Ақылбеков Ә. Т. Кривобоков В. П. Даулетбекова А. К. Радиациялық және плазмалық технологиялар Орысша-қазақша терминология анықтамалығы астана-2012 +544 (038) ббк 24. 5 Я 2 а 38



жүктеу 9.53 Mb.
бет1/54
Дата09.06.2016
өлшемі9.53 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Ақылбеков Ә.Т. Кривобоков В.П. Даулетбекова А.К.

Радиациялық және плазмалық технологиялар
Орысша-қазақша терминология анықтамалығы

АСТАНА-2012

УДК 53+544 (038)

ББК 24.5 Я 2

А 38
Баспаға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен ұсынылған № 2 хаттама 2 шілде 2012 жыл
Рецензенттер:

техника ғылымдарының докторы С. Байбеков

физика-математика ғылымдарының кандидаты Ж.Салихожа
Ақылбеков А.Т., Кривобоков В.П., Даулетбекова А.К.

А38 Радиациялық және плазмалық технологиялар: орысша қазақша терминология анықтамалығы / Ақылбеков Ә.Т., Кривобоков В.П., Даулетбекова А.К. - Астана: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет, 2012.- 411 б.
ISBN 978-601-7364-98-4
Справочник является пособием по терминологии в сфере радиационных и плазменных технологий. Авторы попытались собрать, систематизировать и дать определение терминам, используемым в этой области. Словарь содержит более тысячи слов и словосочетаний с переводом на англиский язык.

Предназначен для специалистов в области физики твердого тела, материаловедения, атомной энергетики и других смежных наук, а также для студентов и аспирантов соответствующих специальности.


Анықтамалық радиациялық және плазмалық технологиялар саласы бойынша оқу құралы болып табылады. Авторлар осы салада қолданылатын терминдерді мүмкіндігінше толық жинақтауға, жүйеге келтіруге және анықтама беруге тырысты. Анықтамалық ағылшын тіліндегі аудармасы бар мыңнан аса сөз және сөзтіркестерінен тұрады.

Оқу құралы қатты дене физикасы, материалдартану, атом энергетикасы және басқада аралас ғылымдар саласының мамандарына, сонымен қатар сәйкес мамандықтардың студенттері мен аспиранттарына арналған.



УДК 53+544 (038)

ББК 24.5 Я 2

ISBN 978-601-7364-98-4 © Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, 2012

Введение
Радиационные и плазменные технологии обработки материалов – специфическая область знаний, которая включает в себя многие сферы человеческой деятельности: физику твёрдого тела, теорию взаимодействия ионизирующих излучений с веществом, технику генерации пучков заряженных частиц и плазмы, радиационные методы испытаний и диагностики материалов и изделий, плазмохимию и т.д.

Учебное пособие предназначено прежде всего для студентов, аспирантов и молодых учёных, изучающих методы обработки материалов с помощью пучков заряженных частиц, электромагнитного излучения и потоков плазмы.

Цель справочника – собрать в одном издании наиболее важные термины и их определения по радиационным и плазменным технологиям.

Справочник построен в алфавитном порядке, имя существительное предшествует прилагательному. Обозначено ударение. В словах, произношение которых не устоялось, указаны два варианта ударения. Большинство терминов приведено на английский язык и указано их происхождение, если они заимствованы из других языков.

В процессе структуризации автор старался объединить термины в группы (гнездо) вокруг ключевого слова (понятия). Это значит, что термины, состоящие из одного слова, и ведущие слова гнезд располагаются в общем алфавитном порядке. Но если это приводило к алогизмам, данная схема не использовалась и каждый термин рассматривался как самостоятельное понятие. Слово может быть многозначным, но в справочнике приводятся только те его значения, которые относятся к данной тематике. Если встречаются слова или словосочетания, имеющие несколько значений, то к ним даются несколько толкований, разделенных арабскими цифрами (приводятся только те его значения, которые относятся к данной тематике).

В некоторых определениях есть слова, выделенные курсивом. Они связаны с определяемым термином, но отражены в справочнике как самостоятельные понятия. Мы рекомендуем читателю познакомиться с их трактовкой как дополнительной информацией.

Также встречаются слова-омонимы: в этом случае они располагаются в разных гнездах.

Применяется система отсылок на другие статьи, позволяющие дать дополнительную информацию об интересующем понятии; отсылки приводятся ниже основной словарной статьи с пометкой См. также либо непосредственно после словарной статьи, располагающейся в общем гнезде и выделяется курсивом.

В конце приведен список литературы, которая послужила основой для составления настоящего справочника.

Данная версия справочника не носит исчерпывающего характера.



Кіріспе
Материалды өңдеудің радиациялық және плазмалық технологияcы - білімнің спецификалық облысы, яғни ол адамзат шығармашылығының көптеген сферасын қамтиды: қатты денелер физикасын, иондаушы сәулеленудің затпен әрекеттесуі, зарядталған бөлшектер және плазманың генерациясы техникасын, материалды радиациялық әдіспен зерттеуді, тексерістен өткізуді, плазмохимияны және т.б.

Оқу құралы ең алдымен зарядталған бөлшектер шоғыры, электромагниттік сәулелену және плазма ағыны көмегімен материалды өңдеу әдісін меңгеріп жатқан жас ғалымдар мен аспиранттарға және барлық студенттерге арналады.

Анықтамалықтың мақсаты – радиациялық және плазмалық технология бойынша маңызды терминдер мен олардың анықтамаларын бір басылымда жинақтау.

Анықтамалық алфавиттік реттілікпен құрастырылған, зат есім сын есімнің алдында келеді. Сөздерге екпіннің қалай түсетіндігі көрсетілген. Айтылуы тұрақталмаған сөздерге, екпіннің екі нұсқасы көрсетілген. Көптеген терминдердің ағылшын тіліндегі нұсқасы бар және сонымен қатар егер де олар басқа тілдерден енген болса олардың шығу төркіні көрсетілген.

Анықтаманы құрастыру процесінде автор терминдерді негізгі кілттік сөздің айналасында топтарға жинақтауға тырысты. Яғни, ол бір сөзден тұратын терминдер және бастаушы сөздер жалпы алфавиттік реттілікте орналастырылды. Егер де ол алогизмге алып келсе, берілген схема қолданылмады және әрбір термин өзінше түсінік ретінде қарастырылды. Сөз көп мағыналы болуы мүмкін, бірақ анықтамада қарастырылып отырған тақырыпқа қатысты мағынасы ғана келтірілді. Егер бірнеше мағынасы бар сөз және сөз тіркестері кездессе, оларға араб цифрларымен бөлінген бірнеше түсіндірмесі беріледі.

Кейбір анықтамаларда курсивпен ерекшеленген сөздер бар. Олар анықталатын терминмен байланысты, бірақ анықтамада өзінше бөлек түсінік ретінде де қарастырылған. Біз оқырмандарға олардың түсіндірмесімен қосымша ақпарат ретінде танысуларына кеңес береміз.

Сондай-ақ омоним сөздер де кездеседі: бұл жағдайда олар әртүрлі ұяшықтарда орналастырылған.

Қызықтырушы түсінік жөнінде қосымша ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқа мақалаларға сілтеме жүйесі де қолданылған. Сілтемелер сөздік мақаладан кейін төменгі жағында «Сонымен қатар қараңыз:» деген сілтемемен белгіленіп курсивпен ерекшеленеді.

Оқу құралының соңында осы анықтамалықты құрастыруға негіз болған әдебиеттер тізімі көрсетілген.

Анықтамалықтың берілген нұсқасы ең соңғы сипатта қамтымайды.





А

Аберрация

Aberration (от лат. aberratio – уклонение)

Искажение, погрешность изображения, создаваемые оптической, электронно-опти-ческой или ионно-оптической системами. Абберация проявляется в том, что опти-ческие изображения не вполне отчетливы или оказываются окрашенными.




Аберрация

Aberration ( латынша aberratio – бұрмалану)

Оптикалық, электронды-оптикалық немесе ионды-оптикалық жүйелер туғызатын кескін қателігі, бұрмалануы. Абберация құбылысы оптикалық кескіндердің айқын болмауынан немесе боялуынан байқалады.


аберрация сферическаяspherical aberration – обусловлена несовпадением фокусов лучей света, проходящих на разных расстояниях от оптической оси системы, приводит к изображению точки в виде кружка разной освещенности.

сфералық аберрация spherical aberration – жүйенің оптикалық осінен әртүрлі қашықтықтарда өтетін жарық сәулелері фокустарының сәйкес келмеуіне негізделген, нүкте кескінін жарықталуы әртүрлі шеңбер түріне келтіреді.

аберрация хроматическая chromatic aberration – обусловлена зависимостью показателя преломления прозрачной среды от длины волны света. В электронной или ионной оптике является результатом чувствительности отклоняющих свойств линзы (или электронного зеркала) к спектральной неоднородности пучка, наличия тепловых скоростей, дифракции частиц, образования пространственных зарядов и т.д.

хроматикалық аберрация ⁄ chromatic aberration – мөлдір ортаның сыну көрсеткішінің жарықтың толқын ұзындығына тәуелділігіне негізделген. Электронды немесе ионды оптикада линзаның (немесе электронды айнаның) ауытқытушы қасиет-терінің шоғырдың спектралды біртексіз-дігіне, жылулық жылдамдық-тарының бар болуына, бөлшектер дифракциясына, кеңістіктік зарядтардың пайда болуына және т.б сезгіштігінің нәтижесі болып табылады.


Абляция

Ablation (от лат. аblatio – отнятие, убыль, устранение).

Унос вещества с поверхности твёрдого тела, вызванный воздействием потока горячих газов, плазмы, пучка заряженных частиц, излучения лазера. Если скорость абляции велика, возникает «эффект отдачи», приводящий к сжатию мишени. В инер-циальном термоядерном синтезе на основе пучков заряженных частиц или излучения лазера абляция является важным механ-измом сжатия таблетки термоядерного топ-лива. Существуют специальные теплоза-щитные материалы, высокие функ-циональные свойства которых достигаются за счёт абляции - энергоемкого процесса уноса испарившегося вещества с поверх-ности твердого тела. Абляционные мат-ериалы наносят на поверхность ракет, космических аппаратов и камер сгорания ракетных двигателей для обеспечения требуемого температурного режима их работы при воздействии интенсивных тепловых потоков.

См. также испарение, распыление, эрозия.




Абляция

Ablation (латынша аblatio – тартып алу, кему, ескіру).

Ыстық газ ағынының, зарядталған бөлшектер шоғырының, плазманың, лазер сәулесінің әсерінен қатты дене бетінен зат массасын жұлып алу процесі. Абляцияның жылдамдығы жоғары болса, нысанның сығылуына әкелетін «тебілу эффектісі» пайда болады. Инерциалды термоядролық синтезде зарядталған бөлшектер немесе лазердің сәулесі негізіндегі термоядролық отынның таблеткасын сығудың маңызды механизмі болып табылады. Жоғары функционалды қасиеттеріне қатты дене бетінен буланатын заттың жұлып алынатын энерго-сыйымдылықты процессі болатын абляция есебінен ие болатын арнайы жылудан қорғайтын материалдар бар. Абляциялық материалдарды ракетаның, ғарыштық аппараттардың және ракета қозғалтқыштарының жану камерасының беттеріне қарқынды жылу ағындарының әсері кезінде қажет температуралық режимді қамтамасыз ету үшін қаптайды.

Сон.қ. қараңыз: булану, тозаңдану, эрозия




Абсорбция

Absorption (от лат. аbsorptio, -поглощаю).

Поглощение вещества из газовой смеси (абсорбата) жидкостями или твердыми телами (абсорбентами), один из видов сорбции. При абсорбции поглащение происходит во всем объеме абсорбента (в отличие от адсорбции – поглощения вещества поверхностью).



Абсорбция

Absorption ( латынша аbsorptio -жұтамын).

Қатты дененің (абсорбеттің) немесе сұйықтың газ қоспасынан (абсорбата) затты жұту процесі, сорбцияның бір түрі. Абсорбция кезінде жұтылу абсорбенттің бүкіл көлемінде өтеді (ал адсорбция кезінде жұту процесі заттың тек бетінде ғана жүреді).



Авария радиационная (ядерная)

Radiation accident

Потеря управления источником ионизирующего излучения, вызванная неисправностью оборудования, неправиль-ными действиями персонала, стихийными бедствиями или иными причинами, которая привела к облучению людей или радиоак-тивному загрязнению окружающей среды, превышающим величины, регламентир-ованные для контролируемых условий.



Радиациялық апат (ядролық)

Radiation accident

Қондырғының істен шығуы, қызметкерлердің қателігінен, табиғи апаттардан немесе басқа да себептер әсерінен адамдардың, қоршаған ортаның бақыланатын жағдайлар үшін белгіленген шамадан асатын радиациялық сәулеленуіне немесе радиациялық ластануына әкелетін (әкеп соғуы мүмкін) иондаушы сәуле көзін басқаруды жоғалту.


авария радиационная проектная / designed radiation accident — авария, для которой проектом определены исходные и конечные состояния радиационной обстановки и предусмотрены системы безопасности.

жобалық радиациялық апат / designed radiation accident — радиациялық жағдайдың бастапқы және соңғы күйлері жобамен анықталған және қауіпсіздік жүйесі қарастырылған апат.

авария ядерная / nuclear accident — авария, произошедшая вследствие неконтрол-ируемой самоподдерживающейся цепной ядерной реакции деления.

ядролық апат / nuclear accident — бақыланбайтын өзін-өзі қолдайтын ядролық ыдыраудың тізбекті реакциясы салдарынан болатын апат.


Автоионизация (ионизация полевая)

Autoionization (field ionization).

Процесс ионизации атомов и молекул газа в сильном электрическом поле.



Автоиондалу (өрістік иондалу)

Autoionization (field ionization).

Күшті электр өрісінде газ атомдары және молекулаларының иондалу процесі.



Авторадиогра́фия

Autoradiography, radioautography.

Метод измерения пространственного распределения радиоактивных веществ в исследуемом объекте по их собственному излучению, которое спонтанно испускается радиоизотопами вследствие (а) предварительной бомбардировки материала нейтронами; (в) добавлением в сплав подобных элементов; (с) наличием в материале пустот, содержащих радио-изотопы. Разрешение достигает 0,1 мкм.



Авторадиография

Autoradiography, radioautography.

Зерттелуші объектідегі радиобелсенді заттардың кеңістіктік таралуын материалды нейтрондармен алдын ала атқылау (а); құймаға ұқсас элементтерді қосу (в); материалда радиоизотоптардан тұратын бос орындардың болуы (с) салдарынан радиоизотоптар спонтанды шығаратын олардың меншікті сәулеленуі бойынша өлшеу әдісі. Ажырату мүмкіндігі 0,1 мкм-ге дейін жетеді.


Автоэпитаксия то же, что гомоэпитаксия (см.ст.эпитаксия ).

Автоэпитаксия – гомоэпитаксия (эпитаксияны қараңыз).


Адатом

Adatom, adsorbed atom (от англ. adsorbed atom – адсорбированный атом)

Атом, адсорбированный поверхностью твердого тела. Сокращение, принятое в среде специалистов по физике поверхности твердого тела.



Адатом

Adatom, adsorbed atom (англ. adsorbed atom –адсорбирленген атом)

Қатты дене беті адсорбирлеген атом. Қатты дене бетінің физикасы бойынша мамандар арасында қабылданған қысқарту.


адатом внешний external adatomадатом, возникающий в равновесных условиях, например путем осаждения из газовой фазы.

ішкі адатом external adatomтепетеңдік жағдайында туындайтын адатом, мысалы газ фазасынан тұндыру жолымен алынады.

адатом термическийthermal adatom – адатом, возникающий в равновесных условиях.

термиялық адатом ⁄ thermal adatom – тепетеңдік шартында туындайтын адатом.


Адгезив

Adhesive


Вещество, способное соединять материалы путем поверхностного сцепления (цемент, клей, смолу, пасту, т.д.).


Адгезив

Adhesive


Материалдарды беттік ілінісу жолымен байланыстыруға қабілетті зат (цемент, желім, шәйір, паста және т.б.).


Адгезия

Adhesion (от лат. аdhaesio – прилипание, сцепление, притяжение).

Способность сцепления между приведен-ными в контакт поверхностями двух разнородных твёрдых или жидких тел (фаз). Адгезия возникает как результат действия межмолекулярных сил и сил химического взаимодействия. Предельный случай адгезии – химическое взаимодействие на поверхности раздела (хемосорбция). Изме-ряется силой отрыва поверхностей, нормир-ованной на единицу площади контакта.



Адгезия

Adhesion (латынша аdhaesio – жабысу, іліну, тартылу).

Өзара жанастырылған әр текті қатты немесе сұйық дене (фаза) беттерінің ілінісу қабілеті. Адгезия молекулааралық және химиялық өзара әсерлесу күштерінің нәтижесінде туындайды. Адгезияның шекті жағдайы – бөліну бетіндегі химиялық өзара әсерлесуі болып табылады (хемосорбция). Ол жанасу бетінің бірлік ауданына мөлшерленген беттердің үзілу күшімен өлшенеді.



Адсорбат

Adsorbate, adsorbed substance

Вещество, поглащаемое поверхностью адсорбента при адсорбции.



Адсорбат

Adsorbate, adsorbed substance



Адсорбция кезінде адсорбент бетімен жұтылатын зат.


Адсорбент

Adsorbent (новолат. аdsorbens, род. п. adsorbentis – поглащающий, всасывающий)

Искуственное или природное тело с развито й поверхностью, которая хорошо поглащает (адсорбирует) вещества из газов и растворов, окружающих адсорбент. Адсорб-ционные свойства адсорбента зависят от химического состава и физического состоя-ния поверхности, а также от пористости и удельной поверхности (поверхности, приходящейся на 1 г вещества).



Адсорбент

Adsorbent (қазіргі лат. аdsorbens, ілік с. adsorbentis – жұтушы, сорушы )

Адсорбентті қоршайтын газдар мен ерітінділерден заттарды жақсы жұтатын (адсорбирлейтін) беті жетілген жасанды немесе табиғи дене. Адсорбенттің адсорбциялық қасиеттері беттің химиялық құрамы мен физикалық күйіне, сондай-ақ кеуектік сипаты мен меншікті бетіне (1 г. затқа тура келетін бетке) тәуелді.



Адсорбция

Adsorption (от лат. аd-на, при и sorbeo-поглощаю)

Явление поглощения газов и паров, а также растворенных веществ поверхностным слоем твердых тел (адсорбентов). В зависимости от характера межатомных (межмолекулярных) сил различают физическую адсорбцию и хемосорбцию. Физическая адсорбция не сопровождается химическими изменениями молекул. Она позволяет создавать многослойные системы, обеспечивает миграцию адатомов. Является частным случаем сорбции.




Адсорбция

Adsorption (лат. аd - үстінде, кезде және sorbeo-жұтамын)

Газдарды және буларды, сонымен қатар еріген заттарды қатты денелердің (адсорбенттердің) беткі қабатының жұту құбылысы. Атомаралық (молекулааралық) күштердің сипаттарына тәуелді физикалық адсорбция мен хемосорбцияны ажыратады. Физикалық адсорбция кезінде молекула-лардың химиялық өзгерісі байқалмайды. Ол адатомдардың орын ауыстыруын қамтамасыз ете отырып көпқабатты жүйелер жасауға мүмкіндік береді. Сорбцияның жеке жағдайы болып табылады.



адсорбция радиационная / radiation adsorbtion – адсорбция, стимулируемая излучением.

См. также абсорбция, десорбция, хемосорбция.



радиациялық адсорбция / radiation adsorbtion – сәулелену туғызатын адсорбция.

Сондай-ақ қараңыз абсорбция, десорбция, хемосорбция.




Азотирование ионное (плазменное)

Nitriding, nitride hardening, nitration, nitridating, nitridation

Насыщение поверхностного слоя стали, чугуна и сплавов тугоплавких металлов азотом (обычно при 500—1200 °С) с целью улучшить его механические свойства.



Иондық азоттау (плазмалық)

Nitriding, nitride hardening, nitration, nitridating, nitridation

Болаттың, шойынның және қиын балқитын металл қорытпалары беткі қабаттарының механикалық қасиеттерін жақсарту мақсатында азотпен қанықтыру (негізінен 500-1200oC кезінде) процесі.


азотирование ионное (плазменное) / ion (plasma) nitriding — более эффективный процесс азотирования, разработанный в последние годы, при котором в разрежен-ной азотсодержащей среде между катодом (деталью) и анодом возбуждается тлеющий разряд с образованием плазмы. При этом ионы азота, бомбардируя поверхность катода, одновременно нагревают её. Температура азотирования — 470-580 °С, давление - 0,13-1,3 кПа, рабочее напря-жение - от 400 до 1100 В, продолжитель-ность процесса - от нескольких минут до 24 ч. В качестве азотсодержащих газов применяют NH3, N2 и смесь N2 с Н2. Ионное азотирование ведут в две стадии: очистка поверхности катодным распылением и соб-ственно насыщение. Обычно его применяют для стали, легированной нитридообразую-щими элементами — А1, Сг, Мо. В послед-ние годы активно развиваются методы азотирования с одновременным осаждением металлических плёнок (например, меди), регулирующих скорость образования нитридов, кинетику роста и размеры кристаллитов.

иондық азоттау (плазмалық) / ion (plasma) nitriding — катод (бұйым) және анод арасында құрамында сиретілген азотты ортада плазма түзе отырып тәжді разряд қоздырылатын, соңғы жылдары өндірілген азоттаудың тиімді процесі. Мұнда азот иондары катод бетін атқылай отырып, оны қыздырады. Азоттау температурасы – 470-580оС, қысымы – 0,13-1,3 кПа, жұмыстық кернеу – 400-1100 В, процес ұзақтығы – бірнеше минуттан 24 сағатқа дейін созылады. Құрамында азоты бар газ ретінде NH3, N2 және N2 тың Н2 мен қоспасын қолданады. Иондық азоттауды екі сатыда жүргізеді: катодтық тозаңдату арқылы бетті тазарту және өзін-өзі қанықтыру. Әдетте оны нитрид түзуші элементтермен (А1, Сг, Мо) легирленген болат үшін қолданады. Соңғы жылдары нитрид түзуші жылдамдығын, кинетика өсімін және кристаллиттардың өлшемін қалыпқа келтіретін, металл пленкаларын бір мезетте тұндырумен (мысалы, мыс) азоттау әдісі қарқынды дамып келеді.


Аквадаг

Aquadag


Суспензия графита в воде, обычно применяемая для образования электропроводящего слоя на внутренней поверхности электронно-лучевых трубок и другого вакуумного оборудования.


Аквадаг

Aquadag


Әдетте электронды-сәулелік түтікшелердің және басқа вакуумдық жабдықтардың ішкі бетінде электрөткізгіш қабат тудыру мақсатында қолданылатын, судағы графит суспензиясы.


Аккомода́ция (энергии)

Accomodation (от лат. аccomodatio – приспособление).

Применительно к технологиям обработки поверхности твёрдых тел пучками заряженных частиц, потоками плазмы, нейтральных атомов (или молекул) – это явление изменения энергии частиц в составе пучка (потока) в результате их теплообмена с твёрдофазной поверхностью (например, со стенкой канала, по которому они движутся).

См. также коэффициент аккомодации.




Аккомодация (энергияны)

Accomodation (лат. аccomodatio – бейімделу).


Қатты дене бетін зарядталған бөлшектер шоғырымен, плазма немесе бейтарап атомдар (немесе молекулалар) ағынымен өңдеу технологиясына сай – бұл шоқ (ағын) құрамындағы бөлшектердің энергиясының қатты фазалық бетпен жылу алмасуы нәтижесінде (мысалы, олар қозғалатын каналдың қабырғасымен) өзгеру құбылысы.

Сондай-ақ қараңыз аккомодация коэффициенті.




Аксептанс (аксептанс)

Acceptance

Наибольший эмиттанс, который может быть достигнут ускорителем (источником заряженных частиц) без потерь.



Аксептанс (аксептанс)

Acceptance

Үдеткіш (зарядталған бөлшектер көзімен) шығынсыз қол жеткізуге болатын ең үлкен эмиттанс.



Активация

Activation

Интенсификация физико-химических процессов путём выведениея системы из стабильного состояния в нестабильное. Средствами воздействия (активирования) могут быть термоактивация, механический удар (механоактивация), трение (трибохимия), корпускулярно-фотонное излучение, плазма, электрические разряды, химическая обработка и т. д. Активация, как правило, сопровождается изменением термодинамичес-кого состояния вещества, в частности увеличением внутренней энергии системы.



Активтеу

Activation

Жүйенің тұрақты күйінен тұрақсыз күйіне өткізу арқылы физика-химиялық процестердің қарқындылығын арттыру. Ықпал ету (активтеу) құралы ретінде термоактивтеу, механикалық соққы (механикалық активтеу), үйкеліс (трибохимия), корпускулалық фотонды сәулелену, электрлік разрядтар, химиялық өңдеу және т.б. болуы мүмкін. Активтеу негізінен заттың термодинамикалық күйінің өзгеруімен, атап айтқанда жүйенің ішкі энергиясының артуымен қатар жүреді.


активация пластмассы / plastic activation —повышение реакционной способности поверхности пластмассы путем удаления или химического превращения неактивного вещества на поверхности. Примерами являются удаление соединений углерода или образование полярных групп на полиолефинах. Активация часто является обязательным условием для последующего процесса нанесения покрытий с целью обеспечения достаточного смачивания или, соответственно, адгезии наносимого слоя. Наиболее универсальный метод состоит в плазменной активации. Наряду с этим существуют такие методы, как обработка пламенем, коронным разрядом или химические ванны для активации.

пластмассаның активтенуі / plastic activation —пластмасса бетінен активті емес затты химиялық түрлендіру немесе алып тастау арқылы оның реакциялық қабілетін арттыру. Мысал ретінде полиолефиндегі көміртегі байланысын жою немесе полярлы топтарды түзу процесін айтуға болады. Активтеу әрі қарай қаптама жүргізу процесі үшін жағылатын қабаттың адгезиясы немесе сәйкесінше жеткілікті дәрежеде дымқылдануы мақсатында міндетті болып табылады. Әмбебап әдістердің бірі-плазмалық активтеу. Мұнымен қатар активтеуге арналған: жалынмен, тәжді разрядпен немесе химиялық ваннамен өңдеу сияқты әдістер бар.

активация поверхности плазменная / plasma surface activation — обработка поверхности твёрдого тела или частиц порошкового материала с помощью плазмы (например, в тлеющем разряде) перед нанесением на неё (поверхность) модифицирующего покрытия. Благодаря этому существенно возрастает вероятность образования химических связей между молекулами покрытия и подложки.

бетті плазмалық активтеу / plasma surface activation — қатты дененің бетін немесе ұнтақты материал бөлшектерін оған модификациялаушы қаптаманы жүргізбес бұрын оларды плазманың (мысалы, солғын разрядтағы) көмегімен өңдеу. Осының арқасында қаптама мен төсеніштің молекулалары арасында химиялық байланыстардың түзілуінің ықтималдығы артады.


Активность

Activity (от лат. Activus – деятельный).

Характеристика интенсивности процесса или способности вешества к какому-либо действию. Слово приобретает конкретный смысл при сочетании с существительным или прилагательным.



Белсенділік

Activity (лат. Activus – жігерлі, әрекетті).



Қандай да бір әсерге процесстің қарқындылығының немесе заттың қабілетінің сипаттамасы. Сөз зат есіммен немесе сын есімдермен үйлескенде нақты мағынаға ие болады.

активность минимально значимая / minimally significant activity активность открытого источника ионизирующего излучения в помещении или на рабочем месте, при превышении которой требуется разрешение органов госсанэпиднадзора на использование этих источников, если при этом также превышено значение мини-мально значимой удельной активности.

минимальді ескерілетін белсенділік / minimally significant activity ғимаратта немесе жұмыс орнында оның артуы осы көздерді қолдануға мемсанэпидбақылау (госсанэпиднадзор) рұқсатын қажет ететін, меншікті мәнге ие минмаль мәні артпаған жағдайда, иондаушы сәулеленің ашық көзінің белсенділігі.

активность минимально значимая удельная / specific minimally significant activity — удельная активность открытого источника ионизирующего излучения в помещении или на рабочем месте, при превышении которой требуется разрешение органов госсанэпиднадзора на использование этого источника, если при этом также превышено значение минимально значимой активности.

минимальді ескерілетін меншікті белсенділік / specific minimally significant activity — ғимаратта немесе жұмыс орнында оның артуы осы көздерді қолдануға мемсанэпидбақылау (госсанэпиднадзор) рұқсатын қажет ететін, меншікті мәнге ие минмаль мәні артпаған жағдайда, иондаушы сәулеленің ашық көзінің меншікті белсенділігі.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет