Мәтін №1
Ақылды Ақтөс
Сая мен күшігі Ақтөс қыдырып жүрді. Сая
қуыршақпен ойнады.
Сосын Сая үйге қарай жүгіріп кетті, ал қуыршағын
ұмытып кетті.
Ақтөс қуыршақты тауып алды да,
оны Саяға алып
келді.
Сұрақтар:
1. Сая кіммен қыдырды?
2. Сая қуыршақты қай жерде ұмытып кетті?
3. Үйге қуыршақты кім алып келді?
Сөздерді тауып, сөйлемді жалғастыр.
Ақылды Ақтөс
Сая мен _____ Ақтөс ________ жүрді. Сая ________
ойнады.
Сосын ___ үйге қарай _______ кетті, ал ______ ұмытып
кетті.
Ақтөс ________ тауып алды да, оны ____ алып келді.