Ақынова жібек мұхтарқызы


Практикалық сабақ 4. «Жыл мезгілдері» медитациялық ертегісі



Pdf көрінісі
бет45/66
Дата27.05.2024
өлшемі3.56 Mb.
#501911
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66
19042023 disser

Практикалық сабақ 4. «Жыл мезгілдері» медитациялық ертегісі.  
Мақсаты: Достық қарым-қатынас құру, қатысушылардың өзін-өзі 
талдауына мүмкіндік туғызу. Алдағы уақытта өзін-өзі ашуын, өзін-өзі тануын 
дамыту.
Сәлемдесу рәсімі. 
Ал қазір ыңғайланып тұрып, көзіңізді жұмыңыз. Біз терең тыныс алып, біраз 
ұстап тұрып, сыртқа шығарамыз. Енді біз өзге әлемге өте аламыз, таңғажайып 
ертегі әлемін тыңдаймыз. 
Жыл мезгілдері туралы ертегі. 
Ертеде атақты Жыл аты ақсақалда екі ұл, екі қыз болыпты-мыс.
Бірінші ұлы барлық жерге үлпілдек аппақ қарды шашыпты, өзендерді айна 
сияқты тегіс, мұзбен қатырыпты. Ол
сықырлаған аязымен,
суық, қаһарлы 
мінезімен ерекше болыпты. 
Күз дейтін екінші ұлы болыпты. Күздің көңіл-күйі мұңлы болыпты, бірде 
сықырлаған жаңбыры жауып жатса, енді бірде салқын жел соғып тұрады екен.
Үшінші көктем дейтін ерке, бұзық қызы болыпты.
Ол нәзік жасыл және 
қызғылт көйлектер киіп, қар мен мұзды ерітуді біліпті. Сыңғырлаған күлкісі, 
құстай сайраған әдемі даусы, күндей жадыраған мінезі болыпты.
Төртінші жаз дейтін қызы болыпты. Ол ашық түсті көйлектер киеді екен. 
Көп жылу мен жарық және көп гүлдер мен жидектер
беріпті. Мейрімі ыстық, 
шырайлы, әдемі болыпты.
Ұлдары және қыздары өскеннен соң, Жыл оларды өзіне шақыртыпты.
– Ұлдарым және қыздарым! Ақылдарыңның көлемі толысты және 
буындарың болса бекіді. Мен енді сендерге сенімімді арта отырып, үлкен 
міндеттер жүктемекпін. Бұны қалай көресіңдер? – дейді. 
– Біз дайынбыз! – дейді Қыс қатқан қабағымен. 
– Біз де, – деді сұлу Көктем. 
– Біз де, – деді Күз көңілшек ернін бұртитып. 
– Біз де, – деді жадыраңқы Жаз. Жыл болса оларға дән риза болды. 
– Олай болса, сендерге он екілік Айды үштен бөліп, еншілегім келіп тұр, – 
дейді Жыл денесін тіктей ала, –Бұл қағаздарда айдың аттарн жаздым. 
Әрқайсыларың үштен алыңдар, – дейді ораулы болған он екі қағаздарды шашып 
тастап… 
Ұлдары және қыздары шашылып жатқан қағаздарды таласып алысып 
жатады. 
– Сосын сендер кезектеріңмен үш айлап жұмыс жасайтын боласыңдар. 
Жолдарың болсын балаларым! Алайда, ескертерім әрқашан халықтарың үшін, 
адамдар хақына жұмыс ететіндеріңді ұмытпағайсыңдар, – деп Жыл атты ақсақал 
кетіп қалады. Сол сәттен бастап, жыл төрт мезгілдері – көктем мен жаз және күз 
бен қыс адамға қалтқысыз қызмет көрсетумен келеді-міс.


110 
Талқылауға арналған сұрақтар.
1. Төрт ағайындылардың қайсысы саған көбірек ұнайды? Неліктен? 
2. Ертегіде саған ұнамайтын кейіпкер бар ма? Неліктен? 
3. Қыс (көктем, жаз, күз) бізге қандай сыйлықтар береді? 
Тапсырма. Қыстың, көктемнің, жаздың және күздің суретін салу (бәрін 
бірге немесе шағын топтарда салуға болады). 
Қоштасу рәсімі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет