Ақындар айтысы бағыт бойынша 2 кезеңінің тапсырмалары Тақырып №2: Айтыс өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі 2015 жылғы 20 қантарға дейін «Ертіс дарыны»



Дата16.06.2016
өлшемі28.5 Kb.
#139519
Ақындар айтысы бағыт бойынша 2 кезеңінің тапсырмалары
Тақырып № 2: Айтыс өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі

( 2015 жылғы 20 қантарға дейін «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-на, Ленин к., 127 тапсырылады)
Мақсаты: Айтыс сөз өнерінің бір түрі. Сөз өнерінің ішінде эпикалық, лирикалық түрлерін қамтыған жанр. Айтыскер ақын суырыпсалмалық талантымен қоса өлең шумақтарына, тармақтарына, ұйқасына,сөз саптау мәнеріне, ойды көркем жеткізуге ден қояды.Сондықтан тақырыптың мақсаты айтыскердің көркемдік ойлау жүйесін дамыту .
Міндеттері: төмендегі әр тақырыпшаларды

  • мектеп оқулықтарынан,

  • ғылыми-зерттеу әдебиеттерден,

  • баспасөз беттерінен,

  • интернет парақшаларынан ізестіріп, ақпарат алу.


Орындалу мерзімі: 2016 жылдың қаңтар – ақпан айлары
Қарастыратын мәселелер:

  • Сөз сұлулығы- ажарлау (аллитирация, ассонанс, айқындау, теңеу);

  • Сөз құбылту- троптар ( ауыстыру-метафора, кейіптеу, пернелеу-аллегория, астарлау-символ, алмастыру-метонимия, мегзеу-синегдоха, кекесін-ирония, ұлғайту –гипербола);

  • Сөз айшықтау-фигура (арнау түрлері, қайталау түрлері, шендестіру-антитеза, дамыту-градация, егіздеу-параллелизм);

  • Айтыс өлеңдеріндегі ырғақ, шумақ, тармақ, ұйқас.

Тапсырмалар жазбаша түрде 12 беттік дәптерде толығымен орындалып тиісті адреске («Ертіс дарыны») жіберілуі керек. Әр тақырыптағы теориялық сұрақтар айтыс өлеңдерінен (айтыскер ақындардың) мысалдармен дәлелденуі тиіс. Соңында қарастырылған әдебиеттер тізімі міндетті түрде көрсетілсін. Тек интернет парақшаларынан алынған жұмыс қабылданбайды.


Тапсырманы дайындаған



филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әділбек Әміренов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет