Радиохимиялық жиілік
Radiochemical purity
Радиобелсенді препараттың радионуклидті құрамының сипаттамасы. Егер препаратта басқа қоспа элементтерінің радионуклидтері болмаса, онда ол радиохимиялық таза (РХТ) деп аталады. Егер үлгіде ядролық реакцияны жүргізгеннен (мысалы, нейтронмен сәулелендіргеннен) кейін берілген элементтердің бірнеше радионуклидтері түзілсе, алынған радиобелсенді препарат та РХТ болып табылады. Осылайша, KI формасындағы 131I радионуклиді бар су ерітіндісінде 90Sr, 95Zr және т.б. радионуклидтердің қоспасы болмаса, онда ол РХТ болып есептеледі. Нейтрондармен атқылау кезінде 80Вr және 82Вr радионуклидтері пайда болған НВr су ерітіндісі де РХТ препаратқа жатады. Алайда РХТ препараттардан ядролы-физикалық таза (ЯФТ) препараттарды бөліп қарастыру қажет. Мұндай препарат міндетті түрде тек қана бір радионуклидтен тұрады. ЯФТ препарат әрдайым РХТ препарат бола алады. Ал РХТ ЯФТ болуы да болмауы да мүмкін.
Ш
Шерохова́тость
Roughness
Cовокупность неровных образований микрорельефа поверхности детали. Возникает, главным образом, вследствие пластической деформации поверхностного слоя заготовки при ее обработке из-за неровных режущих кромок инструмента, трения, вибрации частиц материала с поверхности заготовки и инструмента и т.п. Важная характеристика при осаждении плазменных покрытий.
|
Кедір-бұдырлық
Roughness
Бұйымның беткі қабатында пайда болған тегіс емес микробедерлердің жиынтығы. Дайындаманың бетін өңдеу кезінде кескіш құралдар жүзінің тегіс болмауы, үйкеліс, дайындама мен құрал бетіндегі бөлшектердің вирациясы және т.с.с. нәтижесінде пайда болған пластикалық деформация салдарынан туындайды. Плазмалық жабын жағу кезінде маңызды сипаттама болып табылады.
|
Шихта
Charge (от нем. Schicht)
Смесь материалов в определенной пропорции, подлежащих переработке в металлургических, химических и других агрегатах. Шихта рассчитана на получение конечных продуктов с заданными физическими и химическими свойствами.
|
Шихта
Charge (от нем. Schicht)
Металлургиялық, химиялық және басқа да агрегаттардың қайта өңделуіне жататын белгілі бір порциялардағы материалдар қоспасы. Шихта белгіленген химиялық және физикалық қасиеттерге ие өнімдерді алуға есептелген.
|
Шлаки
Ash, chark, slag, cinder, recrement, scoria, sinter
Продукты деления ядерного топлива с боль-шим периодом полураспада, образующиеся в реакторе в процессе его эксплуатации.
|
Шлактар
Ash, chark, slag, cinder, recrement, scoria, sinter
Ядролық отынды эксплуатациялау процесі кезінде реакторда пайда болған жартылай ыдырау периоды өте үлкен бөліну өнімі.
|
Шлифова́ние / шлифо́вка
Grinding, polishing,
Обработка поверхностей заготовок абразивных инструментом. По скорости вращения абразивного инструмента различают обычное шлифование (окружная скорость инструмента ок. 20 м/с) и скоростное (окружная скорость > 50 м/с). Шлифование широко применяется при обработке наружных и внутренних плоских, цилиндрических, конических и фасонных поверхностей заготовок из металла, керамики, пластмасс, ферритов, камня и т.д.
|
Тегістеу
Grinding, polishing,
Дайындамалардың беттерін қайрақты аспаптармен өңдеу. Қайрақты аспаптардың айналу жылдамдығына қарай қарапайым (аспаптың айналу жылдамдығы 20 м/с) және жылдамдықты (аспаптың айналу жылдамдығы > 50 м/с) тегістеу деп бөлінеді. Тегістеу металдан, керамикадан, пластмассадан, ферриттерден, тастан және т.б. жасалған дайындамалардың сыртқы және ішкі жазық, цилиндрлік, конустық, фасондық беттерін өңдеуде кеңінен қолданылады.
|
шлифовка электроразрядная / electrical discharge grinding — шлифовка за счет разряда между отрицательным электродом — шлифовальным кругом и положитель-ным — заготовкой, отделенными неболь-шим промежутком, заполненным диэлек-трической жидкостью типа нефтяного масла.
|
электрлі разрядты тегістеу / electrical discharge grinding — мұнайлы май тәрізді диэлектрлік сұйықпен толтырылған кішкене ара қашықтықпен бөлінген теріс электрод – тегістегіш дөңгелек пен оң электрод – дайындама арасындағы разрядтың көмегімен тегістеу.
|
шлифовка (полировка) ионно-лучевая / ion-beam polishing — удаление микронеров-ностей с поверхности твёрдого тела в результате распыления ускоренными ионами, испарения атомов из жидкой фазы на поверхности, созданной высокоинтен-сивным ионным пучком, или залечивание дефектов в результате перераспределения вещества в жидкой фазе вдоль поверхности.
|
ионды-сәулелі тегістеу / ion-beam polishing — үдетілген иондармен тозаңдандыру, жоғары қарқынды иондық шоқтың көмегімен жасалған беттің сұйық фазасынан атомдардың булануы нәтижесінде қатты дене бетінен микротегіссіздіктерді алып тастау немесе бет бойындағы сұйық фазада заттың қайта үлестірілуі нәтижесінде ақауларды жою процесі.
|
шлифовка (полировка) электронно-лучевая / electron-beam polishing— удаление микронеровностей с поверхности твёрдого тела в результате испарения атомов из жидкой фазы на поверхности, созданной высокоинтенсивным электронным пучком, или залечивание дефектов в результате перераспределения вещества в жидкой фазе вдоль поверхности.
|
электронды-сәулелі тегістеу / electron-beam polishing — үдетілген иондармен тозаңдан-дыру, жоғары қарқынды электрондық шоқтың көмегімен жасалған беттің сұйық фазасынан атомдардың булануы нәтижесінде қатты дене бетінен микротегіссіздіктерді алып тастау немесе бет бойындағы сұйық фазада заттың қайта үлестірілуі нәтижесінде ақауларды жою процесі.
|
Шлюзование
Locking, lockage
Загрузка (или выгрузка) изделия в вакуумную камеру плазменной установки, ускорителя и т.д. через специальный шлюз, без потери вакуума или специально созданной газовой среды.
|
Шлюздау
Locking, lockage
Ваккумның немесе арнайы жасалған газды ортаның шығынысыз арнайы шлюз арқылы плазмалық құрылғының вакуумды камерасына, үдеткішке және т.б бұйымның ендірілуі (немесе шығарылуы).
|
Э
Эвтектика
Eulectic (от греч. eutektos – легко плавящийся)
1.Смесь двух или более твердых фаз, одновременно кристаллизующихся из расплава при температуре ниже температуры плавления отдельных компонентов или любых других их смесей (твердая эвтектика).
2. Жидкий расплав или раствор, из которого возможна такая кристаллизация (жидкая эфтектика).
|
Эвтектика
Eulectic (от греч. eutektos – легко плавящийся)
1. Жеке компоненттердің немесе олардың кез келген басқа қоспаларының (қатты эвтектика) температурасынан төмен температурада балқымадан біруақытта кристалданушы екі немесе бірнеше қатты фазалар қоспасы.
2. Осындай кристаллдану (сұйық эфтектика) мүмкін болатын сұйық балқыма немесе ерітінді.
|
Эжекция
Ejection
Процесс смешения двух каких-либо сред, в котором одна среда, находясь под давлением, воздействует на другую и, увлекая за собою, выталкивает ее в необходимом направлении.
|
Эжекция
Ejection
Қандай да бір екі ортаның араласу процесі кезінде жоғары қысымда тұрған бір орта екінші ортаға әсер етіп, оны қажетті бағытта өзімен бірге ілестіріп әкету.
|
Эквивалент рентгена физический — см. ФЭР.
|
Рентгеннің физикалық баламасы- ФЭР-ді қараңыз.
|
Экран защитный
Shield
Поглотитель или отражатель, помещаемый между источником ионизирующего излучения и людьми, оборудованием или другими объектами с целью ослабления излучения до допустимого уровня.
|
Қорғаныш экраны
Shield
Адамдардың, қондырғының немесе басқа объектілердің сәулеленуін мүмкін деңгейге дейін әлсірету мақсатында олар мен иондаушы сәуле көзінің арасына қойылатын шағылдырғыш немесе жұтқыш.
|
Экситон
Exciton (от греч. Excito — возбуждать)
Квазичастица в полупроводнике или диэлектрике, представляющая собой элек-тронное возбуждение, мигрирующее по кристаллу и не связанное с переносом элек-трического заряда и массы. Представление об экситоне было введено в 1931 Я. И. Френкелем. Он объяснял отсутствие фото-проводимости у диэлектриков при погло-щении света тем, что поглощённая энергия расходуется не на создание носителей тока, а на образование экситона. В молекулярных кристаллах экситон представляет собой элементарное возбуждение электронной системы отдельной молекулы, которое благодаря межмолекулярным взаимодей-ствиям распространяется по кристаллу в виде волны (экситон Френкеля). В полупро-водниках экситон представляет собой водородоподобное связанное состояние электрона проводимости и дырки (экситон Ванье—Мотта).
|
Экситон
Exciton (гр. Excito — қоздыру)
Кристалл бойымен қозғалатын, бірақ электр заряды және масса тасымалдаумен байланысты емес электрондық қозу түріндегі жартылай өткізгіштегі немесе диэлектриктегі квазибөлшек. Экситон түсінігін 1931 жылы Я.И.Френкель енгізген. Ол диэлектриктердегі жарықты жұту кезіндегі фотоөткізгіштіктің жоқтығын жұтылған энергияның ток тасымалдаушыларды туындатуға емес, экситонның туындауына кететіндігімен түсіндірді. Экситон молекулалық кристалдарда жеке молекуланың электрондық жүйесінің молекула аралық әсерлесу нәтижесінде кристалда толқын түрінде таралатын элементарлы қозуын бейнелейді (Френкель экситоны). Жартылай өткізгіштерде экситон өткізгіштік электроны мен кемтіктің сутегі тәрізді байланыс күйін түрінде болады (Ванье-Мотт экситоны).
|
Экспандер
Expander
Элемент ионного источника, представляющий собой расширительный сосуд (с отверстием для проникновения плазмы), в котором образуется плазменный эмиттер с развитой поверхностью.
|
Экспандер
Expander
Дамыған беті бар плазмалық эмиттер пайда болатын кеңейткіш ыдыс (плазманың енуіне арналған саңылауы бар) тәрізді ионды көз элементі.
|
Экстинкция
Extinction
Ослабление пучка света (или др. излучения) при его распространении в веществе в результате совместного поглощения и рассеяния света.
|
Экстинкция
Extinction
Жарықты шашырату және жұту процестерінің салдарынан жарық (немесе басқа сәуле) шоғының әлсіреуі.
|
Экстракция / экстраги́рование
Extraction (от позднелат. extractio -извлечение)
Процесс разделения смеси жидких или твердых веществ с помощью избирательных (селективных) растворителей (экстраген-тов). Процесс экстракции включает три последовательных стадии: смешение исход-ной смеси веществ с экстрагентом; механи-ческое разделение (расслаивание) двух образующихся фаз; удаление экстрагента из обеих фаз и его регенерацию для повтор-ного использования.
|
Экстракция / экстраги́рование
Extraction (кейінгі лат. extractio - шығару)
Сұйық және қатты заттардың қоспаларын таңдамалы (селективті) еріткіштердің (экстрагенттер) көмегімен айыру процесі. Экстракция процесі үш тізбекті кезеңнен тұрады: заттың бастапқы қоспасын экстрагентпен араластыру; пайда болған екі фазаның механикалық бөлінуі; екі фазадан да экстрагенттерді алып тасау және оларды қайта қолдану үшін регенерациялау.
|
Эктон
Ecton, от первых букв англ. слов explosive centor (взрывной центр) или emissive centor (эмиссионный центр).
Новое понятие, не являющееся общепри-нятым; известны две трактовки.
1. Микровзрыв на поверхности катода, вызванный перегревом вещества из-за большой плотности энергии (порядка 10 КДж/г). Сопровождается короткой по времени (около 10-8 с) эмиссией лавины (отдельной порции) электронов, количество которых составляет 1011 - 1012 штук. Эктоны имеют место в электрических разрядах в вакууме, в катодном пятне вакуумных дуг, в объёмных газовых разрядах, в псевдоискровых и коронных разрядах и т.д.
2. Сообщество электронов (лавина, порция), покидающее поверхность металла при микровзрыве.
|
Эктон
Ecton, explosive centor (жарылу орталығы) немесе emissive centor (эмиссиялық орталық) деген ағ. сөздерінің бас әріптерінен алынған.
Танымал емес жаңа түсінік; екі түрлі түсіндірмесі белгілі.
1. Үлкен тығыздықты энергияның (10 КДж/г) әсерінен заттың жоғары қызуынан туындайтын катодтың бетіндегі микро жарылыс. Саны 1011 - 1012 дананы құрайтын қысқа уақытты (шамамен 10-8с) электрондардың көшкінінің эмиссиясымен (жекелеген порциясы) қабаттаса жүреді. Эктондар вакуумдағы электрлік разрядтарда, вакуумдық доғалардың катодтық дақтарында, көлемді газ разрядтарында және т.б. орын алады.
2. Микрожарылыс кезінде металдың бетінен ұшып шығатын электрондар жиыны(көшкіні, порциясы).
|
Электродиффузия
Electrodiffusion
Перенос вещества в расплавах с электронной или дырочной проводимостью при пропускании постоянного электри-ческого тока.
|
Электрлі диффузия
Electrodiffusion
Электрондық немесе кемтіктік өткізгіштігі бар ерітінділердің бойымен тұрақты электр тогы өткен кездегі заттардың тасымалдануы.
|
Электроды плазменные
Plasma electrode
Плазменные поверхности, образующиеся непосредственно у поверхности электродов (катодов и анодов) и обладающие повышенной электронной эмиссией.
|
Плазмалық электродтар
Plasma electrode
Тура электродтардың (катодтың және анодтың) бетінде пайда болатын және жоғары электрондық эмиссияға ие плазмалық беттер.
|
Электрод фокусирующий
Focusing electrode
Специальный электрод в источнике заряженных частиц для фокусровки пучка. Например, электронная пушка состоит из катода, управляющего электрода (модулятора), ускоряющего электрода и одного и более анодов. При наличии двух и более анодов первый анод принято называть «фокусирующий электрод».
|
Тоғысушы электрод
Focusing electrode
Шоқты тоғыстыру үшін зарядталған бөлшек-тер көзіндегі арнайы электрод. Мысалы, электронды зеңбірек катодтан, басқарушы электродтан (модулятордан), үдетуші электр-одтан және бір немесе бірнеше анодтардан тұрады. Екі және одан да көп анодтардың болуы кезінде бірінші анодты «тоғысушы электрод» деп атау қабылданған.
|
Электродиффузия – см. ст диффузия
|
Электродиффузия – қара ст. диффузия.
|
Электрокристаллизация
Electro-crystallization
Электроосаждение, кристаллизация метал-лов и сплавов на катоде при электролизе растворов и расплавов солей. Рост крис-таллов при электрокристаллизации метал-лов имеет много общего с кристаллизацией из пара или раствора. Фактором, определ-яющим перенасыщение при электрокрис-таллизации, является перенапряжение, возникающее на электроде в ходе электрохимической реакции.
|
Электрлі кристалдану
Electro-crystallization
Катодта ерітінділердің және тұздар балқымаларының электролизі кезінде металдар мен қорытпалардың кристалдануы мен электрлі тұндырылуы. Металдардың электрлі кристалдануы кезіндегі кристал-дардың өсуі будан немесе ерітіндіден крис-талдануға ұқсас. Электрокристализация-лану кезіндегі шамадан тыс қанығуды анықтайтын фактор электрохимиялық реакцияның барыс-ында электродта туындайтын кернеудің шамадан тыс артуы болып табылады.
|
Электролиз
Electrolysis (от электро…и греч. lysis – разложение, растворение, распад)
Совокупность электрохимических реакций, протекающих на поверхностях электродов в гальванической цепи при пропускании через нее электрического тока от внешнего источника и приводящих к химическому разложению растворителя или др. компонентов электролита (ионного проводника) и к образованию новых веществ.
См. также электролиты.
|
Электролиз
Electrolysis (электр…және гр. lysis – ыдырау, еру)
Электролит құрамындағы еріткіштердің немесе басқа да компоненттерінің ыдырауына және жаңа заттардың пайда болуына алып келетін, гальваникалық тізбекте тұрақты ток жүргенде ондағы электродтар бетінде жүзеге асатын электрохимиялық процестердің (яғни, бос электрондардың қатысуымен жүретін химиялық реакциялар) жиынтығы.
Сон. қ. қараңыз: электролиттер.
|
Электролиты
Electrolyte
Жидкие и твердые вещества, обладающие ионной проводимостью, т.е. проводники, в которых электрический ток обусловлен движением ионов (проводники 2-го рода).
См. также электролиз.
|
Электролиттер
Electrolyte
Иондық өткізгіштікке ие сұйық және қатты заттар, яғни заряд тасымалдағыш рөлін иондар атқаратын өткізгіштер (2-ші текті өткізгіштер).
Сон. қ. қараңыз: электролиз.
|
Электролюминесце́нция
Electroluminescence
Люминесценция, возбуждаемая электричес-ким полем. При прохождении электричес-кого тока в газах наблюдается их свечение.
См. также люминесценция.
|
Электролюминесце́нция
Electroluminescence
Электр өрісінің әсерінен пайда болатын люминесценция. Газдың бойымен электр тогы өткен кезде олар жарқырайды.
Сон. қ. қараңыз: люминесценция.
|
Электромигра́ция пове́рхностная
Electromigration
Направленное движение атомов на поверх-ности при пропускании электрического тока через образец.
|
Беттік электромиграция
Electromigration
Электр тогын үлгі арқылы өткізу кезінде оның бет бойымен атомдардың бағытталған қозғалысы.
|
Электро́н
Electron
Стабильная отрицательно заряженная элементарная частица с зарядом 1,6·10-19 Кл и массой 9·10-31 кг. Один из основных структурных, элементов материи. Самая легкая из всех заряженных элементарных частиц. Стабильная элементарная частица, одна из основных структурных единиц вещества. Из электронов состоят электронные оболочки атомов всех веществ. Движение электронов определяет многие электрические явления, такие как электрический ток в металлах и вакууме.
Заряд электрона неделим и равен −1,60217653(14)·10−19 Кл (или 4,803×10−10 ед.СГСЭ в системе СГС). Эта величина служит единицей измерения электрического заряда других элементарных частиц (в отличие от заряда электрона, элементарный заряд обычно берётся с положительным знаком). Масса покоя электрона равна 9,1093826(16)·10−31 кг.
Согласно современным представлениям физики элементарных частиц, электронтнеделим и бесструктурен (как минимум до расстояний 10−17 см). Электрон участвует в слабых, электро-магнитных и гравитационных взаимодей-ствиях. Он принадлежит к группе лептонов и является (вместе со своей античастицей, позитроном) легчайшим из заряженных лептонов. До открытия массы нейтрино электрон считался наиболее лёгкой из массивных частиц — его масса в 1836 раз меньше массы протона. Спин электрона равен 1/2, и, таким образом, электрон относится к фермионам. Иногда к элек-тронам относят как собственно электроны, так и позитроны (например, рассматривая их как общее электрон-позитронное поле, решение уравнения Дирака). В этом случае отрицательно заряженный электрон назы-вают негатроном, положительно заряжен-ный — позитроном.
Находясь в периодическом потен-циале кристалла, электрон рассматривается как квазичастица, эффективная масса которой может значительно отличаться от массы покоя электрона.
|
Электрон
Electron
Заряды 1,6·10-19 Кл және массасы 9·10-31 кг болатын орнықты теріс зарядталған элементар бөлшек. Материяның негізгі құраушы элементтерінің бірі. Зарядталған элементар бөлшектердің ішіндегі ең жеңілі. Зат негізгі құрылымды біріліктерінің бірі, тұрақты элементар бөлшек. Барлық заттардың атомдарының электрондық қабықшалары электрондардан тұрады. Көптеген электрлік құбылыстар, атап айтқанда, металдардағы және вакуумдағы электр тогы, электрондардың қозғалысымен анықталады.
Электрон заряды бөлінбейді және ол мынаған тең: 1,60217653(14)·10−19 Кл (немесе СГС жүйесінде 4,803×10−10 СГСЭ бірл.). Бұл шама басқа элементар бөлшектердің (электрон зарядынан басқа, элементар заряд әдетте оң таңбамен алынады) электр зарядын өлшеуде қолданылады. Электронның тыныштық массасы 9,1093826(16)·10−31 кг-ға тең.
Қазіргі кездегі элементар бөлшектер физикасындағы көзқарастар бойынша электрон бөлінбейді және құрылымсыз (10−17 см ара қашықтыққа дейін). Электрон әлсіз, гравитициялық және электромагниттік әсерлесуге қатысады. Ол лептондар тобына жатады және зарядталған лептондар ішіндегі аса жеңілі болып табылады. Электрон нейтрино ашылғанға дейін массалы бөлшектердің ішінде ең жеңіл бөлшек болып саналған – оның массасы протон массасынан 1836 есе кіші. Электронның спині ½ -ге тең, сондықтан да ол фермиондар қатарына жатады. Кейде электрондарға электронның өзімен қоса позитрондарды да жатқызады. (мысалы, Дирактың теңдеуін шешуде оларды жалпы электрон-позитронды өріс ретінде қарастырады). Бұл жағдайда теріс зарядталған электронды негатрон, ал оң зарядты бөлшекті – позитрон деп атайды.
Электрон кристалдың периодты потенциалды жүйесінде эффективті массасы тыныштық массасынан айтарлықтай ерекшеленетін квазибөлшек ретінде қарастырылады.
|
электроны валентные / valence electron — внешние электроны атома.
|
валентті электрондар / valence electron — атомның сыртқы электрондары.
|
электроны горячие (горячие дырки) / hot electron — подвижные носители заряда в твёрдом проводнике, энергетическое распределение которых существенно смещено в сторону больших энергий от равновесного распределения Ферми-Дирака.
|
ыстық электрондар (ыстық кестіктер) / hot electron — энергетикалық таралулары Ферми-Дирак таралуындағы тепе-теңдік күйінен үлкен энергиялы бағытқа қарай айтарлықтай ығысқан қатты өткізгіштегі қозғалғыш заряд тасымалдағыштар.
|
электрон Оже / Auger electron — электрон, испускаемый атомом или молекулой при оже-эффекте.
|
Оже электроны / Auger electron — оже-эффект кезіндегі молекуланың немесе атомның шығаратын электроны.
|
электрон отдачи / Compton (recoil) electron — электрон, приобретающий скорость при столкновении с фотоном в эффекте Комптона.
|
тебілу электроны / Compton (recoil) electron — Комптон эффектісінде фотонмен соқтығысуы нәтижесінде жылдамдыққа ие болатын электрон.
|
электроны проводимости / conduction [conductivity] electron — электроны твердого тела, упорядоченное движение которых (дрейф) обусловливает электро-проводность.
|
өткізгіштік электрон / conduction [conductivity] electron — қатты денедегі реттелген қозғалысы электр өткізгіштікті тудыратын электрондар
|
электроны свободные / free electron, unbounded [uncoupled] electron — валентные электроны атомов металла.
|
еркін электрондар / free electron, unbounded [uncoupled] electron — металл атомдарының валентті электрондары.
|
электроны убегающие / fleeing electron — электроны полностью ионизованной плазмы, ускоряемые внешним электричес-ким полем, в котором находится плазма.
|
қашқын электрондар / fleeing electron — толық иондалған плазманың сыртқы электр өрісімен үдетілген электрондары.
|
Электронвольт (эВ, eV)
Electron-volt (unit of energy)
Внесистемная единица энергии. При-меняется чаще всего в физике микромира. 1эВ — энергия, которую приобретает электрон при прохождении разности потенциала в 1 В.
|
Электронвольт (эВ, eV).
Electron-volt (unit of energy)
Энергияның жүйеден тыс өлшем бірлігі. Негізінен микроәлем физикасында қолданылады. 1эВ — электронның 1 В потенциалдар айырымын жүріп өткен кезінде алған энергиясына тең.
|
Электронограф
Electron-diffraction camera
Прибор для исследования атомного строения вещества (гл. образом твердых тел и газовых молекул) методами электронографии.
|
Электронограф
Electron-diffraction camera
Заттың атомдық құрылымын (қатты денелер мен газ молекулаларының) электронография әдісімен зерттеуге арналған құрылғы.
|
Электроногра́фия
Electron diffraction
Метод изучения структуры вещества, основанный на исследовании рассеяния образцом ускоренных электронов. Применяется для изучения атомной структуры кристаллов, аморфных тел и жидкостей, молекул газов и паров. Физическая основа электронографии — дифракция электронов.
|
Электронография
Electron diffraction
Заттың құрылымын зерттеу әдісі. Бұл әдіс үдетілген электрондардың үлгіден шашырауын талдауға негізделген. Кристалдардың, аморфты денелер мен сұйықтардың, газ және бу молекуларының атомдық құрылымындарын зерттеуде қолданылады. Электронографияның физика-лық негізі – электрондар дифракциясы.
|
Электропроводность (проводи́мость, проводи́мость электри́ческая)
Electroconductivity
Способность вещества пропускать электрический ток под действием электрического поля, а также физическая величина, количественно характеризующая эту способность. Электропроводность обусловлена присутствием свободных носителей заряда в твердом теле, направленное движение которых и есть электрический ток.
|
Электрөткізгіштік (өткізгіштік, электрлік өткізгіштік)
Electroconductivity
Заттың электр өрісі әсерінен электр тогын өткізу қабілеті, сонымен қоса, осы қабілетті сан жағынан сипаттайтын физикалық шама. Электрөткізгіштік қатты денеде бағытталған қозғалысы электр тогы болып табылатын еркін заряд тасымалдаушылардың болуына негізделген.
|
Элемент тепловыделяющий — см. твэл.
|
Жылубөлетін элемент- твэлді қараңыз.
|
Эллипсометрия
Ellipsometry
Метод неразрушаемого измерения и контроля оптических параметров веществ по поляризационным характеристикам отраженного (реже — проходящего) света. Поскольку наиболее общим случаем (полной) поляризации является эллиптическая, метод и называется эллипсометрия.
|
Эллипсометрия
Ellipsometry
Шағылған сәуленің (сирек енетін сәуленің) поляризациялық сипаттамалары бойынша заттың оптикалық сипаттамаларын өлшеу және басқару әдісі. Поляризацияның жалпы (толық) жағдайы болып эллиптикалық табылатындықтан, әдіс те эллипсометрия деп аталады.
|
Эмиссия
Emission
эмиссия автоэлектронная / autoelectronic emission, cold emission, field emission — см. эмиссия туннельная.
|
Эмиссия
Emission
автоэлектронды эмиссия / autoelectronic emission, cold emission, field emission — қараңыз: туннелді эмиссия.
|
эмиссия вторичная электронная / secondary electron emission — испускание электронов поверхностью твёрдого тела при её бомбардировке электронами.
|
екінші ретті электронды эмиссия / secondary electron emission — қатты денені электрондармен атқылау нәтижесінде беттің электрондарды шығаруы.
|
эмиссия ионная / ionic emission — испускание положительных и отрицатель-ных ионов поверхностью твёрдого тела или жидкости в вакуум или газообразную среду.
|
ионды эмиссия / ionic emission — қатты дене немесе сұйық беттінен газ тәрізді немесе вакуумды ортаға оң және теріс иондардың ұшып шығуы.
|
эмиссия ионно-ионная (эмиссия вторичная ионная) / secondary ion emission — испускание ионов конденсированной средой при бомбардировке ее ионами.
|
ионды-ионды эмиссия (екінші ретті ионды эмиссия) / secondary ion emission — конденсирленген ортаны иондармен атқылау нәтижесінде иондарды шығаруы.
|
эмиссия ионно-фотонная / ion photon emission — испускание фотонов при ионной бомбардировке твердого тела (мишени); происходит в результате снятия электронного возбуждения в атомах и молекулах, возникшего при торможении ионов и их нейтрализации.
|
ионды-фотонды эмиссия / ion photon emission — иондармен атқылау кезінде қатты дене (нысана) бетінен фотондардың ұшып шығуы; иондардың тежелуі және бейтараптануы кезінде электронды қозған атомдар мен молекулалардың негізгі күйге өтуі нәтижесінде жүзеге асады.
|
эмиссия ионно-электронная / ion electron emission — испускание электронов поверхностью твёрдого тела в вакуум под действием ионной бомбардировки. Иногда её разделяют на потенциальную (под действием электрического поля, обусловленного зарядом иона) и кинетическую (связанную с передачей кинетической энергии налетающего иона электронной подсистеме).
|
ионды-электронды эмиссия / ion electron emission — иондармен атқылау нәтижесінде қатты дене бетінен вакуумға электрондардың ұшып шығуы. Кейде оны кинетикалық (электрондық жүйеге соқтығысқан ионның кинетикалық энергиясының тасымалдануымен байланысты) және потенциалды (ионның зарядына негізделген электр өрісінің әсерінен) деп екіге бөледі.
|
эмиссия кинетическая / kinetic emission — передача определенной порции кинетической энергии иона электрону в твердом теле.
|
кинетикалық эмиссия / kinetic emission — қатты денедегі ионның кинетикалық энергиясының белгілі бір порциясының электронға берілуі.
|
эмиссия полевая / field emission — эмиссия электронов, вызванная высокими электри-ческими полями.
|
өрістік эмиссия / field emission — жоғары электр өрісіндегі электрондар эмиссиясы.
|
эмиссия потенциальная / potential emission — обмен электроном между ионом и поверхностью, когда их электронные волновые функции перекрываются; преобладает при относительно низких скоростях ионов.
|
потенциалды эмиссия / potential emission — ион мен беттің электронды толқындық функциялары қабаттасқанда олардың электрондармен алмасу процесі. Иондардың салыстырмалы жылдамдығының аз шамасында күшейеді.
|
эмиссия термоэлектронная / thermal electron emission — явление испускания электронов нагретыми телами (эмиттерами).
|
термоэлектронды эмиссия / thermal electron emission — қыздырылған денелерден (эмиттер) электрондардың ұшып шығу құбылысы.
|
эмиссия туннельная ( автоэлектронная, холодная, электростатическая, полевая) / tunelling emission — испускание электронов твёрдыми и жидкими проводниками под действием внешнего электрического поля Е высокой напряжённости (Е ~ 107 в/см).
|
туннельді эмиссия (автоэлектронды, суық, электростатикалық, өрістік) / tunelling emission — қатты және сұйық өткізгіштерден жоғары кернеулікті (Е ~ 107 в/см) сыртқы электр өрісінің Е әсерінен электрондардың ұшып шығуы.
|
эмиссия фотоэлектронная ( фотоэмис-сия) / photoelectronic emission — эмиссия электронов, вызванная облучением твер-дого тела фотонами, в результате которой некоторые электроны могут поглотить энергию фотона и покинуть твердое тело.
|
фотоэлектронды эмиссия (фотоэмиссия) / photoelectronic emission — қатты денелердің фотондармен сәулеленуі кезіндегі электрондар эмиссиясы, яғни кейбір электрондардың фотон энергиясын жұтып, қатты денені тастап кету құбылысы.
|
эмиссия экзоэлектронная / exoelectron emission — испускание электронов холод-ной металлической поверхностью при механическом воздействии на нее и растрескивании.
|
экзоэлектронды эмиссия / exoelectron emission — механикалық әсерлер мен жарылу кезіндегі суық металл бетінен электрондардың ұшып шығуы.
|
эмиссия электронная / electron emission — испускание электронов телами под влиянием внешних воздействий: нагревания, потока фотонов, электронов, ионов или сильного электрического поля
|
электронды эмиссия / electron emission — денелерден сыртқы әрекеттердің әсерінен электрондардың ұшып шығуы: қыздырудың, фотондар ағынының, электрондардың, иондардың немесе күшті электр өрісінің.
|
эмиссия электронная взрывная / electron explosive emission — возникновение электронного тока из металлического эмиттера вследствие перехода материала эмиттера из конденсированной фазы в плотную плазму в результате разогрева локальных микроскопических областей эмиттера током автоэлектронной эмиссии.
|
электронды жарылғыш эмиссиясы / electron explosive emission — эмиттердің оқшауланған микроскопиялық облыстарын автоэлектрон-дың эмиссия тогымен қыздыру нәтижесінде эмиттер материалының конденсирленген фазасынан тығыз плазмаға ауысуы салдарынан металл эмиттерден элекрондық токтың пайда болуы.
|
Эмиттанс
Emittance
Количественная характеристика качества пучка, равная его фазовому объему, т.е. объему, заключенному внутри поверхности, ограничивающей изображения пучка в фазовом пространстве.
|
Эмиттанс
Emittance
Шоқ сапасының сандық сипатамасы. Шамасы оның фазалық көлеміне, яғни ұшқынның фазалық кеңістіктегі бейнесін шектейтін, беттің ішінде орналасқан көлемге тең.
|
Эми́ттер
Emitter
1. Электрод транзистора.
2. Тело, испускающее электроны в результате автоэлектронной или термо-электронной эмиссии.
|
Эмиттер
Emitter
1. Транзистор электроды.
2. Термоэлектрондық немесе авто-электрондың эмиссия нәтижесінде электрондар шығаратын дене.
|
Эмиттер ионов жидкометаллический
Liquid-metal ion emitter
Особый тип эмиттера ионов, представляю-щий собой тонкую иглу с острием малого радиуса, смоченную жидким металлом. Перед эмиттером находится электрод-экстрактор, создающий вблизи острия силь-ное, ускоряющее ионы электрическое поле (напряженность порядка 108 В/см) и имею-щий специальное отверстие для вывода формируемого ионного пучка. Для него характерны следующие особенности: боль-шой ток эмиссии (10-6-10-3 А); существ-ование жидкого металла на поверхности иглы, приобретающего специфическую кон-фигурацию в сильном электрическом поле; саморазогрев эмитирующей области до 500-10000С; характерное свечение вблизи острия; высокая однородность пучка ионов по составу.
|
Иондардың сұйық металды эмиттері
Liquid-metal ion emitter
Сұйық металмен суланған шағын радиус ұшы бар жұқа ине түріндегі иондар эмиттерінің ерекше түрі. Эмиттердің алдында өткір жақын маңда иондарды үдетуші күшті электрлі өрісті (кернеулігі шамамен 108 В/см жасайтын және қалыптасушы ионды шоқты шығару үшін арнайы тетігі бар электрод-экстрактор орналасады. Ол үшін келесі ерекшеліктер тән: эмиссияның үлкен тоғы ((10-6-10-3 А); күшті электрлі өрісте спецификалық конфигурациялы иненің бетінде сұйық металдың болуы; эмитациялаушы облыстың өздік қызуы 500-10000С дейін; жүзге жақын маңда өзіне тән жарқырау; құрамы бойынша иондар шоғының жоғары біртектілігі.
|
Эмиттер плазменный
Plasma emitter
Эмиттер в виде газоразрядного устройства, в котором генерируется плазма и созданы условия для выхода электронов в вакуум или газ низкого давления. Используется для получения электронных и ионных пучков.
|
Плазмалық эмиттер
Plasma emitter
Плазма генерацияланатын және вакуумға немесе төмен қысымдағы газға электрондардың шығуы үшін жағдай жасалған газ разрядты құрылғы түріндегі эмиттер.
|
Энергетика
Energy
Область промышленности, связанная с производством, накоплением, переработ-кой, транспортировкой, распределением и потреблением энергии.
|
Энергетика
Energy
Энергияны өндіруге, жинақтауға, өңдеуге, тасымалдауға, таратуға және тұтынуға байланысты өнеркәсіп саласы
|
Энергетика атомная
Nuclear power
Отрасль энергетики, использующая ядерную энергию для целей электрификации и теплофикации. Как область науки и техники разрабатывает методы и средства преобразования ядерной энергии в электрическую и тепловую.
|
Атом энергетикасы
Nuclear power
Электрлендіру және теплофикация мақсатында ядролық энергияны қолданатын энергетика саласы. Ғылым және техника саласы ретінде ядролық энергияны электрлік және жылулық энергияға түрлендіру әдістері мен құралдарын жетілдіреді.
|
Энергетика водородная
Hydrogen energy
Использует водород как носитель энергии. Э.в. также включает получение Н2 из воды и другого природного сырья; хранение Н2 в газообразном и сжиженном состояниях или в виде искусственно полученных хими-ческих соединений, напр. гидридов интерметаллических соединений; транс-портирование Н2 к потребителю с неболь-шими потерями. Э.в. пока не получила массового применения. Методы получения Н2, способы его хранения и транспорт-ировки, которые рассматриваются как перс-пективные для Э.в., находятся на стадии опытных разработок и лабораторных исследований.
|
Сутегі энергетикасы
Hydrogen energy
Сутегін энергия тасымалдаушы ретінде қолданады. Сонымен қоса, судан және басқа да табиғи шикізаттардан Н2-ні алу; Н2–ні газ тәрізді және сұйытылған күйде немесе интерметалдық гидридтердің қосылыстары сияқты жасанды химиялық қосылыстар түрінде сақтау; Н2-ні тұтынушыға аз шығынмен жеткізу де сутегі энергетикасына жатады. Сутегі энергетикасы әзірге жаппай қолданысқа ие болған жоқ. Н2–ні алу әдістері, оны тасымалдау және сақтау әдістері әзірге тек лабораториялық зерттеулер мен тәжірибелерді өңдеу кезеңінен өтуде.
|
энергетика радиоизотопная / radioisotopic energy — методы получения и исполь-зования энергии, выделяющейся при рас-паде радиоактивных нуклидов. Применя-ются главным образом бета-активные продукты деления урана (Sr90, Cs137, Pm147 и др.) и альфа-активные изотопы тяжелых элементов (Ро210, Ри238 и др.), обладающие высокой удельной активностью (мощность энерговыделения должна составлять 0,1-100 Вт/г). При этом период полураспада должен лежать в интервале 1 месяц - 20 лет. Мощность подобных источников обычно не превышает нескольких киловатт. Исполь-зуются в труднодоступных районах Земли, в космосе для питания радиомаяков, метеорологических станций и т.д.
|
радиоизотопты энергетика / radioisotopic energy — радиоактивті нуклидтер ыдырағанда бөлінетін энергияны қолдану мен алу әдістері.Негізінен жоғары меншікті активтілікке ие (энергия бөлу қуаты 0,1-100 Вт/г құрауы керек) уран (Sr90, Cs137, Pm147 және т.б.) бөлінуінің бета-активті өнімдері мен ауыр элементтердің (Ро210, Ри238 және т.б.) альфа-активті өнімдері қолданылады.Мұнда жартылай ыдырау периоды 1 ай-20 жыл аралығында жатуы керек. Мұндай көздердің қуаты әдетте бірнеше киловаттан аспайды. Жердің қол жетімділігі қиын аудандарында, ғарышта радиомаяктарды, метерологиялық станцияларды және т.б. қоректендіру үшін қолданылады.
|
Эне́ргия
Energy (от греч. energeia – действие, деятельность)
Единая мера различных форм движения и взаимодействия всех видов материи; имеет размерность работы.
|
Энергия
Energy (гректің energeia – әрекет, қызмет деген сөзінен)
Материяның барлық түрінің қозғалысы мен өзара әсерлесуінің бірыңғай өлшемі; өлшем бірлігі жұмыстікіндей.
|
|