Ақылды Ақтөс Сая мен күшігі Ақтөс қыдырып жүрді. Сая қуыршақпен ойнады. Сосын Сая үйге қарай жүгіріп кетті, ал қуыршағын ұмытып кетті. Ақтөс қуыршақты тауып алды да, оны Саяға алып келді. Сұрақтар



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата07.02.2024
өлшемі462.31 Kb.
#491249
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Оқимыз, сұраққа жауап береміз, мазмұндаймыз

Жанды компастар 
 
Зерттеушілер бірнеше жануарлардың денелерінде 
биологиялық компастың бар екендігін анықтады. 
Мәселен, көшпелі құстардың басының құрылысында 
магнитті темірге бай – магнетит металы бар. Соның 
көмегімен жердің магниттік өрісінен пайдаланып 
бағыттарын табады. Бұлтты күнде де бағыттарынан 
адаспайды. Алайда бастарына күшті магнит байланған 
жағдайда бұлтты күнде көгершіндер жолдарын мүлдем 
жоғалтып алады. Магниттік өрісті аңғара алатын 
жануарлардың тізімі күннен күнге артуда. Бұлардың 
негізгілері – көгершіндер, бактериялар, аралар, 
делфиндер, акулалар болып табылады. Почташы 
көгершіндер 100км/сағ жылдамдықпен еш тоқтамай 15 
сағат ұшып, 1500 км жолды ұшып өте алады. Бұл 
жануарлар жолдарын мүлдем адастырмайды.
Сұрақтар: 
1. Зерттеушілер не анықтады? 
2. Құстар жердің магниттік өрісін не арқылы табады? 
3. Қандай жағдайда көгершіндер жолдарын жоғалтып 
алады? 
4. Почташы көгершіндер қалай ұшады? 


Сөздерді тауып, сөйлемді жалғастыр 
Зерттеушілер бірнеше _________ денелерінде 
биологиялық _____ бар екендігін анықтады. Мәселен, 
көшпелі құстардың _______ құрылысында магнитті 
темірге бай – магнетит металы ___. Соның көмегімен 
жердің магниттік өрісінен пайдаланып бағыттарын 
______. Бұлтты ______ де бағыттарынан адаспайды. 
Алайда бастарына _____ магнит байланған жағдайда 
_____ күнде көгершіндер жолдарын мүлдем жоғалтып 
алады. Магниттік өрісті аңғара алатын жануарлардың 
тізімі күннен күнге _____. Бұлардың негізгілері – 
көгершіндер, бактериялар, аралар, делфиндер, акулалар 
_____ ________. Почташы көгершіндер ___км/сағ 
жылдамдықпен еш тоқтамай __ сағат ұшып, _____ км 
жолды ұшып өте алады. Бұл ______ жолдарын мүлдем 
__________.
 


Мәтін №26 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет