Aқын тойы – айтулы оқиға



Дата04.07.2016
өлшемі31 Kb.
#177965
Aқын тойы – айтулы оқиға
Аталмыш мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев баяндама жасады. Облыс әкімдігінің қаулысымен Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойын әзірлеу және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді деді ол өз сөзінде. Осы­ған сәйкес аталған мерейтойды өткізу жөніндегі іс-шаралар бағ­дарламасы әзірленіп, арнайы комиссия құрамы бекітілді.

Бүгінгі күнге дейін облыс кө­лемінде ақынның мерейтойына арналған әншілер конкурсы, ақын­дар мүшәйрасы өткізіліп, үш бірдей кітап шығарылды. Мәдениет бас­қармасының сайтынан рубрика ашылды. Жаңадан жарық көретін дүниелердің қатарында Қасымның өлеңдеріне жазылған әндер жинағы бар. Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығы аталмыш жинақты әзірлеп, баспаға өткізді. «Жыр жазамын жүрегімнен» атты CD дискі әзірленуде. Оның әнде­рін Қали Байжанов атындағы кон­церттік бірлестіктің әншілері мен фольклорлық ансамблі жазып бі­тірді. Қазір арнайы диск әзір­ленуде. Ақынның өміріне арналған екі деректі фильм түсіріліп жатыр. «Қасым Аманжолов» атты ғылыми-танымдық сайт іске қосылады.


Мерейтой аясындағы іс-ша­ра­лардың сүбелі кезеңі шілде айының 27-30 аралығына бел­гіленді. Облыстық телеарнадан Қа­сым Аманжолов туралы әзір­ленген фильм көрсетіледі және республикалық ақындар айты­сы өтеді. Қарағанды қаласы­ның орталығында Қасым Аманжо­лов­тың еңселі ескерткіші орнатылады. Дәл осы күні жоға­рыда аталып өткен Қасым Аман­жоловтың таңдамалы шы­ғар­ма­лар кітабының және «Қа­сым» әдеби-мәдени қо­ғамдық жур­на­лының тұсаукесері жасалады. Со­­нымен қатар, рес­публикалық ақын­дар мүшәйрасы өтеді, ал кеш­­кілік Ш.Айманов ат­ындағы «Қазақфильм» киностудиясы әзір­леген Қасым Аманжолов туралы деректі фильм көрсетіліп, соңы концерттік бағдарламаға ұла­сады. Қазақстан Жазушылар Одағымен бірлесе отырып, «Қ.Аманжолов және жаңа дәуір поэ­зиясы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция және Қасым ән­де­рі мен өлеңдеріне жазылған рес­публикалық ән фестивалі өтеді.

Келесі күні дүбірлі той ақынның туып, өскен өлкесі Қарқаралы же­рінде жалғасын табады. Театр­лан­­дырылған концерттік бағдар­ла­малар, аламан бәйге, көкпар, қазақша күрес, теңге алу тәрізді ұлттық спорт ойындары өткізіледі.



Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі бірқатар тапсырмалар берді. Ол Қасым Аманжоловтың 100-жылдығын атап өту – біздің аймағымыздың ғана емес, бүкіл еліміздің мәдени өміріндегі айтулы оқиға екендігін атап айтты. Сондықтан, мерейлі мерейтойға дайындық тиісті деңгейде жүргізілу керек.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Орталық Қазақстан. - 2011. - 21 мамыр (№ 79/80). - 1 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет