активность оптическая / optical activity — способность среды вызывать вращение плоскости поляризации проходящего через неё оптического излучения.
|
оптикалық белсенділік / optical activity — ортаның одан өтетін оптикалық сәулесі арқылы өтетін поляризация жазықтығының айналдыру қабілеті.
|
активность поверхностная / surface activity — способность адсорбируемого вещества существенно снижать поверхност-ное натяжение адсорбирующего вещества.
|
беттік белсенділік / surface activity — адсорбцияланушы заттың адсорбциялаушы заттағы беттік керілуді төмендету қабілеті.
|
активность радиоактивного источника излучения / radioactive emission sourse activity — количество распадов радиоактивных атомных ядер источника в секунду. В системе СИ один распад в секунду соответствует одному беккерелю (Бк). Внесистемная единица — кюри (Ки). Один Ки равен 3,7 x 1010 Бк
|
радиоактивті сәулелену көзінің белсенділігі / radioactive emission sourse activity —радиоактивті атомдық ядролар көзінің ыдырау саны. ХБ жүйесінде секундына бір ыдырау бір беккерельге (Бк) сәйкес келеді. Жүйеден тыс бірлік – кюри (Ки). Бір Ки 3,7 x 1010 Бк тең.
|
активность радиационная – то же, что радиоактивность.
|
радиациялық белсенділік – радиобелсенділік.
|
активность удельная массовая (объемная) / mass (volume) specific activity – отношение активности источника радиоактивного излучения к массе (объему) вещества, содержащегося в источнике. Единица удельной активности – беккерель на килограмм, Бк/кг. Единица объемной активности – беккерель на метр кубический, Бк / м3
|
меншікті массалық (көлемдік) белсенділік / mass (volume) specific activity – радиоактивті сәулелену көзі белсенділігінің көз құрамындағы зат массасына (көлеміне) қатынасы. Меншікті белсенділік бірлігі – килограмға беккерель, Бк/кг. Көлемді белсенділік бірлігі – беккерель куб метрге, Бк/м3.
|
Акцептанс – см. аксептанс
|
Акцептанс – аксептансты қараңыз.
|
Акцептор
Acceptor (от лат. Acceptor – принимающий)
Дефект кристалической решетки полупроводника в виде примесного атома, который может захватывать электроны из валентной зоны у доноров, образуя в ней дырки, участвующие в электропроводности.
|
Акцептор
Acceptor (от лат. Acceptor – қабылдаушы)
Жартылай өткізгіштің кристалдық торының электрөткізгіштікке қатысатын кемтіктерін түзе отырып, валентті аумақтағы донорлардан электрондарды қармай алатын қоспалық атом түріндегі ақауы.
|
акцептор радиационный / radiation acceptor – акцептор, появление которого связано с воздействием ионизирующих излучений.
|
радиациялық акцептор / radiation acceptor – иондаушы сәулеленулердің әсеріне байланысты пайда болатын акцептор.
|
Аллотропия
Allotropy, allotropism
Существование химических элементов в двух или более молекулярных либо кристалических формах. Например, аллотропами являются обычный кислород O2 и озон O3; в этом случае аллотропия обусловлена образованием молекул с разным числом атомов. Чаще всего аллотрория связана с образованием кристаллов различных модификаций (полиморфизм).
См. также полиморфизм.
|
Аллотропия
Allotropy, allotropism
Химиялық элементтердің екі немесе одан да көп молекулалы, не кристалды түрде болуы. Мысалы, кәдімгі оттегі O2 мен озон O3 аллотроптарға жатады; бұл жағдайда аллотропия атомдар саны әртүрлі молекулалардың түзілуіне негізделген. Көп жағдайда аллотропия түрлі модификациялардағы (полиморфизм) кристалдардың пайда болуымен байланысты.
Сондай-ақ қараңыз полиморфизм.
|
Алитирование
Aluminizing, calorizing
Насыщение поверхности металлических (из никелевых сплавов, сталей и чугуна) деталей алюминием с целью повышения жаростойкости и сопротивления атмосферной коррозии.
|
Алитирлеу
Aluminizing, calorizing
Ыстыққа төзімділікті және атмосфералық коррозияға қарсы тұруын арттыру мақсатында металл бұйымдардың (никель қорытпалардан, болат және шойын) бетін аллюминиймен қанықтыру.
|
Аллиготоринг (сетка трещин)
Alligatoring
1. Явные широкие трещины на поверхности покрытия, имеющего внешний вид кожи аллигатора. 2. Продольное расщепление поверхности покрытия в плоскости обработанной поверхности. Дефект, также называемый «рыбьим ртом».
|
Аллиготоринг (жарықшақ торы)
Alligatoring
1. Сыртқы түрі аллигатор терісіндей қаптаманың бетіндегі анық байқалатын жалпақ жарықшақтар. 2. Өңделген бет жазықтығындағы қаптама бетінің бойлық бөлшектенуі. Сондай-ақ, бұл ақау «балық аузы» деп аталады.
|
Альбедо
Albedo, reflectance (от лат. аlbedo – белизна).
Величина, характеризующая способность поверхности какого-либо тела отражать (рассеивать) падающее на него излучение. Иногда под альбедо понимают коэффициент отражения, т.е. отношение величины потока частиц, отражённых поверхностью, к потоку частиц, упавших на неё за этот же промежуток времени.
|
Альбедо
Albedo, reflectance (лат. аlbedo – ақтық).
Дене бетінің өзіне түскен сәулені шағылдыру (шашырату) қабілетін сипаттайтын шама. Кейде альбедо деп шағылдыру коэффициентін, яғни беттен шағылған бөлшектер ағыны шамасының осы уақыт аралығында оған келіп түскен бөлшектер ағынына қатынасы ретінде де түсінеді.
|
Альфа-излучение
Alpha-radiation
Вид ионизирующего излучения — поток положительно заряженных частиц (альфа-частиц), испускаемых при радиоактивном распаде и ядерных реакциях. Проникающая способность альфа-излучения невелика (задерживается листом бумаги). Чрез-вычайно опасно попадание источников альфа-излучения внутрь организма с пищей, воздухом или через повреждения кожи.
|
Альфа – сәуле
Alpha-radiation
Иондаушы сәуленің бір түрі - радиоактивті ыдырау және ядролық реакциялар кезінде бөлінетін оң зарядталған бөлшектер (альфа-бөлшектер) ағыны. Альфа-сәуленің өтімділігі үлкен емес (қағаз парағынан өте алмайды). Альфа-сәуле көздерінің тамақ, ауа немесе зақымданған тері арқылы ағзаға енуі өте қауіпті.
|
А́льфа-распад
Alpha decay
Самопроизвольное испускание альфа-частиц радиоактивными ядрами.
|
Альфа-ыдырау
Alpha decay
Радиоактивті ядроның альфа-бөлшекті өздігінен бөліп шығаруы.
|
А́льфа-частица
Alpha particle, helion
Ядро гелия, состоящее из двух протонов и двух (реже одного) нейтронов.
|
Альфа-бөлшек
Alpha particle, helion
Екі протон мен екі (кейде - бір) нейтроннан тұратын гелий атомының ядросы.
|
Аморфизация
Amorphisation
Потеря твёрдым телом анизотропности свойств, присущих кристаллическим (поликристаллическим) структурам. Для них характерны изотропность и отсутствие единой точки плавления. В радиационной физике твёрдого тела принят термин «рентгено-аморфная структура», т.е. структура, рентгенограмма которой не имеет явно выраженных пиков для определённых углов и содержит галло в широком диапазоне углов.
|
Аморфтану
Amorphisation
Қатты денелердің кристалдық (поликристалл) құрылымдарына тән анизатроптық қасиетінен айырылуы. Оларға изотроптық және бірегей балқу нүктесінің болмауы тән. Қатты дененің радиациялық физикасында «рентгенді-аморфтық құрылым» деген термин, яғни рентгенограммасы белгілі бір бұрышта анық байқалатын шыңы жоқ және бұрыштың кең диапазонында галлоны қамтитын құрылым қолданылады.
|
Амплитуда процесса рассеяния
Scattering process amplitude
В квантовой теории поля это величина, квадрат модуля которой определяет вероятность (или эффективное сечение) рассеяния. Совокупность всех возможных процессов рассеяния описывается матрицей рассеяния.
|
Шашырау процесінің амплитудасы
Scattering process amplitude
Өрістің кванттық теориясында бұл шаманың модулінің квадраты шашырау ықтималдығын (немесе эффективті қиманы) анықтайды. Шашыраудың барлық ықтимал процестерінің жиынтығы шашырау матрицасының көмегімен сипатталады.
|
Ангстрем (устаревш. – А́нгстрем)
Angstrom unit (по имени швед.физика А.Й. Ангстрема / A.J. Ångström).
Внесистемная единица длины, широко употребляемая в атомной и радиационной физике, равная 10-10м.
|
Ангстрем (көнерген – А́нгстрем)
Angstrom unit (А.Й. Ангстрема / A.J. Ångström швед физигі атында).
Атомдық және радиациялық физикада кеңінен қолданылатын 10-10м-ге тең, ұзындықтың жүйеден тыс өлшем бірлігі.
|
Анализ вещества
Analysis (от греч. analysis – разложение, расчленение)
Совокупность методов определения состава, структуры, физических свойств вещества, из которого состоит исследуемый образец, размеров и местоположения его структурных элементов, также параметров процессов, которые в нем происходит в результате перехода в равновесное состояние или в результате внешних воздействий.
|
Зат талдауы
Analysis (грек тілінен ауд. analysis – жітелу, мүшелену)
Зерттелетін нұсқа құрамындағы заттың құрамын, құрылысын, физикалық қасиеттерін, оның құрылымдық элементтерінің өлшемдерін және орналасуын, сонымен қатар тепе тең күйге өту нәтижесінде немесе сыртқы әсерлердің нәтижесінде іске асатын процестердің параметрлерін анықтау әдістерінің жиынтығы.
|
анализ активационный / activation analysis – общее название методов анализа вещества с целью определения его химического или изотопного состава, основанных на облу-чении его каким-либо потоком частиц, благодаря чему часть ядер превращается в радиоактивные, с последующим исследо-ванием и идентификацией характеристик их излучения.
|
белсенді талдау / activation analysis –ядролардың бір бөлігі радиоактивті ядроларға айналдырып, одан ары зерттейтін және сәулелену сипаттамаларын идентификациялайтын заттың химиялық немесе изотопты құрамын анықтау мақсатында затты талдау әдістерінің жалпылама атауы.
|
анализ активационный на заряженный частицах / charged particle activation analysis - метод анализа вещества с целью определения химического или изотопного состава, основанный на облучении его потоком заряженных частиц, благодаря чему часть ядер превращается в радиоактивные, с последующим исследованием и идентификацией характеристик их излучения.
|
зарядталған бөлшектердегі белсенді талдау / charged particle activation analysis – зарядталған бөлшектер ағымының сәулеленуіне негізделген, одан ары зерттейтін және сәулелену сипаттамаларын идентификациялайтын химиялық немесе изотоптық құрамын анықтау мақсатында заттарды талдау әдісі.
|
анализ гамма-адсорбционный / gamma-adsorption analysis – метод элементаного анализа, основанный на измерении степени ослабления потока гамма-излучения при прохождении его через исследуемый образец.
|
гамма-адсорбциялық талдау / gamma-adsorption analysis – зерттеліп жатқан нұсқа арқылы гамма-сәуле ағынының әлсіреу деңгейін өлшеуге негізделген қарапайым талдау әдісі.
|
анализ изотопный / isotropic analysis – определение содержания изотопов в исследуемом объекте. Концентрацию стабильных и долгоживущих радиоактивных изитопов устанавливают с помощью изитопной масс-спектроскопии.
|
изотопты талдау / isotropic analysis – зерттелетін объектідегі изотоптар құрамын анықтау. Орнықты және ұзақ өмір сүретін радиоактивті изотоптар концентрациясын изотопты масс-спектроскопиямен анықтайды.
|
анализ люминесцентный / luminescence analysis – совокупность методов анализа, основанных на явлении люминесценции. Наибольшее растпространение получил метод, основанный на фотолюминесценции исследуемого вещества, возбуждаемой ультрафиолетовым излучением.
|
люминесцентті талдау / luminescence analysis – люминесценция құбылысына негізделген талдау әдістерінің жиынтығы. Ультракүлгін сәулемен қоздырылатын, зерттелетін заттың фотолюминесценциясына негізделген әдіс кең тараған.
|
анализ нейтронно-абсорбционный / neutron absorbtion analysis – метод количественного определения элементов, а также отдельных нуклидов по ослаблению потока нейтронов, проходящего через слой анализируемого вещества. Ослабление потока может происходить вследствие взаимодействия нейтронов (их поглощения или рассеяния) из коллимированного пучка с ядрами определяемого элемента. Содержание элемента в пробе определяют по увеличению поглощения нейтронов, используя при этом стандартные образцы для сравнения.
|
нейтронды-адсорбциялық талдау / neutron absorbtion analysis – элементтерді, сонымен қатар жекелеген нуклидтерді талданатын заттар қабаты арқылы өтетін нейтрондар ағынының әлсіреуі бойынша сандық анықтау әдісі. Ағынның әлсіреуі анықталатын элементтің ядросымен коллимирленген шоқтағы нейтрондардың (олардың жұтылуы немесе шашырауы) өзара әсерлесуі салдарынан болуы мүмкін. Сынамадағы элементтің құрамын салыстыру үшін стандартты үлгілерді қолдана отырып, нейтрондардың жұтылыуының артуы бойынша анықтайды.
|
анализ рентгеновский структурный (рентгеноструктурный) / X-ray diffractions analysis – метод исследования структуры твердого тела по угловому распределению и интенсивности рассеянного на анализируемом объекте рентгеновского излучения.
|
рентгенді құрылымдық талдау (рентгендіқұрылымдық) / X-ray diffractions analysis – қатты дененің құрылымын талданатын нысанда шашыраған рентген сәулесінің бұрыштық таралуы және қарқындылығы бойынша зерттеу әдісі.
|
анализ рентгеновский фазовый / X-ray phase analysis – метод качественного и количественного анализа фазового состава поликристаллических материалов, основанный на изучении дифракции рентгеновских лучей.
|
рентгенді фазалық талдау / X-ray phase analysis – рентгендік сәулелердің дифракциясын зерттеуге негізделген поликристал материалдардың фазалық құрамын сапалық және сандық талдау әдісі.
|
анализ рентгенорадиометрический / X-ray radiometric analysis – метод элементного анализа, основанный на измерении интенсивности характеристического рент-геновского излучения, возникающего в результате взаймодействия ионизирующего излучения радионуклидного источника с электронами внутренних оболочек атомов определяемых элементов. Для регистрации рентгеновского излучения используют радиометрическую аппаратуру. Метод поз-воляет проводить неразрущающий анализ, результаты которого не зависят от хими-ческого и агрегатного состояний анализ-ируемого объекта. Существуют два вари-анта рентгенорадиометрического анализа – флуоресцентный и абсорбционный.
|
рентгенді радиометрлік талдау / X-ray radiometric analysis –радионуклидті көздің иондаушы сәулесінің анықталатын элемент атомының ішкі қабықшасының электрондарымен әсерлесуі нәтижесінде пайда болатын сипаттамалық рентеген сәулесінің қарқындылығын өлшеуге негізделген элементтік талдау әдісі. Ренгендік сәулеленуді тіркеу үшін радиометрикалық аппаратты қолданады. Бұл әдіс нәтижесі талданатын объектінің химиялық және агрегаттық күйіне тәуелсіз бұзылмайтын талдауларды жүргізуге мүмкіндік береді. Рентгенорадиометрикалық талдаудың екі нұсқасы бар, олар – флуоресцентті және абсорбциялық.
|
анализ рентгенофлуоресцентный / X-ray fluorescent analysis – метод исследованияя химического состава веществ, основанный на наблюдении их флуоросценции в рент-геновском диапазоне длин волн, которая вызвана облучением образца обычно ускоренными электронами или ионами.
|
рентгенді флуоресценттік талдау / X-ray fluorescent analysis – толқын ұзындығының рентгендік диапазонда, үлгіні үдетілген электрондармен немесе иондармен сәулелендіру арқылы туындаған флуоресценциясын бақылауға негізделген заттың химиялық құрамын зерттеу әдісі.
|
анализ спектральный / spectral analysis – совокупность методов определения элементного и молекулярного состава и строения вещества по его спектрам. С помощью анализа спектрального определяют как основные компоненты, составляющие 50-60 % вещества анализируемых объектов, так и незна-чительные примеси в них (до 10-5-10-8 % ).
|
спектрлік талдау / spectral analysis –
Заттардың спектрі бойынша элементтік және молекулалық құрамын, құрылысын анықтау әдістерінің жиынтығы. Спектральді талдау көмегімен талданатын объектінің 50-60 % пайызын құрайтын заттың негізгі компоненттерін де, ондағы (10-5-10-8 % шейінгі ) аз қоспаларды да анықтайды.
|
анализ спекральный атомный / atomic spectral analysis – физические методы качественного и количественного определения атомного состава вещества, основанные на получении и исследовании его спектров.
|
спектрлік атомдық талдау / atomic spectral analysis –заттың атом спектрін алу және зерттеуге негізделген, заттың атомдық құрамының сапалық және сандық анықтаудың физикалық әдісі.
|
анализ спектральный молекулярный / molecular spectral analysis – метод исследования межатомных связей в молекуле, построенный на основе качественного и количественного сравнения спектров исследуемого образца со спектрами индивидуальных веществ.
|
спектрлік молекулярлық талдау / molecular spectral analysis – зерттелетін нысанның спектрін дербес заттардың спектрлерімен сапалық және сандық салыстыру салыстыру негізінде құрылған, молекуладағы атомаралық байланыстарды зерттеу әдісі.
|
анализ спектральный рентгеновский (рентгеноспектральный) / X-ray spectral analysis – элементный анализ химического состава вещества по его спектру рентгеновского излучения атомов.
|
спектрлік рентгендік талдау (рентгендіспектрлік) / X-ray spectral analysis – атомдардың рентгендік сәулелену спектрі бойынша заттардың химиялық құрамын элементтік талдау.
|
анализ фазовый / phase analysis – метод обработки экспериментальных данных, применяемый при анализе столкновений частиц, задачей которого является нахождение фазовых параметров рассеяния микрочастиц.
|
фазалық талдау / phase analysis – міндеті микробөлшектердің шашырауының фазалық параметрлерін табу болатын, бөлшектердің соқтығысуын талдауда қолданылатын экспериментдеректерін талдау әдісі.
|
анализ фотонно-нейтронный / photon-neutron analysis – метод исследования атомного или изотопного состава вещества, основанный на измерении интенсивности нейтронного излучения, возникающего в результате ядерной реакции при взаимодействии гамма-излучения внешнего источника с ядрами атомов анализируемых элементов. Применим для легких ядер. На ядрах Be и D такая реакция осуществляется при энергиях гамма-квантов соответственно 1,7 и 2,2 МэВ, что позволяет использовать радионуклидные источники (например 124Sb, 24Na). Для других элементов требуются потоки гамма-квантов с энергиями более 6-7 МэВ, получаемые с помощью ускорителей заряженных частиц (бетатронов и др.). Содержание элемента в пробе находят сравнением с содержанием его в эталоном образце.
|
фотонды-нейтрондық талдау / photon-neutron analysis – сыртқы көздің гамма-сәулесінің талданатын элементтің атом ядросымен әсерлесуі нәтижесіндегі ядролық реакция нәтижесінде туындайтын нейтрондық сәулеленудің интенсивтілігін өлшеуге негіздеп заттың атомдық немесе изотоптық құрамын зерттеу әдісі. Жеңіл ядролар үшін қолданылады. Be және D ядроларында гамма-кванттардың энергиясы сәйкесінше 1,7 және 2,2 МэВ-та іске асырылады, бұл радионуклидті көздерді қолдануға мүмкіндік береді (мысалы 124Sb, 24Na). Басқа элементтер үшін зарядталған бөлшектерді (бетатрондар және басқа) үдеткіштер көмегімен алынатын 6-7 МэВ-дан көп энергиялы гамма-кванттар ағынын талап етеді. Сынамадағы элемент құрамын оның эталонды нұсқасындағы құрамымен салыстыру арқылы табады.
|
Анизотропия
Anisotropy (от греч.anisos – неравный + tropos – направление )
Зависимость физических (механических, электрических и др) свойств вещества от направления. Характерна для кристаллов и связана с их симметрией: чем ниже симметрия, тем сильнее анизотропия. В отношений некоторых свойств, например плотности, удельной теплоемкасти, кристаллы изотропны, то есть эти свойства не зависят от направления.
Анизотропия жидких кристаллов и некоторых жидкостей обьясняется частичной упорядоченностью в ориентации молекул и анизотропией их некоторых свайств (например поляризуемости). В изотропных средах под влиянием электрического или магнитного поля, механических воздействий может возникнуть искуственная анизотропия. Поликристаллические материалы обычно изотропны; анизотропия их свойств (главным образом механических) может возникнуть в результате обработки (отжига, прокатки) и создания ориентации зерен (текстуры). Анизотропия наблюдается и в некристаллических материалах с естественной текстурой (древесина).
|
|