АҚыннын тапқан айтыс, ЖӨнін тапқан жомарттық туралы ой



Дата16.06.2016
өлшемі95.61 Kb.
АҚЫННЫН ТАПҚАН АЙТЫС, ЖӨНІН ТАПҚАН ЖОМАРТТЫҚ ТУРАЛЫ ОЙ.
Ұлтымыздың рухани өміріндегі ұлы тебіреністі оқиғаның бірі – екінші дүние жүзілік соғыстың тарихына алтын әріппен жазылатын ерлік жасаған Бақтыораз Бейсекбаевтің есімінің, аты – тегінің және атаман, ағайын – туысының анықталуы. Енді қандай да бір жат пиғылмен таңмойын, можантопай, менменсіген тарихшы болса да Бақтыораздың атымен қоса қазақ елінің де атын атауға мәжбүр болды. Бұрынғы мақтаныш бір басқа, дәл осы жолғы рухани дәуірлеу бір басқа. Жирырма жасар боздақ бүкіл ұлтының намысын әлемдік деңгейге көтеріп кетті. Ұлы Отан соғысының алғашқы ерлігін қазақтың ұланы жасап, Жеңіс туын қазақ тікті. Қандай да бір құрбандыққа түспесін Жеңістің аты – Жеңіс. Ол сол батырды туған ұлттың жеңісі. Дәл осы жағдайда қазақтың жеңісі. Бақтыораздың есімін асқақтату арқылы біз кешегі бабамыздың рухын асқақтаттық, бүгінгі тұтатын ерліктің, тәуелсіздіктің негізін қаладық. Жеңістің рухын сезінген ұлт қана бодандыққа көнбейді.

Мен осы Бақтыораздың тағдырынан өз ұлтымыздың тағдырын көремін. Мұнда – ерлік те бар, енжарлық та бар, намыс та бар намысын жатқа жібермеген жігіттік мінез де, жомарттық та, мәрттік те, ең бастысы – алғаусыз көрсетілген құрмет пен ұлттық ниеттің тұтасқан бірлігі бар.

Сайын далада қаншама боздақтардың ерлігі ескерусіз қалды десеңші?! Енді мұндай енжарлыққа жол бермеу керек еді. Ол тәуелсіздігіміздің сыны, сағымыздың сынғаны және сындырғанымыз болар еді.

Тәубә!


Өзінің ырысын ел ырысына қосқан, жомарттығын жөнімен көрсете білетін мәрт азаматтар арамызда бар. Осы ғасырдың басында қазақ ұлтының рухани көсемі Ахаң – Ахмет Байтұрсынұлы бүкіл алаш жомарттарына сауын айтып, «ұлтының намысы үшін… білім жарысын» ұйымдастыру туралы ұсыныс жасап: «… Еуропа үлгісін қазақтың мүшесіне лайықтап, артығын мініп, қазақтың байларының алдына саламыз» - деп жар салған еді. Ондай «ұлтшыл - намысшыл» жомарт, өзі де алаштың туын көтерген азамат арамыздан суырылып шыққанына шүкір. «Атамұра» баспа корпорациясының бас директоры Мұхтар Құл – Мұхаммед Ахаңның сол сауынын жанымен түсініп, ұлттың рухани тәуелсіздігі үшін жанын алып, жанын беріп жүр. Бұл жай мадақ сөз емес, азаматтық мойындау. Бақтыораздай боздақтың тағдырын анықтау жолында атқарған іс - әрекеті соған куә. Өзгені былай қойғанда, осы уақытқа дейін майданға аттанған есіл ұрпағының хабарын тауып, өмір бақи зарыға күтумен өткен бір ошақтың шырағын жағып берудің өзі де ұлы қайырым мен шапағаттың белгісі. Сонымен Гастеллоның атына теінген ерлік Маслов пен Бейсекбаевтікі болып шықты Енді кісінің құнын берсе де атқаратын бір іс бар. Ол: Ұлы Отан соғысының тарихын жазатын Ресей тарихшылары мен мектеп оқулықтары авторларының көңілін тауып, қалайда Бақтыораздың есімін, шыққан ұлтын қағазға түсірту. Онсыз, мойыны жуан, өктем жұрттың иелерінің мәтін табу қиын. Бұл – парыз және парыздың ішіндегі ең жауаптысы. Ресей тарихына жазылу деген сөз – дүние тарихына атың жазылумен пара – апр. Ал мынадай нарықты базар тұсында көңілдің айнымалы болатыны да түсінікті. Қалауын тауып қарды жандыратын тұс та осы.

Бақтыораздың еліне қайтып оралуына арналған «Атамұра» корпорациясы берген астың үстінде ойға келген бір пікір осындай. Екінші пікір: осы Бақтыораздың өмір дерегін тауып, халқына жария ету барысында байқалған ерекше бір сүйінішті жайт – ұлтымыздың азаматтық қасиетінің даралана көрінуі. Қазақстанның астанасы Астанаға ауысқанынан бейхабар құм ішіндегі бір ауылдыңшамшырағы жанды. Иен далада мынау әлемнен бейхабар,томаға – тұйық жатқан Қасқаөгіз атты бір ауылдың дүние жүзінің тарихымен тікелей байланды. Бақтыораздың туыстарының ғана емес, бүкіл бір қауымның жүрегіне шамшырақ жанды. Батырдың анасының орнына ана болған жеңгесінің ас кезінде және айтыс сахнасында қайталап айтқан: «Жоғымды тауып бергендеріңе рахмет!» - деген қысқа ғана сөзінде қаншама арман мен сағыныш жатыр. Өлгені тірілді, өшкені жанды осы. Үзілген үмітті жалғаған, өшкен отты үрлеген – Мұхат Құл – Мұхаммед және «Егеменді Қазақстананың» қаламгері Мейрамбек Төлепбергенов. Бұл екі азаматты Бақтыораз Бейсекбаевтің өкіл баласы деп исі қазақ мойындайтын шығар деген үміттеміз. Қасқаогіз бен Минскінің арасына ерлік жолын салған азаматтардың жеке бастарына да бүкіл ел болып ақ жол тілейміз. Үшінші ой – батыр ұлымызға арналған айтыс туралы және оған берілген ас пен түсірілген қатым – құраннан соңғы түйген тұжырымдар. Егерде жөнін тауып, жігін жатқыза білсек, даңғаза мақтансыз, орынсыз даурықпасыз кез – келген деңгейдегі той – думанды, асты өткізе алады екенбіз. Тек ұйымдастырушысы мен өткізуші, жүргізуші азаматтардың ширақтығы мен тиянақтылығы, ақадал пейілі қажет екенг. «Жұлдыз» кафесіндегі ас – орнықтылығымен де, инабатымен де, шақырған қонақты құрметтей білу, оның қасиетін түсіну, пікір санасу ілтипатымен де назар аударды.

Ол ас – зиялы қауымның пікір алысу, пәтуаға келу, ойласу мен тойласу рәсімі болды. Қаншама түйінді пікірлер айтылды және бастары қосыла бермейтін қайраткерлердің өзара сырласуына мүмкіндік туды. Кейбір ғылыми, мәдени сессияларда көтеріле бермейтін мәселелер қозғалды, әр азамат өзінше пікір дамыта алатындай дәстүрлі қазақ қоғамы туралы ойлар нышан танытты. Соның ішіндегі басты – бастылары мыналар:


  1. Қазақтың дәстүрлі қоғамы мен қоғамдық ойдың, ерлік рух пен тектік түйсіктің арасындағы сабақтастық мәселесі.

  2. Кезінде әке – шешесі қуғынға ұшырап, өздері сол қыспақшыл мемлекеттің саяси қысымын көрген, тағдыр тәлкегіне ұшыраған бүтін бір толқынның тағдырының ерекше намысы. Оған осы Бақтыораздың, Мәншүктің, Әлияның, Талғаттың өр рухтары куә. Бұл құбылысытң психологиялық және тағдырлық құбылысын анықтау – қазақ менталитетінің бір қырын ашумен пара – пар.

  3. Ұлы Отан соғысында асқан ерлік деп бағаланған оқиғалардың барлығында да (мысалы: жаудың эшелонына самолетпен таран жасау – Б. Бейсекбаев, дзотқа кеудесін төсеу – С. Баймағағамбетов, батыр қыздардың шығуы - Әлия мен Мәншүк, соғысты бірінші қарсы алғандар – қазақстандық Брест жасағы, бомбардировщикпен ұшып жүріп истребительді атып түсіру – Т. Бигельдинов, Москваны қорғау – панфиловшылар, әлі де құпия сақталып келе жатқан Сталинград түбіндегі «өлі аймақта» қалған қазақстандық қарусыз жастар, Днепрден өту, Берлинге ту тігу – Р. Қошқарбаев, жау шебіндегі партизан құрамасындағы командирлер – Қ. Қайсенов, Ж.Саин, Т. Жанкелдин, Ә. Шәріпов) қазақтардың жүруі – ұлы құбылыс.

Бұл – арнайы ғылыми зерттеудің еншісі. Өйткені, кез – келген ұлт өзін - өзі өр және толыққанды ер ретінде ұстауы үшін Жеңістің рухын үнемі сезініп жүруі керек. Ал мұндай көңіл – күй біздің мемлекетімізге және оның әрбір азаматына дәл қазір ауадай қажет. Сондай рух Бақтыораздың құрметіне арналып берілген ас пен айтыстан анық байқалды. Бұл – үлкен ұлттық тәлім – тәрбие.

Ал айтыстың бір ерекшелігі – бұл жолы оған кеңестік саясаттың қысымына қарамастан ұлттық өнер дәрежесіне жеткізуге, жандандыруға және көрерменнің бүгінгідей сый – құрметіне бөленуіне ерекше үлес қосқан, кейінгі кезде қалтарысты қалған айтыс ақындарының шақырылуы. БЮұл да өте жөнін тапқан бастама. Бұл айтыстың дәстүрлік ресімі де, төрелік жүргізу жүйесі де, сый – құрметі де өзге айтыстардан өзгеше, барынша сыйласымдылық жағдайында өтті. Айтыс ақындары өздерінің шын суырып салма ақын екендіктерін байқатты. Бәйгеге тігілген машина, гауһар көзді білезік, сақина, алқа, жүзік, шапан, өмірлік жәрдемақыны және оларға ие болған ақындардың аттарын бөліп – жазып тізіп жатпайтын. Оның барлығы мерзімді баспасөзде жазылды. Тәушенді, Махамбетқалиды, Егеуханды, Есенқұлды, Ерікті, Кенжебайды, Ақмаралды, СМерікті, Жадыраны, Аманжолды исі қазақ біледі. Олардың айтыс мәнерін ешкімде қайталай алмайтыны анық. Айтыс өнері мен айтыстың төрелігіне бірер рет қатысымыз болғандықтан да, осы Бақтыораздың құрметіне өткізген айтыс пен өткен айтысты салыстыра отырып, пікірімді білдіргім келеді.

Жоғарыдай айттық, бұл айтыстың иесі - «Атамұра» корпорациясы, оған «Хабар» теледидар агенттігі мен «Егеменді қазақстан» газеті өз ықыласын қосқан, яғни, жеке мекемелер ұйымдастырған айтыс. Демек, айтыс шартын солар белгілейді. Солай болды ад мұның өзіндік артықшылықтары бар екенін сңғардық. Бастысы – кәдімгі қазақы сумандаған өсек – аяңның өртін жақпауға септігін тигізді. Бұрынғы айтыстарда байқалған және кейінгі шыққан жас айтыс ақындардың бойынан аса қауіпті үш мінез анық аңғарылып еді.

Бірінші; әрбір ақын өзінің «жанкүйерлерін» залға алып келіп, тұс – тұстан айқайлатып қоятын. Оның рулық, жерлестік сыпатта ұйымдасқаны төбе құйқанды шымырлататын. Тіпті кейбір еркінсіген ақындар мұны өзінің өмір – салтына айналдырып алғаны анық көрінетін. Өткендегі бір айтыстың барысында бір қарадомалақ профессор (аты – жөні Жүрсін білуі керек) қазылар алқасына келіп: «Бір миллион теңгені, он үш мың доллар ғой, қазір аударып беремін не санап берейін. Пәленбай ақынды келесі айналымға жіберіңдер» - деп сахна алдында қойқандап жүріп алды. Соңында бір тайпа тобыр айқайлап еріп жүрді. Мен төраға микрофонды қоса қояйық, мына масқараны халықтың өзі естісін деген ұсыныс айтып едім.

Оқиғанынң ушыфғып кетуінен именіп, ол әдептіліқ сақтады. Әдебіміз дұрыс болды, бірақ жаңағы мерез тілектің әшкерленбей қалғаны өкінішті. Ал мен бір миллион теңгенің он үш мың доллар болатынын сол кеште біліп, тәп – тәуір сауатым ашалып қалды. Ал мына айтыста ондай жөнсіздікке ешкім де барған жоқ. Өйткені айтыстың ұйымдастырушысы, ақы иесінің өзі қатысып отырды. Қазыларды да, көрермендерді де жаңсақ басуға жібермеді. Ол оның дербес хақы еді. Қадірменді Мырзатай ағамыз Ерік пен Жадыраның айтысына риза болмағанын, сондықтанда қостап та, қарсы да дауыс бермегеніні айтты. Біздің ойымызша, сол екеуінің сөз қақтығысы Мырзакең төрағасы қазылық еткен айтысытың дәрежесінен пәлендей төмен де болған жоқ. Мәселе - әркімнің талғамы мен көзқарасында. Ал бұл мүлдем басқа өлшем. Осыны көре отырып, ойыма келген бір пікір: кез – келген айтысқа демеушінің өзі қатысып, даулы жайларға соның өзі шешім айтып отырса. Арғы – бергі заманда да ас иесінің даусы мен тілегі, жөн – жобасы унемі ескеріліп отырған ғой. Әйтпесе, бұл айтыс – қазақ пен қазақты бөлетін кәдімгі болыс сайлауындағы айтыс – тартысқа ұласып кететін түрі бар.

Екінші айтыс – көпшілік алдында суырып салған ақындық өнерімен айтыс. Сахнада – атпқырлық, шабыттың сол сәттегі қуаты, көрерменмен арадағы байланысты таба білуі соны ұстай білуі, қарсыласыңды, табан асытнда жаңылған сөзден, жаңсақ пікірден ұстап алуы, ереуліге – қарулы уәж табуы сияқты қасиеттер сынға түседі. Содан кейінгі ең үлкен талап әр жұп өзіне лайық айтыстың сюжетін құруы қажет. Әр нәрсенің басын бір шалып, таңды таңға жалғастырып айтыса беруге болады. Айтыс – бас – аяғы бүтін, өзінің даму желісі, шарықтау шегі, түйіні бар шығарма. Ең үлкен қасиет – жеңілген жерінде тоқтай қалу. Айтыс – сенің сол сәттегі сахнадағы бағыңның бәйгеге түскені. Оған берілген төрелік – ақынның бүкіл ақындық дарынына, шығармашылық өміріне берілген үкім емес. Өмірдің өзі сияқты айнымалы дүние. Есенқұл мен Аманжол сияқты жайдары мінезбен келіп, жадыраңқы, жігіттік көңілмен сахнадан шыға білу де сын. Өйтені, міндетті түрде сенің жеңуің керек екендігі туралы ешкім де кепілдік берген жоқ. Бере де алмайды.

Бақтыораздың құрметіне орай өткен айтыстағы Аманжол – Серік, Ақмарал – Кенжебай, Ерік – Жадыра, Төушен – Есенқұл, Егеухан Махамбетқали арасындағы жарасымдылық, айтыстың барысындағы ішкі желі және сол желіні дамыта білулері келер сынақтарға үлгі тұтарлықтай сабақ болды деп есептеймін.

Бір әттеген – ай дейтін жай – көрермен де, қазылар алқасы да орындау мәнері, өлеңнің ішкі құрлымының қайырымы, бейнелі теңеулері тосын Егеухан ақынның дәстүрлі шеберлігін қабылдамады. Айтысқа домбырамен шығасың ба, қобызбен шығасың ба, сырнаймен шығасың ба, өлеңді созып айтасың ба, төкпелетіп айтасың ба, әндетіп айтасың ба, тақпақтап айтасың ба бәрібір, басты шарт – сөзден ұту. Мәселен – Сүйінбай домбыра ұстаған жоқ. Егеуханның жолы – қазақ қазақ болғалы қалыптасып қалған және әбден сіңісті болғпн көне дәстүр. Қара өлең айтысқан қыз бен жігіттің бәрі домбыра ұстап отырушы ма еді?! Біз кейде қолдан дәстүр жасап алып, оны заң, шарт ретінде ұсынатынымыз бар. Бұл - әбестік. Ақын еркін тұлға. Бұл айтыстағы көңілде қалған бір кірбің сол. Егеуханның сөзі – бәріміздің де намысымызға тиетін, күнде ұрттап – жалап жүрген шарап туралы болғандықтан да мойынсұна қоймадық – ау деймін. Әйтпесе, Махаң ақсақалды бір сүріндіріп жібергені рас еді ғой. Әринке, сый – сипаты толық болды. Ол да ағайынды аңсап келген кейу ана ақын үшін үлкен құрмет және қандай да бір тұлғалы қазы болмасын, оның пікір – бір - ақ адамның пікірі, оның дауысы – бір – ақ адамның дауысы.

Үшінші: соңғы айтыста қатты сүйінген бір жайым – ақындардың ешқайсысы жаттанды шумақтарға не үйден дайындап келген «толғау» сөзге бойын алдырған жоқ. Бақтыоразға қаратылып айтылған бірер ауыз сөз оған жатпайды. Ал ілгергі айтыстарда бұрын әлдекімдердің мүшелтойында, мәжілісінде, шілдеханасында ғана айтып, көпшілік толқысына түсе қоймаған өлеңдерін домбыраны бір – екң шертіп жіберіп, шұбырта жөнелетін інілеріміздің біразын байқап қалып едік. Мен кезінде ол жігіттерге қарсы дауыс беремін деп талай танымайтын жандардың қиғылығына да тап болып едім. Неге қарсы дауыс бергенімді дәлелдеп айтып тұрсам да олар түсінгісі де, естігісі де келмеді. Ал соны біліп тұрған ақынның өзі сол «жымқыртпасын» мойындауға жігіттігі жетпеді. Оған өлеінің әділ бағасынан көрі өзінің бір сәттік жалған намысы қымбат көрінді.

Ақындғына болайын – ау, қазақтың дауына дау қосып бергенше, тым болмаса бас бірлігі үшін өзің келіп сол топ пен тобырыңа басу айтпадың ба:

Алдағы уақытта қазылар алқасына айтысатын ақындардың шығармашылығымен танысатындай мүмкіндік тудыру керек сияқты. Қай жерде не айтты, ол өлеңі бұрын шыққан ба, жоқ па? Ал былайғы жұрт ондай «жымқырма мен қымқырманы» байқай бер мейтіні анық. Мұндай қылығы аңғарылған ақынды және соны біле тұрып үндемеген қазылар алқасының мүшесін сол сәтте айтыстан, сахнадан шеттету қажет. Сонда талап та күшейеді, әділдікке де жол ашылады.Бақтыораздың құрметіне ұйымдастырылған айтыс мұндай күпірліктен таза болды. Ақындар жауаптасын айтысып отырды. Бұл үлкен жетістік.

Осы айтыстың мен үшін екі үлкен жаңалығы болды. Ол – Ақмарал ақын. Шын ақын, өлеңге жүрегін орап айтатын ақын екен. Айтыстың сөзі қолымызда болмағандықтанда мысал келтірудің мүмкіндігі келмеді. Дегенменде, оның әр шумағы тебіреніске, шабытқа, тосын ұйқастарға, ойға, сезімге бусанып тұрды. Аманжол мен Ақмаралдың айтысы – қазақ айтыстарының үлгісі боларлықтай, олардың осы уақытқа дейінгі айтыстарының ішіндегі бір шырқаулы түйініндей көрінді маған. Ақмарал – осы батыр ағасына арналған айтыста ақындықтың шын мәніндегі ақ маралы болды. Содан кейінгі сүйсінткен ақын, тұяғы жаңа жаныла бастаған ақын – Серік. Серікке тәжірибе мен сәл – пәл ашылу керек сияқты. Бұрынғы айтыстарға неге қатыспағанының жөнін біле алмадым. Аманжолдың ізін басары сөзсіз. Шыңғыстың шыңынан асып, сайын далаға бет ала көсілетіндер шағына жеткен жүйрік екен. Сәт тілеймін!



Сонымен, пікірімізді тұжырымдасақ: Тәушен апайымыз – тамсандырды, Шымболат – шамырқандырды, Ерік – еркіндетті, Жадыра – жадыратты, Махаң – мақамдатты, Егеухан – егілтті, Серік – сергітті, Ақмарал – аңсатты, Аманжол – ақ жолтай атанды. Бір сөзбен айтқанда, ақынын тапқан айтыс, жөнін тапқан жомарттық үлгі аларлық игі іс болды.
Тұрсын Жұртбаев
Каталог: repository -> history -> %D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> ТАҒдырлы тұЛҒА (Қабдеш Жұмаділ)
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Елі үшін елжіреген азамат
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Қаржаубай Сартқожаұлы туралы
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Бұл түсініктен біз Қондыбай, Қанай кедей ауылдың адамдары екен, Семейден онша қашық тұрмайтын ауыл екен, жерін мал жаюға жалдап күн көретін адамдар екен деп ұғар едік дейді
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Сөз асылын тізілдірген
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Халық пікірі немесе шәКӘрім мұрасы қалай ақталды? Тұрсын ЖҰртбай
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> КӨркемдік шындық ЖӘне тарихи тұЛҒА
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> «рухани ұстазым қазақ халқы және абай »
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Жұртбаев Т. Жазушы, ғалым қайым (Ғабдұдқайым) Мұқамедханов 75 жаста // Қазақ әдебиеті. 1991. 1 ақпан. 4 бет


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет