Мәтін №9
Бірқазан
Көлдер мен теңіздер жағасында бірқазан өмір сүреді. Ол
балықпен қоректенеді. Бірқазанның тұмсығы үлкен.
Тұмсығының астында тері қапшығы болады.
Аталған
қапшықпен қармақ секілді балық аулайды. Өз
балапандарына дәл осы қапшыққа салып, балық апарады.
Сұрақтар:
1. Бірқазан қайда мекендейді?
2. Бірқазан немен балық аулайды?
3. Тері қапшығы денесінің қай бөлігінде?
Сөздерді тауып, сөйлемді жалғастыр.
Бірқазан
___ мен ___ жағасында бірқазан өмір сүреді. Ол ____
қоректенеді. Бірқазанның тұмсығы ___. Тұмсығының
____ тері қапшығы болады. Аталған қапшықпен ____
секілді балық аулайды. Өз _____ дәл осы ___ салып, ____
апарады.
Мәтін №10
«Судан шыққан тауық»
Әдетте «Судан шыққан тауықтай» десе де, «судан
шыққан үйректей» деп айтылмайды.
Мәселе суда
жүзетін барлық құстардың мамықтарын майлайтынында.
Сол себепті олардың мамықтары су болмайды.
Тауықтың
мұндай
қорғанысы
жоқ.
Сұрақтар:
1. Әдетте адамдар қандай сөзді жиі айтады?
2. Неге суда жүзетін барлық
құстардың мамықтары су
болмайды?
3. Үйректі суда жүзетін құсқа жатқызуға бола ма?
Сөздерді тауып, сөйлемді жалғастыр.
«Судан шыққан тауық»
Әдетте «Судан шыққан ____» десе де, «судан
шыққан ____» деп айтылмайды. Мәселе ____
барлық
құстардың _____ майлайтынында. Сол себепті олардың
мамықтары __ ____. ____ мұндай қорғанысы __.