Ақылды Ақтөс Сая мен күшігі Ақтөс қыдырып жүрді. Сая қуыршақпен ойнады. Сосын Сая үйге қарай жүгіріп кетті, ал қуыршағын ұмытып кетті. Ақтөс қуыршақты тауып алды да, оны Саяға алып келді. Сұрақтар



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата07.02.2024
өлшемі462.31 Kb.
#491249
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Оқимыз, сұраққа жауап береміз, мазмұндаймыз

Түлкі мен шаян 
 
Түлкі шаянды жүгіруден жарысқа шақырды. Шаян 
келісті. 
Түлкі жүгіріп кетті, ал шаян түлкінің құйрығына ілініп 
алды. 
Түлкі жүгіріп жетті. Бұрылып қараса, шаян 
құйрығынан ағытылып, түлкіге: «Ал, мен сені осында 
бұрыннан бері күтіп отырмын» деді. 
 
 
Сұрақтар: 
1. Түлкі шаянға не ұсынды? 
2. Шаян түлкіні қалай алдады? 
3. Шаян түлкіге не айтты? 
 
 
Сөздерді тауып, сөйлемді жалғастыр.
 
Түлкі мен шаян 
 
Түлкі _______ жүгіруден жарысқа шақырды. Шаян 
_______. 
Түлкі ______ кетті, ал шаян түлкінің _________ ілініп 
алды. 
Түлкі _____ жетті. Бұрылып _____, шаян _______ 
ағытылып, түлкіге: «Ал, мен сені осында бұрыннан бері 
_____ отырмын» _____. 


Мәтін №7 
 
Балапан 
 
Кішкентай қыз жұмыртқаға жүн жіпті орады. Шумақ 
жіп шықты. 
Бұл шумақ жіпті пештегі себетке салып қойды. 
Арада үш апта өтті. Кенеттен себет ішінен дыбыс 
естілді. Шумақ жіп шиқылдады. 
Қыз жіпті тарқатты. Оның ішінен кішкентай балапан 
шықты. 
Сұрақтар: 
1. Қыз шумақ жіпті қалай істеді? 
2. Ол шумақ жіпті қайда қойды? 
3. Үш аптадан кейін шумақ жіпке не болды? 
Сөздерді тауып, сөйлемді жалғастыр.
Кішкентай ___ жұмыртқаға жүн _____ орады. _____ 
жіп шықты. 
Бұл _____ _____ пештегі себетке салып қойды. 
Арада __ апта ____. Кенеттен себет ішінен _____ 
естілді. Шумақ жіп _______. 
Қыз _____ тарқатты. Оның ішінен _________ _______ 
шықты. 


Мәтін №8 
 
Акула 
 
Акулалар - ежелгі балықтар. Олар теңізде бұрынғы 
уақыттан бері өмір сүреді. Акулалардың көпшілігі - 
жыртқыштар. Акула - тез жүзуші. Одан құтылу өте қиын. 
Акулалар кішкентай және алып болады. Олар өте мықты 
және тіпті алыс жерлерде бүкіл жер шарын жүзіп жүреді. 
Сұрақтар: 
- «Акула ежелгі балық» дегенді қалай түсінуге болады ? 
- Акула қай жерде өмір сүреді? 
- Акулалар қандай болады? 
Сөздерді тауып, сөйлемді жалғастыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет