76
балаларға сурет салуға, ертегідегі әрекеттерді сахналауға, қайталауға үйрету.
Әдістемелік ұсыныстар кітаппен жұмыс істеу барысында балалардың ертегіні
құрастыруға деген қызығушылығы жоғалуы мүмкін. Болашақ мектепке дейінгі
ұйым педагогі бұндайға жол бермеу үшін
сюжетті жылдам қарқынмен
құрасыруы қажет. Әрбір табылған жауапқа эмоционалды, дауыс ырғағын көтеру,
төмендету, ым-ишара қолдану арқылы жауап беру (тосын, қуаныш, қорқыныш
және т.б.). Драматургия әдістерін қолдану маңызды болып табылады. Кітаптан
«жауап» іздеуді тоқтатып, «миға шабуыл» элементтерін пайдалана отырып,
балалармен бірге әңгіменің соңын ойлап табу маңызды. Бұл әдісті қолданғанда,
балалардың өз бетінше кездейсоқ таңдалған «жауаптарға» сюжеттерді
байланыстырып және сұрақтарға реттілікпен жауап беруін қадағалау керек.
Кейде педагог-тәрбиешінің рөлі балаға жүктеледі. Сұрақтар қойып, жауабын
«оқиды». Тәрбиеші бақылаушы қызметін атқарады.
Ара-тұра құрастырылған
әңгімелерді еске түсіріп, оларға әңгімеші қалай жасайтынын айтып беру
ұсынылады. Мұны алдымен педагог, содан кейін балалардың өздері жасайды.
Бұл технологияны қолдануда балалардың кітапқа деген қызығушылығын
арттырып, сұрақ қою оған жауап беру және кітапта көрсетілеген суреттер
арқылы баланың есте сақтау қабілеті дамиды.
Динамикалық ертегілерді құрастыру технологиясы.
Мақсаты: динамикалық ертегі құру моделін игеру үшін педагогикалық
жағдай жасау маңызды. Мұндай ертегіде бір немесе бірнеше объект белгілі бір
мақсатпен әрекет етеді, ал кейіпкерлердің әрекетті әр түрлі жауап беретін әртүрлі
ортамен әрекеттеседі.
Ертегіні құрастырудың негізгі алгоритмі. Кейіпкерлерді
таңдау.
Олардың қасиеттерін, мотивтері мен мақсаттарын сипаттау арқылы,
кейіпкерлер мақсатқа жету үшін әрекет жасайды және басқа нысандармен
кездеседі. Өзара әрекеттесу үшін басты кейіпкердің өзгерістері дәйекті түрде
айтылады, кейіпкермен өзара әрекеттесу кезінде басқа объектілердің реакциясы
сипатталады. Нәтижесі-кейіпкердің (кейіпкерлердің) өзгеруі және өмірлік
ереженің тұжырымы. Ертегіге атау ойлап тауып, оны құру ережелері жасалады.
Әдістемелік ұсыныстар (сиқырлы жолмен жұмыс). Тақтада педагог ертегінің
жолын сызып, оның көлденеңінен 3-4 ұяшықты белгілейді.
Кейіпкер таңдау (Айжан қыз), оған мінездеме беріледі (қыз
өлеңді әдемі
айтады) және іс-әрекеттің мақсаты (ол бәріне мұны үйреткісі келді). Бұл әрекетті
жүзеге асыруда нақты және дәйекті талқыланады: ол кімді оқытқысы келді,
қайда (дүкенде, орманда, балабақшада) және оны қалай іске асырды.
Ертегінің басты кейіпкері қандай да бір мақсатпен әлемді шарлайтын
адамның сезімі (сүйіспеншілік, жеккөрушілік, қызғаныш, қорқыныш) болуы
мүмкін. Өмір ережесінің тұжырымы композиция стратегиясына байланысты.
Егер теріс қасиеттері бар кейіпкер саяхаттаса, онда басқа кейіпкерлермен өзара
әрекеттесу нәтижесінде ол өзін қайта тәрбиелеуге
немесе жалғыз қалуға, өзін
жазалауға болады [165-167].
Ертегі шығармашылық өнім ретінде көптеген психикалық құрылымдар мен
процестердің өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып табылады, ол ішкі
тәжірибелер мен сыртқы әсерлерді біріктіреді. Әр жас кезеңінің өзіндік
77
психологиялық ерекшеліктері бар, олар жеке дамуға және әлем мен өзі туралы
білімді түсіну мен жүйелеудегі белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға
негізделген. Демек ертегі балалардың жасына байланысты ерекшеленеді.
Сонымен мектеп жасына дейінгі балалардың үйде немесе балабақшада оқыған
белгілі ертегілер мен ертегілердің сюжеттерін қайталауға (модельдеуге) бейім.
Балалар өмірдегі қарапайым жағдайларды сипаттайды,
ертегілерде өмірлік
құндылықтар мен мінез-құлық үлгілерін көрсетеді және сиқырлы қасиеттерді
алуға және көрсетуге деген ұмтылысын білдіреді.
Қорыта айтқанда, мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау кезінде
ертегі терапиясы тек ата-ана үшін емес, тәрбиеші үшін де топпен жұмыс жүргізу
барысында өте тиімді әдіс болмақ. Ертегі – жалпы бұқараның көзқарасына
негізделеді. Сондықтан, оны бала да, қарт та сүйсініп тыңдайды. Ертегі
терапиясының ұтымдылығы – балалар тілінде жеткізіліп, балалардың ойларына
тән келетін оқиға дәрежелерінде әр түрлі жағдаяттарда құруында. Балалар
ертегілерді тыңдау арқылы өздерін емдеп, реттеп, әртүрлі шығармашыл
қабілеттерінің ашылуларына мүмкіндіктер алады. Барша ертегіде ең басты
кейіпкерлердің еркін
болатын өмірлерге қол жеткізіп, Отанның тәуелсіздігі
дамуы мен сақталуы басты бір мұраттай бағаланса, ертегілермен бала өздік
кеңістігі мен еркіндігі ұғымдарын түйсінеді. Бұл жерде ертегі құрудың
алгоритимі, технологиялары,
ертегі құрастыруда
дайындық кезеңінде
ертегілерге негізделген ойындар ұсынылды.
Достарыңызбен бөлісу: