Ақылбек Күрішбаев Астанадағы Аграрлық университеттің ректоры болып тағайындалды



Дата16.06.2016
өлшемі12.59 Kb.
#139196
http://www.inform.kz/kaz/article/2412716

18.10.2011 / 19:56

Ақылбек Күрішбаев Астанадағы Аграрлық университеттің ректоры болып тағайындалды

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Ақылбек Күрішбаев С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры болып тағайындалды.

Университеттің бұрынғы басшысы Айтбай Қабыкешұлы Бұлашев өзінің қызметтік мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан босатылды. Ветеринария ғылымдарының докторы, профессор А.Бұлашев Астананың ең көне жоғары оқу орны С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін 2004 жылдың қарашасынан бастап басқарып келді.



Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы бұған дейін бірқатар лауазымдық қызметтерді атқарды. Еңбек жолын 1983 жылы В. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында бастады. Аталған мекемеде қатардағы лаборанттан директордың орынбасарына дейінгі лауазымдық қызметтер атқарды. 1997 жылы А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры болып тағайындалды. 2002-2005 жылдар аралығында - Ауыл шаруашылығы вице-министрі, 2006 жылы ҚР АШМ Ғылым департаменті директоры болып тағайындалды. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, 2008 жылдың сәуірінен 2011 жылдың сәуіріне дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі лауазымында болды.

Айта кетейік,  С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ бірнеше жылдар бойы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты болып келді. Таяуда Мәжіліс депутатының сауалнамасынан кейін, ЖОО ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарамағына өтті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет