер болғанды көрсетеді. Олар өздігінен 
істесе ата жүрді, қой өрді, түйе тұрды болар еді. 
«Жүргіздім», «өргіздім», «тұрғыздым» деген сияқты – біреудің ісіне 
себепкер істі көрсететін сөздерді өзгелік етіс дейміз. 
Дағдыландыру. Қирағат кітабынан бір мақала алып, сондағы өзгелік 
етістерді көрсеткізу. 
Беделді етіс 
Беделді етіс дейміз – істі біреу арқылы істеуді. Мәселен: хат 
жаздырды, өлең айттырды, үй салдырды, кітап алдырды дейміз.
«Жаздырды», «айттырды», «салдырды», «алдырды» дегенде бәрі 
біреу арқылы істеген іс болады. Осындай сөздерді беделді етіс дейміз. 
Дағдыландыру. Қирағат кітабынан бір мақала алып, сондағы беделді 
етістерді көрсеткізу. 
Ырықсыз етіс 
Ырықсыз етіс дейміз – істелу ырқы істеушіден басқада болған істі. 
Мәселен: ат жегілді, қоян қуылды, қозы сойылды дегенде ат ырықсыз 
жегіліп тұр, қоян ырықсыз қуылып тұр, қой ырықсыз сойылып тұр. 
«Жегілді», «қуылды», «сойылды» деген сияқты сөздерді ырықсыз 
етіс дейміз. 
Дағдыландыру. Қирағат кітабынан бір мақала алып, сондағы 
ырықсыз етістерді көрсеткізу. 
Шағыс етіс 
Шағыс етіс дейміз – ортақ істі істеуге себепкер болуды. Мәселен, 
балаларды күрестірдім, елді табыстырдым, екі жағын соғыстырдым. 
«Күрестірдім» дегенде күресулеріне мен себепкер болғанмын; 
«Табыстырдым» дегенде табысуларына мен себепкер болдым. 
«Соғыстырдым» дегенде соғысуларына мен себепкер болғанмын. 
«Күрестірдім», «табыстырдым», «соғыстырдым» деген сияқты сөздерді 
шағыс етіс дейміз. 
Дағдыландыру. Қирағат кітабынан мақала алып, сондағы шағыс 
етістерді көрсеткізу. 


83 
Дүркінді етіс 
Дүркінді етіс дейміз – қайта-қайта істелетін істі, мәселен: хат 
жазғыладым, мылтық атқыладым, қолынан жұлқыладым. «Жазғыладым», 
«атқыладым», «жұлқыладым» деген сөздер істің бір рет емес, бірнеше рет 
істелгенін көрсетеді. «Жазғыладым», «атқыладым», «жұлқыладым» деген 
сияқты сөздерді дүркінді етіс дейміз. 
Дағдыландыру. Қирағат кітабынан бір мақала алып, сондағы 
дүркінді етістерді көрсеткізу. 
Өсіңкі етіс 
Өсіңкі етіс дейміз – күшейген істі, мәселен: ат жүріңкіреді, су 
тасыңқырады, бала ұйықтаңқырады. «Жүріңкіреді» дегенде жүру 
күшейгені көрінеді, «тасыңқырады» дегенде тасқын күшейгені көрінеді, 
«ұйықтаңқырады» дегенде ұйқы күшейгені көрінеді. «Жүріңкіреді», 
«тасыңқырады», «ұйықтаңқырады» деген сияқты сөздерді өсіңкі етіс 
дейміз. 
Дағдыландыру. Бала басына бірнеше өсіңкі істерді тапқызу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет