114
Ертегіден шығу рәсімі.
Ертегі ұнады ма? Маған өте қатты ұнады. Ал, енді
біз Ертегі әлемінен кететін кез келді. Біз көзімізді жұмып, сиқырлы кілем-ұшаққа
отырамыз. (Баяу музыка). Біз өз орнымызға оралдық! Бірақ, бұл ертегі біздің
есімізде қалады.
- Айтыңызшы, сіз осы ертегідегі кейіпкерлердің
рөлінде өзіңізді қалай
сезіндіңіз?
- Бұл рөлдерді ойнау оңай болды ма?
- Олар сіздің мінезіңізге жақын ба?
- Бұл ертегіде қандай мәселе көтерілді деп ойлайсыз?
- Бұл әдісті қандай жағдайларда қолдануға болады?
Қоштасу рәсімі.
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерімен практикалық сабақ
үрдісінде
жоғарыда келтірілген әдістермен «Мақта қыз бен мысық», «Қотыр
торғай», «Ақымақ қасқыр», «Күшік пен мысық», «Жыл басына таласқан
хайуанаттар», «Қарлығаш пен дәуіт» қазақ халық ертегілері қолданылды.
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін ертегі терапиясы арқылы
балалардың
коммуникативтік
дағдыларын
қалыптастыруға
даярлау
жұмыстарының мазмұны ұсынылды. Болашақ
мектепке дейінгі ұйым
педагогтерді іс жүзінде ертегімен жұмыс істеу формаларын, ертегіні құрастыру
алгоритімін
меңгерту.
Балалардың
коммуникативтік
дағдыларын
қалыптастыруда
заманауи технологияларды қолдану үлгілерін барынша ашып
көрсетуге тырыстық, зерттеуші ғалымдарың аталмыш мәселеге қатысты
еңбектеріне сүйене отырып, нақты тұжырымдар келтірдік.
Достарыңызбен бөлісу: