Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өткізілген Астана қалалық жас ақындар айтысына қатысып, ел назарына ілікті



Дата17.07.2016
өлшемі74.6 Kb.
ЖЫР ЖАЗАМЫН ЖҮРЕГІМНЕН
Елдос Әнкей 1999 жылдың 9 қыркүйегінде Ақмола облысы Бұланды ауданында дүниеге келген. Қазіргі күні Астана қаласы Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектептің 8 сынып оқушысы.

Елдос 2011-2012 оқу жылында шығармашылық ізденіс үстінде болып, бірнеше мүшәйра мен оқуларға қатысты, жүлделі орындардан көрінді.

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өткізілген Астана қалалық жас ақындар айтысына қатысып, ел назарына ілікті.

Төлеген Айбергеновтың туғанына 75 жыл толуына орай өткізілген оқушылар арасындағы қалалық мүшәйрада Бас жүлдені жеңіп алып, Фариза апайы мен Мұхтар Шаханов ағаларының батасын алды.

Қалалық «Абай оқуларында» өзі шығарған өлеңімен көпшілікті ерекше тебіреніске бөлеген Елдос тағы да Бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ, «Сәкен оқуларының» Бас жүлдегері. «Астана көктем» жыр жинағының авторы.

Оқу жылының соңында Елдосты үздік оқығаны әрі талантымен талай жарыстарда жүлделі орын алғаны үшін «Марғұлан сыйлығына» лайық деп тапты. Елдостың бір топ леңдеін назарларыңызға ұсынып отырымыз
Ұстаздарға

Білімнің бар байлығын,әр өлшемін,

Бағалайтын бүгінде жан барсың ба?

Ұлылар қатарынан көрем сені,

Қанатымды қақтырған заңғар шыңға.
Санама білім нәрін сіңірдің де,

Тірек боп биіктерге жетелеп ең.

Құрмет тұтып, өзіңді бүгін мен де,

Мәңгілік басымды иіп өте берем.


Өмірлік жақұт сыйлап арамызға,

Білімнің қазынасын бөліп бердің.

Айналдың да сен біздің анамызға,

Бойдағы мейірімді төгіп келдің.


Сенім жүгін салдың да арқамызға,

Үміт жібін жалғадың жүректерге.

Сен біздің өмір бойы ортамызда,

Күліп өт,жүрек сырын жыр еткенде.



Ең алғаш...
Өмірдің алғаш қадамын басқан жай ғана,

Сәби күндердің келмесі анық қайтара.

Алғашқы сәуле көрінген күні ерекше,

Ең алғаш өмір есігін ашқан айқара.


Балалық шақтың,бал күннің атқан ақ таңы,

Балалықпенен бал тілін былдырлытқаны.

Сөздері анық естілмесе де ерекше,

Ең алғаш рет “ана” деп бір үн қатқаны.


Алғашқы білім-өзгеден қарап үйренгін,

Жақсысын алып,жамандығынан жиренгін.

Ерекше және тұсауын кесіп,адымдап

Ең алғаш рет табаны жерге тиген күн.


Сан-саққа шомып арылмас бойдан кеш ұғым,

Ой қосып ойға табатын сәтте шешімін.

Арқалап кітап жүрер күн және ерекше

Ең алғаш рет ашатын мектеп есігін.


Ес кіріп бір күн өткізер әзер сағатын,

Толқытып бойды,таусатын төзім-тағатын.

Ерекше кезең,сезімнің оты тұтанып,

Ең алғаш рет өзгеге ғашық болатын.


Тұратын сәтте төбеңнен қарап таң күліп,

Бойдағы қайрат жігеріңменен жаңғырып.

Өшсе де ойдан ерекше күндер келмейтін,

Кетпейді естен алғашқы сәттер мәңгілік.


Ұлы ақынның ұлы жырын ұлықтап
Ұлы Абай - ұлылықтың ұланы,

Ұлы сөзі - ұлтымның ұраны.

Жырындағы әрбір сөзі ұлықтар,

Оқығанға менмұндалап тұрады.


Мұңы,сыры өлеңінде өрілген,

Туған жыры елге деген сенімнен.

Нағыз қазақ болсаң егер Абайдың

Бір кітабы табылсыншы төріңнен.


Абай сөзін қандай адам елемес,

Елемеген еркін емес, ер емес.

Нағыз қазақ болсаң егер Абайдың,

Жүз өлеңін жаттасаң да көп емес.


Қара сөзі жадымызда жаңғырсын,

Қара өлеңін әлем шырқап, ән қылсын.

Ал әкелер баласына мұра ғып,

Мұхтар жазған «Абай жолын» қалдырсын.


Өлеңменен өрілген күн арайлы,

Бұл өлең де сан тарапқа тарайды.

Ал аналар ұзатылған қызының,

Жасауына қосып берсін «Абайды».


Қазақтықты өлеңіммен дәлел ғып,

Қадамымды басып келем ерен, нық.

Пәк-періште жүрегіммен тілеймін,

Өтсін «Абай оқулары» әлемдік.


Ұлы ақынның өсиетін ұмытпай,

Өлең қадір-қасиетін құнттай.

От кеуделі жанның берген жалынын,

Өтеміз біз өмір бойы суытпай.


Ел аңсаған азаттық
Тойдырмайды қызыққа бейбіт күнің,

Бақытты ғұмыр кешсін елің бүгін.

Сол бейбіт ел бүгінде тойлап жатыр,

Азаттық жиырма жылын.


Біз қазір тәуелсіздік ұландары,

Азаттықты ту еткен ұрандары.

Жиырма жасар жігіттей жігерленіп,

Қазақтың орындалды басты арманы.


Қайтадан тірілгендей алыптары,

Тарихтың тереңіне қанық бәрі.

Тәуелсіздік таңына шуақ қосып

Талай ақын жырлары шарықтады.


Біз қазір өзек жарған өндірдейміз,

Биікке қадам басып енді өрлейміз.

Тәу еткен ата-бабам әуел бастан,

Тәуелсіздік шырағын сөндірмейміз.


Батыр ақын – Махамбет
Аттандап алаш үшін атқа қонған,

Бермес батыр намысты жатқа қолдан.

Ат үстінде жыр жазған батыр ақын,

Қорғаған елін көзі жасқа толған.


Халқының арын төмен түсірмеген,

Батырдың жыры бөлек, ісі де ерен.

Қара халқын қанаған қас дұшпаннан,

Кек қайтарған қара өлең күшіменен.


Басқадан биік қойып ар-намысты,

Жауға шапты, жан беріп, жан алысты.

Ерлігін ақтау үшін жыр да жазды,

Елдігін сақтау үшін от та құшты.


Қол бастап, атқа қонып жауға аттанған,

Елін дұшпан-жауынан қорғап қалған.

Жыр жазған азаттықты арман етіп,

Үміт қып ертеңінен, атқан таңнан.


Жырларына арқау боп ақын мұңы,

Өлеңімен өлшенген батырлығы.

Батырдың ақындығы жырлап өтті,

Қорғап қалды ақынның батылдығы.



Алашымның Тұрары

Қыршынынан қиылған қарлығаштар, қырандар,

Қазақ үшін, ел үшін «Алаш» атты ұрандар.

Сол қиылған ішінде Алаш үшін алысқан

Рысқұлов Тұрар бар.
Балалықтың бастауы даналыққа ұзын жол,

Қиын жолды бастаған тар қапастың ұлы боп.

Бала Тұрар сабағы ұстазынан алған мың:

«Ұлттың ұлы болма тек, адамзаттың ұлы бол».


Ауылым – алтын бесігім
Айқара ашқан адалдықпен есігін,

Өткен одан тарихтардың көші мың.

Бар қазақты тербететін төсінде,

Ауылым-алтын бесігім.


Осы деп біл темірқазық, тірегің,

Мен де ауылда туып өстім,түледім.

Жаулығының иісі келер әжемнің,

Ауыл десе атқақтайды жүрегім.


Кеттім ұшып қанат қағып арманмен,

Қала мені қарсы алады алдан кең.

Қабыл алып ақ батасын атамның,

Жүріп өтем ізі қалға жолдармен.


Сағынамын жұлдыз аққан түндерін,

Сағынамын думандатқан күндерін.

Шалғынында аунап-қунап өскенмін,

Құшағыма теріп қызыл гүлдерін.


Қозы-лақты қуалаушы ек күн ұзын,

Сорып алып ақ собықтың уызын.

Ер жеттім мен ата-әжеме еркелеп,

Бал татыған ішіп айран-қымызын.


Таңы оның арайланып ататын,

Күні оның күреңденіп бататын.

Орамалы желкілдеген жеңгейлер,

Күрпілдетіп күбі пісіп жататын.


Ошақ басы сары самаурын қайнаған,

Ауыл осы әрбір күнін тойлаған.

Жаңа ойын ойлап тауып достарым,

Сол ойынның қызығына тоймаған.


Асарлатып отын-шөбін түсіріп,

Үлкендерге жасаушы едік кішілік.

Ханталапай ойнаушы едік таласып,

Асықтарды алшысынан түсіріп.


Аспаныңда қыран болып самғайын,

Дәстүріңді ұлан болып жалғайын.

Ару қала Астанада жүрсем де,

Ауыл саған ораламын әрдайым.



Дос
Бір сабақтың екі гүлі тәрізді,

Қиындықта жүрек бірге соғатын.

Ақ жүректі, бауырмал да, жаны ізгі,

Жан дегенде жалғыз досым болатын.


Қиындыққа төтеп беріп біз бірге,

Жығылмадық, жұдырықтай жұмылдық,

Өмір қысы, қатал, суық күздерде,

Бауырмалдық отына бір жылындық.


Адал жанды серік етіп жаныңа,

Бұл өмірді өту керек мәнді ғып.

Шүкіршілік етіп досың барына,

Адалдықты ардақтай біл мәңгілік.


Күз
Сары көйлек киіп алып күз келді,

Сарқытымен қуантады біздерді.

Теректерден билеп түскен жапырақ,

Жасырады көшедегі іздерді.


Түрлі жеміс – түрлі-түсті әрімен,

Қамбаларға құйылады сары кен.

Қыста бізді аластайды тұмаудан,

Бақшамызда өсіп шыққан дәрумен.


Маңайымыз мың құбылып өзгерді,

Білімменен қауышатын кез келді.

Күздің түсі сияқты жез қоңырау,

Мектепке енді шақырады біздерді.




Аналар ақ жаулықты
Олар дана, бәрінен олар мықты,

Бағалай біл ананы аппақ сүтті.

Ешқашан қартаймасын, жасай берсін,

Аналар ақ жаулықты.


Ақ сүтінен дариды ана тілің,

Ақ сүтінен дариды иман-дінің.

Олай болса қорлама, тек ақтай біл,

Ешқашан мұңаймасын, қақсын күлім.


Қуаныш пен қызығы көп көретін,

Ана үшін бақыт жоқ шектелетін.

Адам етіп өмірде жеткізетін,

Кім сен үшін ұйқысын төрт бөлетін?


Аналардың болмасын реніші,

Баланың бар байлығы, ол кеніші.



Парызым - ақ сүтіңді ақтау болса,

Ойланбай жан беремін бір сен үшін!


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет