Ақынова жібек мұхтарқызы



Pdf көрінісі
бет25/66
Дата27.05.2024
өлшемі3.56 Mb.
#501911
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66
19042023 disser

Баламен жеке жұмыс. Психолог, педагог – басты тұлға. Қарым-қатынас 
мәселесі жалпы психологиялық зерттеудің заты ретінде енуі тұлғаның танымдық 
іс-әрекетінің даму ерекшеліктеріне ықпалын қарастыруға мүмкіндік туады. 
Аттитюдтар, талаптану және т.б. дәстүрлі “тұлғалық” ерекшеліктер ғана емес, 
қарым-қатынастың танымдық іс-әрекеттің дамуына ықпалы, субъектінің 
психикалық процестерінің қалыптасуының маңызды факторы [172]. Педагог 
ертегі терапия үдерісіне белсенді қатысады, сабақ тақырыбын береді, баланың 
мінез-құлығын зер салып бақылайды және оның реакциясын түсіндіреді. Мұнда 
қолданылатын психотерапевтік метафоралар баланың проблемалары мен жұмыс 
мақсатына сәйкес әрқайсысына жеке құрылады және таңдап алынады.
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлауда ертегі кейіпкерлерін таңдау 
ерекше мағынаға ие (көркем ертегі ме әлде педагогтің өзі ойлап тапқан ертегісі 
ме?) Ертегіге конфликтіге шынайы қатысушылармен сәйкес кейіпкерлерді енгізу 
керек және шынайылықпен іспеттес, олармен белгілік қарым-қатынас құру 
керек. Сонымен И.В.Дубровинаның ойынша, егер, әкесінің балаға шамадан тыс 
талап қойып, ата-ана арасындағы тәрбиелеу әдісі келісілмеген болса, анасы 
баласын түрліше қорғап, баласының сөзін сөйлеумен қорытылса, онда қатал 
капитан мен қайырымды көмекшісі, капитанның және жас икемсіз 
жасөспірімнен тұратын сиқырлы кеме тобының мүшелерінің арасында ертегі 
сюжеті өріс алуы мүмкін [173]. 


67 
Балаға ертегі қызықты болу үшін, онымен алдын-ала әңгімелесуде оның 
қызығушылығы мен немен шұғылданатынын анықтап алу керек. Балаға түсінікті 
және оған жақын тақырыптарды пайдаланып, оларға ертегілер кейіпкерлерінің 
бейнелеріне оңайлықпен енуге, баланың проблемасына байланыстырып, болған 
оқиғалардан нәтижелер шығаруға мүмкіндігін береді. Бұл бағыттардың маңызды 
сәтінің бірі, ым-ишара, пантомимика мен мимикадағы болмашы өзгерістердің 
өздерін қосып, балаларда болған барша өзгерісті педагог-тәрбиеші өзінің 
жұмысының үдерісінде бақылап, олардың әсеріне сай ары қарай жұмысын 
құрады. Тіпті көздің қимылы адамның ішкі жағдайын көрсетеді, сондай-ақ 
көздің жоғарыға және солға қимылы өткен көріністерді еске түсіруді қолдануды 
білдіреді, оңға және жоғарыға қимылы жаңа немесе алдағы бейнелерді құруды
білдіреді, ал көздің солға және төменге қимылы кинестетикалық сезімді 
білдіреді. Одан басқа, ертегіні баяндау үдерісінде кідіріс, екпін, дауыс ырғағын 
өзгерту, дауыстың бояуы, мәтінді дауыстап айтуды қолдану нәтижелі. Егер бұл 
ертегіні педагог-тәрбиеші ойлап тапқан болса, бейсаналық деңгейде есінде 
қалдырғысы келетін, әсіресе маңызды сөйлем, ақпаратты айтар алдында, 
баланың өз атын немесе сол сарындас атты енгізу өте қажет. 
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлауда әртүрлі жастағы балалармен 
жұмыс формасының бірі – ертегіні құрастыру (оқиға). Оқиға құрастыру – бұл өз 
алдына сабақ, өйткені адам өзінің шығармашылық өнімін жарым-жартылай ішкі 
шынайылыққа жинақтайды. Керимбаева Р.К.
[174] осы тұрғыда, ертегі 
құрастыру педагог үшін – балалармен қарым-қатынас жасаудың бір түрі, 
балалар үшін теңдесі жоқ ойдың қуанышына айналады деп баса айтты.
Балалардың шексіз фантазиясы мен шытырман оқиғалары өз терапиясының 
актісі болып табылады, өйткені бала бейнелі түрде оны мазалайтын сұрақтарды 
айтып қалады, оларға жауап іздеп көреді. 
Топпен жұмыс істеуге келесі әдістер кіреді:
Ертегіні әңгімелеу. Бұл әдісті болашақ педагог өз жұмыстарында кеңінен 
қолданана алады. Бұл әдісті қолданған кезде, ертегіні айту барысында тәрбиеші 
тоқтап үзіліс жасап, интонацияны, мәтіннің айтылу көлемін тиімді пайдалану 
керек екенін есте ұстаған жөн. Бұл әдісті қолданудың бірнеше формалары бар. 
Олар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет