Ақылбеков Ә. Т. Кривобоков В. П. Даулетбекова А. К. Радиациялық және плазмалық технологиялар Орысша-қазақша терминология анықтамалығы астана-2012 +544 (038) ббк 24. 5 Я 2 а 38



жүктеу 9.53 Mb.
бет6/54
Дата09.06.2016
өлшемі9.53 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Линейный дефект кристаллической решетки, представляющий собой нарушение правильного чередования атомных плоскостей.


Кристалдағы дислокация

Dislocation ( орта ғас. лат. dislocatio – ығысу, орын ауыстыру)

Атомдық жазықтықтардың дұрыс кезектесуінің бұзылуын сипаттайтын кристалдық тордың сызықтық ақауы.


дислокация винтовая / screw dislocation дислокация, моделью которой может слу­жить атомная плоскость, име­ющая вид пологой винтовой лестницы.

бұрандалы дислокация / screw dislocation моделі атомдық жазықтығы бұрандалы басқыш сипатына ие дислокация.

дислокация краевая / edge dislocation дислокация, моделью которой может служить оборванная внутри кристалла атомная плоскость.

шеткі дислокация / edge dislocation атомдық жазықтықтың кристалл ішінен үзілуі түріндегі дислокация.


Диспергирование

Dispersion (от лат. dispergo – рассеиваю, рассыпаю), disintegration

Тонкое измельчение твердых тел и жидкостей, проводящее к образованию дисперсных систем: порошков, суспензий, эмульсий.


Диспергирлеу

Dispersion (лат. dispergo – шашу, шашырату), disintegration

Дисперстік жүйелер: ұнтақтар, суспензиялар, эмульсиялар түзілуіне алып келетін, қатты денелер мен сұйықтықтарды ұсақтау.



Диспе́рсность

Dispersibility, dispersion

Характеристика размеров частиц в дисперсных системах. Дисперсность обратно пропорциональна среднему диаметру частиц и определяется удельной поверхностью, т.е. отношением общей поверхности частиц к единице объема или массы дисперсной фазы.



Дисперстік

Dispersibility, dispersion

Дисперстік жүйелердегі бөлшектер өлшемдерінің сипаттамасы. Дисперстік бөлшектің орташа диаметріне кері пропорционал және меншікті бетпен, яғни бөлшектерінің жалпы бетінің, оның бірлік көлеміне немесе дисперстік фаза массасына қатынасымен анықталады.



Диссоциа́ция

Dissociation, splitting (от лат. dissociatio – разделение, разъединение)

Обратимый распад молекулы на две или несколько частей – свободные радикалы, ионы и другие молекулы под воздействием электрического тока, теплоты, ионизирующего излучения и т.д.



Диссоциа́ция

Dissociation, splitting (лат. dissociatio – бөліну, ажырау)

Электр тогының, жылудың, иондаушы сәулеленудің және т.б. әсерінен молекулалардың бір немесе бірнеше бөліктерге – бос радикалдарға, иондарға және басқа да молекулаларға қайтымды ыдырауы.


диссоциация термическая / thermal dissociation химическая реакция обратимого разложения вещества, вызываемая повышением температуры.

жылулық (термиялық) диссоциация / thermal dissociation температураның жоғарылауы нәтижесінде заттың қайтымды ыдырау реакциясы

диссоциация фотохимическая / photochemical dissociation, fotodissociation химическая реакция обратимого разложения вещества, вызываемая действием света.

фотохимиялық диссосация / photochemical dissociation, fotodissociation жарықтың әсерінен заттың қайтымды ыдырау реакциясы.


диссоциация электролитическая / electrolytic dissociation распад вещества на ионы при растворении.

электролиттік диссосация / electrolytic dissociation заттың еруі кезінде иондарға ыдырауы.


Дистанция напыления

Spraying distance

Расстояние по оси высокотемпературной газовой струи от торца направляющего устройства до напыляемой поверхности.



Тозаңдану қашықтығы

Spraying distance

Жоғары температуралы газ ағынының осі бойынша бағыттаушы құрылғыдан тозаңданатын бетке дейінгі арақашықтық.



Дифракто́метр

Diffractometer

Прибор для анализа структуры с фотоэлектрическим или ионизационным детектором, позволяющий регистрировать рентгеновское, лазерное и др. излучения, рассеянные исследуемым объектом. В материаловедении наиболее широко используются универсальный дифрактометр рентгеновский общего назначения (ДРОН).



Дифрактометр

Diffractometer

Зерттелуші объектіден шашыраған рентгендік, лазерлік және т.б. сәулеленулерін тіркеуге мүмкіндік беретін фотоэлектрлі және иондаушы детектордың көмегімен заттың құрылымын талдауға арналған құрылғы. Материалтануда жалпы мақсаттағы әмбебап рентгендік дифрактометр (ЖӘРД) кең қолданылады.



Дифра́кция

Diffraction (от лат. diffractus — разломанный, преломленный)

Любое отклонение распространяющихся волн от направлений, предписываемых законами геометрической оптики.



Дифра́кция

Diffraction (лат. diffractus — сынған, сындырылған)

Таралушы толқынның геометриялық оптика заңдарына негізделген бағытынан кез келген ауытқуы.


дифракция атомов и молекул / atom and molecule diffraction — рассеяние пучка молекул на частицах газа или на поверхности твердого тела с немонотонной зависимостью интенсивности рассеяния от его направления. Определяется потенциалом взаимодействия и распределениями по начальным и конечным состояниям рассеиваемых и рассеивающих объектов..

атомдардың және молекулалардың дифракциясы / atom and molecule diffraction — молекула шоқтарының газ бөлшектеріндегі немесе қатты дене бетінен шашырау қарқындылығының оның бағытынан монотонды емес тәуелділікпен шашырау. Шашырайтын және шашырататын объектілердің бастапқы және соңғы күйлері бойынша таралуымен және өзара әрекеттесу потенциалдарымен анықталады

дифракция медленных электронов / slow electron diffraction дифракция электронов с энергиями от десятков до сотен эВ; один из основных методов изучения структуры приповерхностных слоев монокристаллов толщиной ~ 1нм.

баяу электрондардың дифракциясы / slow electron diffraction энергиясы оннан жүз эВ-қа дейінгі электрондардың дифракциясы; монокристалдардың қалыңдығы ~1нм беткі қабаттарының құрылымын зерттеудің негізгі әдістерінің бірі.

дифракция нейтронов / neutron diffraction явление рассеяния нейтронов, в котором определяющую роль играют его волновые свойства. См.также нейтронография.

нейтрондардың дифракциясы / neutron diffraction нейтрондардың толқындық қасиеттері маңызды рөл атқаратын, нейтрондардың шашырау құбылысы.

Сон. қ. қараңыз: нейтронография.



дифракция рентгеновских лучей / X-ray diffraction возникновение отклоненных (дифрагированных) лучей в результате интерференции упруго рассеянных электронами вещества вторичных волн.

рентгендік сәулелердің дифракцисы / X-ray diffraction зат электрондарымен серпімді шашыраған екінші ретті толқындардың интерференциясы нәтижесінде ауытқыған (дифракцияланған) сәулелердің пайда болуы.

дифракция Фраунгофера / Fraunhofer diffraction — дифрак­ция световых волн, имеющих плоский волновой фронт.

Фраунгофер дифракциясы / Fraunhofer diffraction — жазық толқындық шепке (фронтқа) ие жарық толқынының дифракциясы.

дифракция Френеля / Fresnel diffraction — дифракция световых волн, имеющих сферический волновой фронт.

Френель дифракциясы / Fresnel diffraction — сфералық толқындық шепке ие жарық толқынының дифракциясы.

дифракция частиц / particle diffraction упругое когерентное рассеяние микрочастиц объектами (т.е. рассеяние, происходящее без изменения рассеивающего объекта), при котором из начального пучка частиц возникают отклоненные от него дифракционные пучки.

бөлшектердің дифракцясы / particle diffraction Бастапқы бөлшектердің шоғынан ауытқыған дифракциялық шоқтар пайда болатын, объектілерден микробөлшектердің серпімді когерентті шашырауы (яғни, шашырататын объектінің өзгеруінсіз өтетін шашырау).

дифракция электронов / electron diffraction упругое рассеяние электронов на кристаллах или молекулах жидкостей и газов, при котором из первичного пучка образуются отклоненные на определенные углы дополнительные пучки электронов.

См. также электронография.



электрондардың дифракциясы / electron diffraction бастапқы шоқтардан белгілі бір бұрышқа ауытқыған қосымша электрондардың шоғы пайда болатын, электрондардың кристалдардан немесе сұйықтар мен газ молекулаларынан серпімді шашырауы.


Диффуза́нт

Doping agent, dopant,diffusant

Диффундирующее вещество, диффундирующая примесь.



Диффуза́нт

Doping agent, dopant,diffusant

Диффузияланушы зат, диффузияланушы қоспа.



Диффу́зия

Diffusion (от лат. diffusio – распространение, растекание, рассеивание)

Взаимное проникновение соприкасающихся веществ друг в друга вследствии теплового движения частиц. Обычно диффузия происходит в направлении уменьшения концентрации диффузанта и ведёт к его равномерному распределению по занимаемому объёму, к выравниванию химического потенциала. Вместе с тем существуют другие виды диффузии, обусловленные градиентами температуры, давления и т.д.



Диффу́зия

Diffusion (лат. diffusio – таралу, жайылу, шашырау)



Бөлшектердің жылулық қозғалысы нәтижесінде бір-біріне жақын тұрған заттардың бір-біріне өзара енуі. Әдетте диффузия диффузант концентрациясының азаю бағытында жүреді және алып тұрған көлемі бойынша оның біркелкі үлестірілуіне, химиялық потенциалдың теңелуіне алып келеді. Сонымен қатар, температураның, қысымның және т.б. градиентімен негізделген диффузияның басқа да түрлері бар.

бародиффузия / barodiffusion, pressure diffussion — перенос диффузанта при наличии в диффузионной среде градиента давления (диффузия в поле градиента давления).

бародиффузия / barodiffusion, pressure diffussion — диффузанттың қысым градиентіндегі диффузиялық ортада тасымалдануы (қысым градиенті өрісіндегі диффузия).


диффузия амбиполярная (от лат. ambo — оба и греч. polos — ось, полюс)/ambipolar diffusion совместное перемещение в ионизованной среде заряженных частиц обоих знаков (например, электронов и положительных ионов), происходящее в направлении падения их концентрации в среде.

амбиполярлы диффузия (лат. ambo — екеуі де және греч. polos — ось, полюс)/ambipolar diffusion иондалған ортада екі таңбалы зарядталған бөлшектердің (мысалы, электрондар және оң зарядталған иондар) бір бағытта, яғни олардың концентрациясының төмендеу бағытында, орын ауыстыруы.


диффузия вакансий / vacancies diffusion — перенос вакансий в твёрдом теле под действием градиента их концентрации.

вакансия диффузиясы / vacancies diffusion — вакансиялардың өзінің концентрация градиентінің әсерінен қатты дене ішінде тасымалдануы.

диффузия вакансионная / diffusion by the vacancy mechanism — перенос атомов в результате обмена их местами с вакансиями.

вакансиялық диффузия / diffusion by the vacancy mechanism — атомдардың бос орындармен (вакансиялармен) орын ауыстыруының нәтижесінде тасымалдануы.

диффузия восходящая / uphill diffusion — диффузия, обусловленная градиентом напряжений (упругой деформацией решетки). При восходящей диффузии поток диффундирующего компонента направлен в сторону увеличения концентрации диффузанта.

ұлғаймалы диффузия / uphill diffusion — кернеу градиентінің (тордың серпімді деформациясының) әсерінен туындайтын диффузия. Ұлғаймалы диффузияда диффузияланушы компоненттің ағыны диффузанттың концентрациясының өсуі жағына қарай бағытталған.

диффузия массопереноса / mass transfer diffusion — диффузия, на которую влияют генерация и захват диффундирующих частиц.

масса тасымалдаушы диффузия / mass transfer diffusion — диффузияланушы бөлшектердің генерациясы және қармалуы нәтижесінде туындайтын диффузия.

диффузия объемная / bulk (volume) diffusion — диффузия в объеме материала, характеризующаяся наиболее высокой величиной энергии активации и низким значением коэффициента диффузии по сравнению с поверхностной и зернограничной диффузиями.

көлемдік диффузия / bulk (volume) diffusion — беттік және түйіршіктес диффузияларымен салыстырғанда активтеу энергиясының әлдеқайда жоғары энергиясымен және диффузияның төмен коэффициентімен сипатталатын материал көлеміндегі диффузия.

диффузия поверхностная / surface diffusion процесс, связанный (как и в случае объемной диффузии) с перемещением частиц, как правило, за счет случайных тепловых блужданий (обычно атомов и молекул), происходящих на поверхности конденсированного тела в пределах первого поверхностного слоя атомов (молекул) или поверх него.

беттік диффузия / surface diffusion конденсирленген дененің бетінде, яғни атомның (молекуланың) бірінші беттік қабатында немесе одан жоғарыда болатын, кездейсоқ жылулық әсерлесудің арқасында бөлшектердің (әдетте атомдар және молекулалар) орын ауыстыруымен түсіндірілетін процесс.


диффузия радиационно-стимулированная/ radiation-enhanced diffusion— диффузия, инициированная или усиленная воздействием ионизирующих излучений.

радиациялы-қоздырылған диффузия / radiation-enhanced diffusion— иондаушы сәуленудің көмегімен қоздырылған немесе күшейтілген диффузия.

диффузия собственная / intrinsic diffusion — диффузия в отсутствие источников и ловушек диффундирующих частиц (определение взято из работы [19].

меншікті диффузия / intrinsic diffusion — диффузиялаушы бөлшектердің тұзағы және көздері жоқ кезіндегі диффузия.

диффузия термостимулируемая / thermostimulated diffusion — диффузия, стимулируемая повышением температуры среды.

жылулық(термо) қоздырылған диффузия / thermostimulated diffusion — орта температурасының жоғарылауы нәтижесінде туындайтын диффузия.

диффузия турбулентная/ turbulent diffusion — перенос вещества в пространстве, обусловленный турбулентным движением среды. Под турбулентным понимают вихревое движение жидкости или газа, при котором элементы (частицы) среды совершают неупорядоченные, хаотические движения по сложным траекториям, а скорость, температура, давление и плотность среды испытывают хаотические флуктуации.

турбулентті диффузия / turbulent diffusion — ортаның турбулентті қозғалысымен сипатталған кеңістіктегі зат тасымалы. Турбулентті деп ортаның элементтері (бөлшектері) күрделі траектория бойымен ретсіз, хаосты қозғалыс жасайтын, ал ортаның жылдамдығы, температурасы, қысымы және тығыздығы хаостық флуктуацияға түсетін сұйықтың немесе газдың құйынды қозғалысты айтады.

диффузия химическая / chemical diffusion — диффузия в поле градиента химического потенциала.

См. также гетеродиффузия, термо-диффузия, электродиффузия.



химиялық диффузия / chemical diffusion — химиялық потенциал градиенті өрісіндегі диффузия.

Сон. қ. қараңыз: гетеродиффузия, термо-диффузия, электродиффузия.



самодиффузия / self-diffusion – частный случай диффузии переноса в чистом веществе или растворе постоянного состава, при котором диффундируют собственные частицы вещества. При самодиффузии атомы, участвующие в движении, обладают одинаковыми химическими свойствами, но могут различаться по своим физическим характеристикам, например по составу атомного ядра. При различии изотопного состава вещества за процессом самодиффузии можно наблюдать, применяя радиоактивные изотопы (см. индикаторы изотопные) или анализируя изотопный состав при помощи масс-спектрометра. Изменение концентрации данного изотопа в рассматриваемом объеме вещества в зависимости от времени описывается обычными уравнениями диффузии, а скорость процесса характеризуется соответствующим коэффициентом самодиффузии. Перемещения частиц твердого тела могут приводить к изменению его формы и к другим явлениям, если на образец действуют такие силы, как поверхностное натяжение, сила тяжести, упругие силы, электрические силы и т.д. Изучение кинетики этих процессов позволяет определить коэффициент самодиффузии вещества.

В целом процесс самодиффузии имеет большое значение в радиационных и плазменных технологиях обработки твердых тел. Синоним слова «самодиффузия» - гомодиффузия.



өзін-өзі диффузиялау / self-diffusion – заттың өз бөлшектерін диффузиялау кезіндегі, таза күйдегі затта немесе тұрақты құрамды ерітіндідегі тасымалдану диффузиясының жеке жағдайы. Өзіндік диффузиялану кезінде қозғалысқа қатысатын атомдар бірдей химиялық қасиетке ие, бірақ өздерінің физикалық сипаттамалары бойынша, мысалы ядро атомының құрамы бойынша ерекшеленеді. Өзін-өзі диффузиялау процессінен заттың изотоптық құрамын айыру кезінде, радиоактивті изотоптарды қолдана отырып (изотоптық индикаторларды қараңыз) немесе масс-спектрометр көмегімен талдай отырып, бақылауға болады. Қарастырылатын зат көлеміндегі осы изотоптың концентрациясының өзгеруі уақытқа тәуелді қарапайым диффузия теңдеулерімен сипатталады, ал процесс жылдамдығы сәйкес өзіндік диффузия коэффициентімен сипатталады. Егер нұсқаға беттік керілу, ауырлық күші, серпімді күштер, электрлік күш және басқа да күштер әсер ететін болса Қатты дене бөлшектерінің орын ауысуы оның пішінінің өзгеруіне және басқа да құбылыстарға алып келуі мүмкін. Бұл процесстердің кинетикасын зерттеу заттың өзін-өзі диффузиялау коэффициентін анықтауға мүмкіндік береді. Жалпы өзіндік диффузиялану процессі қатты денелерді өңдеудің радиациялық және плазмалық технологиясында үлкен мәнге ие. «Өзіндік диффузиялану» сөзінің синонимі – гомодиффузия.


Диэле́ктрик

Dielectric, electric insulator, non-conductor (от греч. dia – через и англ. electric)

Вещество, относительно плохо проводящее электрический ток (по сравнению с проводниками).



Диэлектрик

Dielectric, electric insulator, non-conductor (грек. dia – ден және ағыл.. electric)

Электр тогын нашар өткізетін зат (өткізгіштермен салыстырғанда).



Длина́ диффу́зии нейтро́нов

Neutron diffusion length

Характеристика диффузионной способности тепловых нейтронов. Квадрат длины диффузии численно равен одной шестой квадрата среднего расстояния по прямой от точки рождения нейтрона до точки его поглощения.



Нейтрондар диффузиясының ұзындығы

Neutron diffusion length

Жылулық нейтрондардың диффузиялық қабілетінің сипаттамасы. Диффузия ұзындығының квадраты нейтронның туындау нүктесінен оның жұтылу нүктесіне дейінгі түзу бойымен орташа арақашықтығының алтыдан бір бөлігіне тең.


Длина диффузионная (в полупроводнике)

Diffusion length

Расстояние, на котором плоский диффузионный поток неравновесных носителей заряда (в отсуствие электрического поля) уменьшаеться в е раз.


Диффузиялық ұзындық (жартылай өткізгіште)

Diffusion length

Тепе-теңсіз заряд тасымалдаушылардың жазық диффузиялық ағыны (электр өрісі болмаған жағдайда) е рет азаятын қашықтық.



Длина ионизации (длина рекомбинации)

Ionization length, recombination distance

Характерное расстояние от электрода до границы приэлектродного слоя плазмы, на котором по мере удаления от электрода в приэлектродном слое слабоионизованной плазмы устанавливается ионизационно-рекомбинационное равновесие. Более правильное название – длина рекомбина-ции. Она характеризует собой расстояние от электрода, находясь на котором ион, не рекомбинируя, может уйти их плазмы на электрод. На более далеком расстоянии ионизация уравновешивается рекомбина-цией.



Иондалу ұзындығы (қайта комбинациялау ұзындығы)

Ionization length, recombination distance

Электродтан әлсіз иондалған плазманың электродты қабатындағы электродтан алыстаған сайын иондық-рекомбинацияланған тепе-теңдік орнайтын, плазманың электродтық қабатының шекарасына дейінгі сипаттамалық қашықтық. Ол ион рекомбинацияламай плазмадан электродқа кететін электродқа дейінгі қашықтықты сипаттайды. Иондалу неғұрлым алыс қашықта рекомбинациямен теңеседі.



Длина́ когере́нтности

Coherent wave length

Расстояние, на которое перемещается плоская волна за время когерентности.



Когеренттілік ұзындығы

Coherent wave length

Когеренттілік уақыты ішінде жазық толқын орын ауыстыра алатын қашықтық.



Длина́ пробе́га частицы

См. пробег.




Бөлшектің жүріп өту ұзындығы

Қараңыз: жүріп өту жолы.




Длина́ свобо́дного пробе́га средняя

Mean free path length, scattering length

Среднее расстояние, которое проходит частица между двумя последовательными столкновениями. В газах зависит от темпе-ратуры и давления. Важный параметр для возникновения плазмы: при слишком высоком давлении (малом свободном про-беге) электроны и ионы не могут набрать скорость, необходимую для ионизации соударением. При слишком малом давле-нии (большом свободном пробеге) не возни-кает достаточное количество ионизирую-щих соударений для поддержания плазмы. Длина среднего свободного пробега, кроме того, оказывает сильное влияние на изотропию процессов травления: чем выше давление, тем меньше свободный пробег, тем более изотропным (более все направленным) является унос материала.



Еркін жүру жолының орташа ұзындығы

Mean free path length, scattering length

Бөлшек тізбектес екі соқтығысу арасында жүріп өтетін орташа қашықтығы. Газдарда температура мен қысымға тәуелді. Плазманың пайда болуында маңызды параметр: аса жоғары қысымда (кіші еркін жүру жолында) электрондар мен иондар соқтығыстар арасында иондалу үшін қажетті жылдамдықты ала алмайды. Аса төмен қысымда ( еркін жүру жолы үлкен) плазманы ұстап тұру үшін иондаушы соқтығысудың қажетті мөлшері пайда болмайды. Сонымен қатар, еркін жүру жолының орташа ұзындығы босату процестерінің изотропиясына қатты әсер етеді: қысым неғұрлым жоғары болса, еркін жүру жолы соғұрлым аз болады да, материалды алып кету де соғұрлым изотропты болады.


Длина релаксации потока нейтронов

Relaxation distance

Расстояние, на котором интенсивность потока нейтронов уменьшается до величины, равной 1/e от начального значения, вследствие их поглощения (без учета рассеяния).


Нейтрондар ағыны релаксация ұзындығы

Relaxation distance

Нейтрондар ағынының қарқындылығы олардың жұтылуының нәтижесінде (шашырауды ескермегенде) бастапқы шамасынан 1/е-ге тең шамаға дейін азаятын қашықтық.



Длина́ экрани́рования дебаевская

Debye length (дебаевская длина), Debye shielding length, Debye length, Debye screening distance, Debye shielding distance, screening length

Данный параметр определяет линейный масштаб, начиная с которого (и более) плазма становится электрически нейтральной. Радиус, на котором электрический потенциал заряженной частицы спадает в e раз.



Дебайдың экрандау ұзындығы

Debye length (дебайлық ұзындық), Debye shielding length, Debye length, Debye screening distance, Debye shielding distance, screening length

Бұл параметр плазманың электрлік бейтараптануы басталатын (және ары қарай) сызықтық масштабты анықтайды. Зарядталған бөлшектің электрлік потенциалы е есе төмендейтін радиус.



Добавка выгорающая

Combustible addition, burning addition

Вещество, активно поглощающее нейтроны (например, соли бора). Добавляется в активную зону ядерного реактора для компенсации избыточного запаса реактивности. По мере работы реактора топливо сгорает, запас реактивности снижается, но добавка тоже постепенно выгорает, благодаря чему компенсируется снижение запаса реактивности.



Жанушы қосынды

Combustible addition, burning addition

Нейтронды белсенді түрде жұтатын зат (мысалы, бор тұзы). Реактивтіліктің шамадан тыс қорын компенсациялау үшін ядролық реактордың белсенді аймағына қосылады. Реактордың жұмысы нәтижесінде отын жанады, реактивтілік қоры да төмендейді, бірақ қосынды да бірте-бірте жанады да, соның салдарынан реактивтілік қорының төмендеуі компенсацияланады.



До́за излуче́ния

Radiation dose (от греч. dosis – порция).

Мера действия ионизирующего излучения на облучаемый объект. Величина дозы зависит от вида излучения, энергии его частиц, плотности их потока и от состава облучаемого вещества.



Сәуле дозасы

Radiation dose (гр. dosis – мөлшер, үлес, бөлік).



Сәулеленетін объектке иондаушы сәуленің әсер ету шамасы. Дозаның шамасы сәуленің түріне, оның бөлшектерінің энергиясына, олардың ағынының тығыздығына және сәулеленетін заттың құрамына тәуелді.

доза интегральная (накопленная, кумулятивная) / integral dose — общая до­за ионизирующего излучения, поглощённая всем облучае­мым телом или в течении всего процесса облучения.

интегралдық доза (жинақталған, кумулятивтік) / integral dose — барлық сәулеленуші дененің жұтқан немесе сәулелену процесі кезінде жұтылған иондаушы сәуленің жалпы дозасы.

доза поглощенная / absorbed dose — средняя величина энергии ионизирующего излучения, переданная веществу, находящемуся в элементарном объёме, и отнесённая к его массе в этом объёме. В единицах СИ поглощенная доза измеряется в джоулях, деленных на килограмм, и имеет специальное название - грей (Гр). Использовавшаяся ранее внесистемная единица рад равна 0,01 Гр.

жұтылу дозасы / absorbed dose — элементар көлемде орналасқан және оның осы көлемдегі массасына үлестірілетін затқа берілген иондаушы сәуленің орташа энергиясы. ХБ жүйесінде жұтылған доза джоульдің килограммға қатынасымен өлшенеді және Грэй (Гр) деген арнайы атауы бар. Бұдан бұрын қолданылған жүйеден тыс өлшем бірлігі рад және ол 0,01Гр-ге тең.

доза предельно допустимая / maximum permissible dose — наибольшее значение индивидуальной эквивалентной дозы излучения за год, которое при равномерном воздействии в течении 50 лет не вызовет в состоянии здоровья персонала неблагоприятных изменений, обнаруживаемых современными методами.

шекті рұқсат етілетін доза/ maximum permissible dose — сәуленің бір жыл ішінде жеке эквивалентті дозасының ең үлкен, яғни 50 жыл ішінде бірқалыпты әсер етуі нәтижесінде адамның денсаулығында заманауи әдістермен анықталатын жағымсыз өзгерістер тудырмайтын мәні.

доза предотвращаемая / preventable dose прогнозируемая доза вследствие радиационной аварии, которая может быть предотвращена защитными мероприятиями.



қақпайланатын доза / preventable dose радиациялық апат нәтижесінде бөлінуі мүмкін деп болжанатын және қорғаныс шараларын қолдану арқылы алдын алуға болатын доза.

доза эквивалентная / dose equivalent — величина, введенная для оценки радиационной опасности хронического облучения человека ионизирующими излучениями и определяемая суммой произведений поглощенных доз отдельных видов излучений на их коэффициенты качества. Единица измерения эквивалентной дозы – зиверт (Зв).

балама доза / dose equivalent — адамның иондаушы сәулемен ұзақ сәулеленуінің радиациялық қаупін бағалау үшін енгізілген және жұтылған жекелеген сәуле түрлері дозаларының олардың сапа коэффициентіне көбейтіндісінің қосындысымен анықталатын шама. Балама дозаның өлшем бірлігі – зиверт (Зв).

доза эквивалентная / dose equivalent — поглощенная доза в органе или ткани, умноженная на соответствующий взвеши-вающий коэффициент для данного вида излучения. При воздействии различных видов излучения с различными взвешиваю-щими коэффициентами эквивалентная доза определяется как сумма эквивалентных доз для этих видов излучения.Единицей эквивалентной дозы является зиверт (Зв).

балама доза / dose equivalent — берілген сәуленің түрі үшін өлшенетін коэффициентке көбейтілген, ағзада немесе ұлпада жұтылған доза. Әр түрлі өлшемдегі коэффициентті сәулелердің әсер етуі кезінде балама доза осы сәулелердің түріне арналған балама дозалар қосындысына тең. Балама дозаның өлшем бірлігі зиверт (Зв).


доза экспозиционная / exposure dose — доза рентгеновского или гамма-из­лучения, равная отношению суммарного заряда всех ионов одного знака, созданных в воз­духе при полном торможении всех вторичных электронов и позитронов, образованных в некотором объёме, к массе воздуха в этом объёме. Пропорциональна керме. Размерность в системе СИ – Кл/кг.

См. также мощность дозы, коэффициент  качества излучения, зиверт.



экспозициялық доза / exposure dose — екінші ретті электрондар мен позитрондардың ауада толық тежелуінің нәтижесінде қандай да бір көлемде туындаған бірдей таңбадағы барлық иондар заряды қосындысының осы көлемдегі ауа массасына қатынасына тең рентген немесе гамма-сәулелерінің дозасы. Кермаға пропорционал. ХБ жүйесінде шамасы – Кл/кг.

Сон. қ. қараңыз: дозаның қуаты, сәуленің сапа коэффициенті, зиверт.



доза эффективная / effective dose — величина, используемая как мера риска возникновения отдаленных последствий облучения всего тела человека и отдельных его органов и тканей с учетом их радиочувствительности. Она представляет сумму произведений эквивалентной дозы в органах и тканях на соответствующие взвешивающие коэффициенты. Единица эффективной дозы - зиверт (Зв).

эффективті доза / effective dose — адамның бүкіл денесіндегі және оның жеке ағзалары мен ұлпаларының радиосезімталдылығын ескере отырып, алыстан сәулеленуі нәтижесінде туындайтын қауіп мөлшері ретінде қолданылатын шама. Ол ағзалар мен ұлпалардағы балама дозаның сәйкес коэффициенттерге көбейтіндісінің қосындысы болып табылады. Балама дозаның өлшем бірлігі - эиверт (Зв).

доза эффективная (эквивалентная) годовая / annual effective dose сумма эффективной (эквивалентной) дозы внеш-него облучения, полученной за календар-ный год, и ожидаемой эффективной (эквивалентной) дозы внутреннего облу-чения, обусловленной поступлением в организм радионуклидов за этот же год. Единица годовой эффективной дозы - зиверт (Зв).

жылдық эффективті (баламалы) доза / annual effective dose бір жыл ішінде алынған сыртқы сәулеленудің эффективті (балама) дозасының және осы жыл ішінде ағзаға радионуклидтердің тусуіне негізделген, ішкі сәулеленудің күтілетін эффективті дозасының қосындысы. Жылдық эффективті дозаның өлшем бірлігі - эиверт (Зв).

доза эффективная коллективная / population effective [reacting] dose — мера коллективного риска возникновения стохастических эффектов облучения; она равна сумме индивидуальных эффективных доз. Единица эффективной коллективной дозы - человеко-зиверт (чел.-Зв).

ұжымдық тиімді доза / population effective [reacting] dose — сәулеленудің стохастикалық нәтижесінің пайда болу кауіп-қатерінің бірлесімді өлшемі; ол жеке эффективті дозалардың қосындысына тең. Ұжымдық эффективті дозаның өлшем бірлігі - адам-зиверт (адам-Зв).


Дозиметрия

Dosimetry, dose metering, metering

Совокупность методов измерения и (или) расчета дозы ионизирующего излучения, основанных на количественном опреде-лении изменений, произведенных в веществе излучением (радиационных эффектов). Различают прямой (абсолют-ный) калориметрический метод дозиметрии, основанный на непосредственном измер-ении поглощенной веществом энергии излучения в виде тепла, выделенного в рабочем теле калориметра, и косвенные (относительные) методы, при которых измеряют радиационные эффекты, пропор-циональные поглощенной дозе. К косвен-ным относят ионизационные, радиолюми-несцентные, химические и некоторые специальные методы.



Дозиметрия

Dosimetry, dose metering, metering

Сәулеленген обьектідегі өзгерістерді (радиациялық эффектілерді) сандық анықтауға негізделген иондаушы сәуле дозасын өлшеу және (немесе) есептеулер әдістерінің жиынтығы.

Дозиметрияның калориметрдің жұмыстық денеде жылу түрінде бөлінген зат жұтатын сәулелену энергиясын тікелей өлшеуге негізделген, тура (абсолюттік) калориметрлік әдісін, және жұтылған дозаға тәуелді радиация нәтижелері өлшенетін дозиметрияның жанама (салыстырмалы) әдісін ажыратады. Жанама әдістерге иондаушы, радиолюминесцентті, химиялық және кейбір арнайы әдістер жатады.





Домены

Domains (от франц. domaine - владение)

Области самопроизвольного намагничивания до насыщения части объема ферромагнетика (обычно имеющие линейные размеры – 0,1 – 1,0 мм), на которые он разбивается ниже температуры Кюри. Векторы намагничивания доменов без внешнего магнитного поля ориентированы так что результирующая намагниченность ферромагнетического образца в целом, как правило, равна нулю.


Домендер

Domains (франц. domaine - меншік)

Ферромагнетик көлемінің бөлігін (әдетте бар сызықтық өлшемдер – 0,1 – 1,0 мм) қанықтырғанша өздігінен магниттелетін, Кюри температурасынан төмен температурада бөлініп кететін аймақтар. Домендерді магниттеу векторлары сыртқы магниттік өріссіз бағытталған, сондықтан да соңғы ферромагниттік нұсқасын магниттеу, ереже бойынша нөлге тең.




До́нор

Donor

В физике полупроводников — дефект кристаллической решетки в виде примесного атома, способного отдавать электроны в зону проводимости.



Донор

Donor


Жартылай өткізгіштер физикасында – кристалл торындағы өткізгіштік аймаққа электрондар беруге қабілетті қоспалы атом түріндегі ақау.


Дра́йвер

Driver


Устройство, ускоряющее и формирующее ионные или электронные пучки, находящееся вне объема реактора.


Драйвер

Driver


Реактордың көлемінен тыс орналасқан электронды немесе ионды шоқтарды үдететін және қалыптастыратын қондырғы.


Дрейф заряженных частиц

Charged particle drift

Относительно медленное направленное перемещение заряженных частиц под действием различных причин, налагающееся на их основное движение (закономерное и беспорядочное).



Зарядталған бөлшектердің дрейфі

Charged particle drift

Зарядталған бөлшектердің негізгі әрекеттеріне (заңды және ретсіз) қатысты әр түрлі себептер әсерінен салыстырмалы баяу бағытталған орын алмасуы.


дрейф носителей заряда в полупроводниках / charge particles drift in semiconductors - направленное движение носителей заряда в полупроводниках под действием внешнего поля, влияние которого накладывается на их беспорядочное (тепловое) движение.

жартылай өткізгіштердегі заряд тасымалдаушылардың дрейфі / charge particles drift in semiconductors -ықпалы олардың ретсіз (жылулық) қозғалысына ықпал ететін, сыртқы өріс әсерінен жартылай өткізгіштердегі заряд тасымалдаушылардың бағытталған қозғалысы.


Дуга́ электри́ческая

Voltaic arc, electric arc


Яркий плазменный шнур, сопровождающий дуговой разряд. Широко употребляющееся в обиходе название дугового разряда.

дуга электрическая низковольтная / low-voltage arc — несамостоятельный дуговой разряд с термоэмиссионным катодом, горя-щий при напряжении, меньшем не только потенциала ионизации, но и минимального потенциала возбуждения газа.
См. также разряд дуговой.


Электрлік доға

Voltaic arc, electric arc

Доғалық разрядпен қабаттаса жүретін жарық плазмалық бау. Доғалық разрядтың кеңінен қолданылатын атауы.

төмен вольтты электрлік доға / low-voltage arc — иондалу потенциалынан ғана емес, газ қозуының минимал потенциалынан да кіші кернеуде жанатын термоэмиссиялық катодты дербес емес доғалық разряд.

Сон. қ. қараңыз: доғалық разряд.





Дуопигатрон

Duopigatron, duoPIGatron

Модифицированная версия дуоплазмо-трона, в которой имеется разряд с осцил-лирующими электронами, плазменный эмиттер с большой поверхностью и умерен-ной плотностью тока, а также многоапер-турная ионно-оптическая система.



Дуопигатрон

Duopigatron, duoPIGatron

Осциляцияланатын электрондары бар разрядты, дуаплазматронның өзгерген нұсқасы, беті үлкен және ток тығыздығы біркелкі эмиттер, сондай-ақ көп аппертуралық ионды-оптикалық жүйе.


Дуоплазмотро́н

Duoplasmatron

Устройство для получения пучков ионных высокой плотности. В нём для увеличения степени ионизации столб разряда подвергается механическому и магнитному сжатию с помощью диафрагм и магнитного поля, нарастающего к анодному отверстию.


Дуоплазматрон

Duoplasmatron

Жоғары тығыздықты иондық шоқтарды алуға арналған қондырғы. Мұнда иондалу дәрежесі өсу үшін разряд бағаны диафрагманың және магниттік өрістің көмегімен анодтық саңылау бағытына қарай артып отыратын механикалық және магниттік сығылуға ұшырайды.



Ды́рка

Electron hole, hole

Квазичастица (фермион). Наряду с электроном проводимости используется для описания электронной системы полупроводников, полуметаллов и металлов. Термин «дырка» применяется в двух близких, но по сути своей различных смыслах:

1. Возбужденное квантовое состояние многоэлектронной системы, характеризую-щееся тем, что одно из одноэлектронных состояний (заполнением которых сформир-овано многоэлектронное состояние) свободно.

2. Свободное при Т=0 К состояние в разрешенной энергетической зоне с отрицательной эффективной массой.

Дырка имеет положительный заряд, равный элементарному заряду в полупроводниках. По энергии располагается в валентной зоне. Может быть результатом легирования акцепторными примесями или образоваться под действием внешних воздействий (термального возбуждения электронов с переходом их из валентной зоны в зону проводимости, света). Различают зоны тяжёлых и легких дырок, отличающихся эффективной массой и спином. В случае кулоновского взаимодействия с электроном в зоне проводимости образуется связное состояние, называемое экситоном.




Кемтік

Electron hole, hole

Квазибөлшек (фермион). Өткізгішті электронмен қатар жартылай өткізгіштер, жартылай металдар және металдардың электрондық жүйесін сипаттау үшін қолданылады. «Кемтік» термині бір-біріне жақын, бірақ негізінен әртүрлі мағынада қолданылады:

1. Бір электронды күйлердің біреуінің бос болуымен сипатталатын, көп электронды жүйенің қозған кванттық күйі;

2. T=0К кездегі рұқсат етілген энергетикалық зонадағы теріс эффективті массасы бар еркін күй.

Кемтіктер жартылай өткізгіштердің элементар зарядына тең оң зарядқа ие. Энергиясы бойынша валенттік зонада орналасады. Акцепторлық қоспаларды қосындылау нәтижесінде немесе сыртқы әсер (электрондардың валенттік аймақтан өткізгіштік аймағына өтуіндегі термалді қозуы, жарықпен) арқылы пайда болуы мүмкін. Тиімді массасы және спинмен ерекшеленетін, ауыр және жеңіл кемтіктер аймағын ажыратады. Өткізгіштік аймақта электронмен кулондық әсерлесу кезінде экситон деп аталатын байланысқан күй түзіледі.






Е

Единица массы атомная (а.е.м.)

Atomic mass unit, a.m.u.

Единица, используемая для выражения масс атомов, молекул и элементарных частиц и равная 1/12 массы нуклида углерода-12; иногда её приравнивают к 1/16 массы наиболее распространённого изотопа кислорода-16.




Массаның атомдық бірлігі (м.а.б.)

Atomic mass unit, a.m.u.

Атом, молекула және элементар бөлшектердің массасын сипаттау үшін қолданылатын көміртегі-12 нуклиді массасының 1/12 бөлігіне тең өлшем бірлік; кейде оны көп тараған оттегі-16 изотобының 1/16 массасына теңестіреді.


Ж

Жидкость

Fluid, liquid

Агрегатное состояние вещества, промежуточное между твердым и газообразным. Атомы не имеют определенного положения, но в то же время им недоступна полная свобода перемещений. Все жидкости принято делить на чистые жидкости и смеси. Выполняют также функцию растворителей.



Сұйықтық

Fluid, liquid

Қатты және газ тәріздес күй аралығындағы заттың агрегаттық күйі. Атомдары белгілі бір күйге ие емес, алайда осы уақыт ішінде орын алмастыру бойынша толық еркіндік қолжетімді емес. Барлық сұйықтарды таза сұйық және қоспаларға ажырату қабылданған. Сонымен қатар еріткіш қызметін атқарады.


жидкость электронно – дырочная / electron-hole liquid, semiconductor plasma – конденсированное состояние неравновесной электронно-дырочной плазмы в полупроводниках.

электронды – тесіктік сұйықтық / electron-hole liquid, semiconductor plasma –

Жартылай өткізгіштердегі плазманың тепе-теңсіз электронды – тесіктік конденсацияланған күйі.




З
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет