249
Мұғалім 1-жолдағы сөздерді бір-бірлеп көрсетеді, оқиды; балалар
көрсеткеніне қарап, мұғалімнің
айтқанын олар да айтады, солай етумен
балалар әлгі алған бір жолдағы бес сөзді бірден танып көрсеткенде
айтарлық, айтқанда көрсетерлік дәрежеге жеткенде, сөздің буынын
қайыруға түседі: онан әрі буынның әріптерін айыруға түседі.
Оны былай істегені мұғалім бірінші сөзді алып, «а-р» екеуін қоспай
жіктерін ашып айтады да, неше бөлініп, айтылып тұр деп сұрайды, сонан
соң әр бөлімін бөлек айтқызады. 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші сөздерді де солай
етеді. Бәріні де басындағы дыбысы бірдей болып, басқаларынікі ондай
болмаған соң «а» дыбысы айрықша болып шығады. Сонда бұл дыбыстың
әрпі мынау деп, «а» әрпін көрсетеді. басқа сөздерге де басқа әріптермен
таныстырғанда істейтін әдісі осылай болған. Балалар бір беттегі сөздерді
танып, оқырлық даражаға жеткенде, 2-ші беттегі сөздерге түскен.
Мұның тәсілі жеке балаларды оқытуға жараса да,
мектепте көп
баланы оқытуға жарамсыз болып шыққан. Негізгі кемшілігі сөзді жаттау,
сөз әріптен, буыннан мағыналы, балаларға түсінікті болғанымен, не үшін
бұлай «ат» етіп сызған нәрсе ат болып оқылуға тиісті, онысы балаларға
түсініксіз, сондықтан бұл әдіс те іске асып жарымайды, бірақ жалқылау
әдіс пікірі өшпейді.
Жалпылау әдіске жан беріп, күшейткен атақты француз оқытушысы
– Жакото. Жакото үйрету – асылында үйренуге дағдыландыру дейді.
Баланың үйрену талабын қоздырса, білімнің бәрін басқаның көмегінсіз
өзі-ақ алады. Балаға талаптық тәрбие беру үшін басынан табиғат жолымен
үйрету керек. Табиғат жаратқан нәрсесін тұтас түрінде жаратады. Табиғат
нәрсесін әуелі адам да тұтас түрінде түйеді. Бала оқытушы дәйім осыны
есіне сақтау керек. Балаға ән үйретпек болсақ, әуелі дауыстың түрін
(нотасын), дауыстың даражасын (тонын), сонан соң барып әнін үйретер ме
едік. Әуелі әннен бастап үйретер ме едік дейді. Баланы өсімдікпен
таныстырсақ, гүлінен, жапырағынан бастап таныстырамыз ба? Айуанмен
таныстырсақ сүйегінен бастап таныстырамыз ба? Тұлға түрінде алып
таныстырамыз ғой. Бала үйреткенде сол жолмен үйрету керек. Нәрсенің
бөлшегінен бастап үйретпей, тұтас тұлғасынан бастап үйрету –
дерексіз
заттан бұрын деректі затты алып таныстыру дейді.
Мұның да дәлелі алдыңғылардікіндей, бұ да әліп-би кітабы керек
емес дейді. Бала үйретуге арықша кітаптың керегі жоқ, кез келген кітап
жарайды. Кез келген кітаптың бір бетін алып, ішіндегі сөйлемдерді
оқытып, оларды сөзге бөліп оқытып, сөздерді буынға бөліп оқытып,
буындарды әріпке бөліп оқытып таныстырса, сонымен бала оқуды үйреніп
алады, өйткені әліп-би әрпінің бәрі кітаптың бір бетінен табылады дейді.
250
Жакотаның әдісін өзгертіңкіреп осы күнде де қолданып отырған да
бар. Американ әдісі деп айтылып жүрген әдістің негізі – Жакотанікі.
Жакоташа үйрету реті былай болмақ:
Кітаптың
алған бетіндегі әуел келетін, мәселен, мынадай сөйлем
екен – «қалаға жақын жердің бәрі жиын».
Осы сөйлемді мұғалім кеспе әріптен жасап, тақтай бетіне тізіп
қойып, дауыстап әрі сөзін қолымен көрсетіп оқиды. Сонан соң оны
балалар оқығанда, бәрі дауыс қосып көптеп те, жеке де оқиды жаңа да
қалыпта ретпен оқымай, сөздерді есе қосып былайша оқиды.
Қалаға
Қалаға жақын
Қалаға жақын жердің
Қалаға жақын жердің бәрі
Қалаға жақын жердің бәрі жиын.
Осылай оқу балалар сөйлемнің ішіндегі
кез келген сөзді танып
алатын болғанша істеледі.
Содан кейін мұғалім басындағы сөзді алып, кеспе әріптен буынға
бөлген түрде бөлек шығарып қояды да буын-буынға бөлгілеп оқиды.
Балаларға да осылайша оқытып, сөз бірнеше бөлініп айтылатынын
айтады. Сөздің бәрін осылай оқытып, солай айттырып болғаннан кейін,
пәлен буынды, түген буынды көрсет дейді. Пәлен буын қай сөзде, түген
буын қай сөзде деп сұрайды. Пәлен буыны бар, түген буыны бар сөзді
көрсет дейді. Пәлен сөздің бас буыны, аяқ буыны қайсысы деген сұраулар
болады.
Сөйтіп бір сөйлемнің өзінде балалар буынның бірнеше түрімен
танысып қалады.
Әріппен таныстыру үшін де істейтін тәсілі осы. Бір буынды алып,
мәселен, «ла»-ны алып,
екі арасын ашып қойып, арасын бөліп оқиды,
балаларға оқытады. Неше бөлініп айтылатынын сұрайды. Басындағы,
аяғындағы әріп әрқайсысы не деп аталатындығын айтады, оқығанда қалай
айтылатынын айтады. Содан соң білген әріптерін басқа сөздерден
тапқызады. Содан әрпі екінші, үшінші тағысын тағы буындарды алып,
істейтін ісінің реті бәрі осылайша болады.
Бір сөйлемді солайша үйреніп болғаннан кейін басқаларын алып,
бұлайша үйретеді. Жалғыз қойылатын шарт – 1) балалар үйренген
нәрсесін нық білу, ол үшін оқу сабағын дәйім басына бірінші сөйлемнен
бірінші сөйлемнен бастап отыру, 2) жаңа сөйлемді оқытуға алғанда ішінде
келетін бұрынғы таныс буындар мен таныс әріптерді балалардың өздері
көрсетуі керек.
251
Сөйтіп, он шақты сөйлемді оқи білген кезде балалар бір жағынан
әріптерді, бір жағынан буын түрлерін танып алып,
бір жағынан оқуға
жаттығып, әрмен қарай өз беттерімен оқуға жараған.
Жакото оқытуға ұста, әдісінде шеберлік толық болғанмен,
Гедикенің әдісіндегі кемшіліктен бұл да құтыла алмаған. Ол кемшілік –
оқыған сөздерін неге солай оқылатынын білместен жаттау. Ол кемшілігіне
қаламай Жакотоның әдісі тәуір-ақ жайылған. Немістер Жакото әдісінің
мәніне түсінгеннен кейін, Жакотоның әріпті әдісін дыбысты әріпке аудару
шарасын қарастырады. Сөйтіп, бір заманда дыбысты жалқылау әдіс пен
дыбысты жалпылау әдіс – екеуі қатар өркендеп күшейген кезі болған.
Онан әрі барып екеуі қосылып бір әдіс түріне түскен, онысы жалқылау-
жалпылау әдіс. Ол келесі жолы сөз болмақ.