Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков


Дәл  осы  кезеңде  республиканың  және  басқа



Pdf көрінісі
бет85/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   299
9-20

Дәл  осы  кезеңде  республиканың  және  басқа 

республикалардан  келген  тарихшылардың  бір­

лес кен  күш  салуымен  «Қазақ  КсР  тарихы»  атты 

алғашқы ірі жинақталған еңбек шықты. Қазақстан 

тарихы  бойынша  40-жылдары  үш  жалпылама  ака-

демиялық  еңбек  шығады.  Бұл  КСРО  Ғылым  Ака-

демиясы  және  оның  қазақстандық  филиалының 

ая сында  жарияланған  М.П.Вяткиннің  «Қазақ  КСР 

тарихы бойынша очерктері» (1941 ж.) [7] және «Қазақ 

КСР  тарихы»  (1943  и  1949  гг.)  атты  екі  ұжымдық 

еңбек  [8-9].  Үлкен  хронологиялық  кезеңді  қамтитын 

Қазақ стан тарихы бойынша осы жинақталған жұмыс-

тар  тағы  бір  факторды  біріктіреді.  М.П.Вяткин  осы 

«Очерктерінен» басқа, XVII ғасырдың соңында қазақ-

орыс  қатынастарын  қалпына  келтіру  мәселелерін 

қарастырған  1943  және  1949  жж.  басылымдардағы 

параграфтардың авторы да болды.

Мақалада  осы  еңбектерде  XVII  ғасырдың  соңғы 

онжылдықтарында  қазақ-орыс  қарым-қатынастарын 

қалпына  келтіру  мәселесі  қалай  көрініс  тапқан, 

жаңа  заманда  қазақ  жерлерінің  Ресейге  қосылу 

үдерісін  түсіндіретін  тұжырымдамалардың  өзгеруі 

жағдайындағы  оқиғаларды  бағалауда  қандай  өзге-

рістер болғаны зерделенеді.

М.П.Вяткиннің ежелгі дәуірден XIX ғасырдың соңғы 

ширегіне  дейінгі  Қазақстан  тарихын  топтастырған 

«Қазақ КСР тарихы бойынша очерктер» атты алғашқы 

кітабы 1941 жылы шыққан. Оған дейін бірнеше жыл 

бұрын  Қазақстан  тарихы  бойынша  ірі  жинақтал-

ған  еңбекті  С.Д.Асфендиаров  жариялады.  Алайда, 

оның  еңбегінде  XVII  ғасырдың  соңындағы  қазақ-

орыс қарым-қатынастарын қалпына келтіру мәселесі 

мүлдем  қозғалмаған  [10].  Бұл  бұрынырақ  шыққан 

А.П.чулошниковтың еңбегіне де қатысты [11].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет