111
Туынды етістердегі жұрнақтар:
1) «-с» жұрнақ (ұр – ұрыс, күре – күрес, соқ – соғыс)
2) «-н» жұрнақ (жу – жуан, тара – таран, бақ – бағын)
3) «-дыр» (-тыр) жұрнақ (қаз – қаздыр, қал – қалдыр, айт – айттыр)
4) «-қыз» (-ғыз, -кіз, -гіз) жұрнақ (жатқыз, барғыз, жеткіз, бергіз)
5) «-л» жұрнақ (ас – асыл, жек – жегіл)
6) «-т» жұрнақ (құла – құлат, ер – ерт, құры – құрт).
7) «-тыр» жұрнақ (құла – құлаттыр, сұра – сұраттыр, күре – күреттір).
8) «-стыр» (ұр – ұрыстыр, соқ – соғыстыр, күре – күрестір).
9) «-қыла» (-ғыла, -кіле, -гіле) жұрнақ (шап – шапқыла, жу – жуғыла,
кес – кескіле, тіл – тілгіле).
10) «-ыңқыра» (-іңкіре) жұрнақ (ал – алыңқыра, барыңқыра, беріңкіре,
жүріңкіре). Бұлар етіс жұрнақтары деп аталады.
Етістіктен туатын басқа сөздердегі жұрнақтар:
1) «-у», «-м», «-с», «-ш» жұрнақтар етістік түбіріне жалғанып, сол
етістік көрсететін ісін атайды. Мәселен, сұра – сұрау, сау – сауу, айт –
айту, оқы – оқу, ал – алым, біл – білім, өл – өлім, ас – асым, сау – сауым,
бар – барыс, жүр – жүріс, қу – қуыс, қара – қарас, қуан – қуаныш.
Дағдыландыру. Тұр, қос, қой, саба, сана, бу уа ғайри сондай етістік
түбірлерін алып, «у», «м», «а», «й» жұрнақтарын жалғату.
2) «-ымсақ» (-імсек), «-аған» (-еген), «-шақ» (-шек), «-қақ» (-ғақ)
жұрнақтар етістік түбірлеріне жалғанып, сол етістік көрсететін істі істеуге
заттың сүйегіне біткен мінезін атайды. Мәселен, ал – алымсақ, кел –
келімсек, қаш – қашаған, көр – көреген, ұрын – ұрыншақ, ерін – еріншек,
ұрыс – ұрысқақ, сын – сынғақ.
Дағдыландыру. Жара, бер, қап, кет, теп, ұмыт, жирен, теріс – оң уа
ғайри сондай етістік түбірлерін алып, әлгі жұрнақтарды жалғату.
3) «-қыш» (-ғыш, -кіш, -гіш) «-қыр» (-ғыр, -кір,- гір) жұрнақтар етістік
түбірлеріне жалғанып, сол етістік көрсететін
істі істеуге жанды нәрсе
болса, ұсталығын, икемділігін атайды,
жансыз нәрсе болса, сол іске
қолайлы, жақсылығын атайды, яки әншейін
сол іске құрал нәрселігін
атайды. Мәселен, жанды нәрселер туралы: айт – айтқыш, сой – сойғыш,
кес – кескіш, көр – көргіш, тап – тапқыр, ал – алғыр, үш – үшкір, біл –
білгір. Жансыз нәрселер туралы: ақ – аққыш, жан – жанғыш, өс – өскіш,
сын – сынғыш, тұт – тұтқыр, өт – өткір, бас – басқыш, сыпыр –
сыпырғыш, сүрт – сүрткіш, кер – кергіш.
112
Дағдыландыру. Ат, сау, қыс, ұт, күл, жау, тұт, өң, көн, тес уа ғайри
сондай етістік түбірлерін алып, әлгі жұрнақтарды жалғату.
4) «-уыш», «-гі», «-қ» (-к) жұрнақтар етістік түбірлеріне жалғанып, сол
етістік көрсететін іске құралдығын атайды. Мәселен, ора – орауыш, бұр –
бұрғы, сүз – сүзгі, тара – тарақ, төсе – төсек.
Дағдыландыру. Тырна, қыр, тая, ес уа ғайри сондай етістік түбірлерін
алып, әлгі жұрнақтарды жалғату.
Ескерту. «-қ» (-к) жұрнақ басқа мағынада да жалғанады, мәселен, аш –
ашық, тес – тесік, ұш – ұшық, кет – кетік уа ғайри сондай.
5) «-қын» (-ғын), «-ма» (-ба, -ме, -бе), «-мал», «-мақыл» (-бақыл, -мекіл,
-бекіл) жұрнақтар етістік түбірлеріне жалғанып,
сол етістік көрсететін
істің түрін атайды, тас – тасқын, қыр – қырғын, сал – салма, тарт – тартпа,
өр – өрме, кес – кеспе, тасы – тасымал, айны – айнымал, таста –
тастамақыл, ат – атпақыл, шерт – шертпекіл, иір – иірмекіл.
Дағдыландыру. Қаш, шал, сана, орама, бас, тер, сез уа ғайри сондай
етістік түбірлерін алып, әлгі жұрнақтарды жалғату.
6) «-ақ» (-ек), «-н» жұрнақтар етістік түбірлеріне жалғанып, сол етістік
көрсететін істерден өнген затты атайды, мәселен, қаш – қашақ, кес –
кесек, шап – шабын, ек – егін.
Дағдыландыру. Қос, қон, жат, бөл, ақ, жек, шық уа ғайри сондай етістік
түбірлерін алып, жалғату.
7) «-лық» (-лік) жұрнақ етістіктің келер шақ түріне жалғанып, сол
етістік көрсететін істі істеуге тұрарлық күйін атайды. Мәселен, барар –
барарлық, көрер – көрерлік.
Дағдыландыру. Келер шақ түрдегі
етістіктерді алып, «-лық» (-лік)
жұрнағын жалғату.
8) «-уыл» (-уіл) жұрнақ етістікке жалғанып, сол етістік көрсететін істі
істеушіні атайды. Мәселен, жаса – жасауыл, жорт – жортуыл, бөге –
бөгеуіл.
Сол мағынада етістіктің келер шақ түріне «-ман» (-мен)
жұрнақ
жалғанады. Мәселен, алар – аларман, берер – берермен.
Дағдыландыру
. Етістіктің түбірлерін һәм келер шақ түрлерін алып,
«-уыл» (-уіл) һәм «-ман» (-мен) жұрнақтарды жалғату.
Достарыңызбен бөлісу: