Практикалық сабақ 3. «Шеңбер, үшбұрыш және шаршыға арналған
үй» дидактикалық ертегісі.
Мақсаты: Белсенді практикалық сабақта қарым-қатынас стилін бекіту,
қатысушылардың өзін-өзі талдауына мүмкіндік туғызу. Алдағы уақытта өзін-өзі
ашуын, өзін-өзі тануын дамыту.
Сәлемдесу рәсімі.Алақандарыңызды дайындаңыздар, саусақтарыңызды бір
- біріңізге тигізіп көріңіз. Біз дыбысты естиміз, бірақ ол әлсіз. Екі
саусақтарыңызбен соғуға тырысайық. Бірақ әлі де дыбыс әлсіз. Енді толық
алақандарыңызбен шапалақтаңыз. Дыбыс естілді. Біз барлығымыз біргеміз, біз
командамыз және бізде бәрі болады!
Ертегіге кіру. Балалар, шеңбер, үшбұрыш және шаршы болыпты, олар бірге
өмір сүріпті. Шеңбер, үшбұрыш және шаршы үшеуі бір-бірінен артықшылығын
салыстырып, қайсысы маңызды екенін жиі таласыпты. "Менсіз, - деді шеңбер, -
бірде-бір көлік жүрмейді: дөңгелектердің бәрі – дөңгелек болып келеді!». "Ал
менсіз, - деп шаршы қалыспай - үстелдер мен орындықтар жасалады". "Ал мен,
Мен, – деп үшбұрышты оларға не айтарын білмей, – саңырауқұлақтың қалпағына
ұқсаймын!"Олар дауласып, күз келгенше дауласыпты. Күн суытып, шеңбер,
үшбұрыш және шаршы тоңа бастапты, сөйтіп олар өздеріне үй салуды шешіпті.
Шеңбер өзіне дөп-дөңгелек үй салыпты, бірақ оның үйі үнемі айналып, дөңгелеп
жүріпті. Шаршының үйі төртбұрышты және төбесі жоқ болыпты. Жаңбыр
жауған кезде шаршының үйі өте суық және ылғалды болыпты. Үшбұрыш өзіне
үшбұрышты үй тұрғызыпты, бірақ ол үйіне кіре алмапты – есіктері болмапты.
Азап шеккен-шеңбер, үшбұрыш және шаршы, бір үлкен ортақ үй салуды
шештіпті. Үйдің қабырғалары мен есігі шаршыдан жасапты, үшбұрыштан -
шатыр, шеңберден-терезелер жасапты. Достар осындай берік үйде көңілді және
бақытты өмір сүріпті.
- Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
Тапсырма.
109
- Енді қарындаш алып, олардың үйін салайық. Үйдің бөлшектерін балаға
жапсырма (липучка) арқылы жапсырту және оларды жинатуға болады.
(Қосымша К).
Қоштасу рәсімі.
Достарыңызбен бөлісу: |