Элективті курстың мақсаты: Студенттерді ертегі терапиясы арқылы
балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастырудың теориясын және
практикалық біліктіліктермен қамтамсыз ету.
Элективті курстың міндеттері:
- болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінде ертегі терапиясын
қолданудың педагогикалық-психологиялық теориялық білімін қалыптастыру;
- білім алушыларды ертегі терапиясын қолданудың мазмұнын меңгерту;
- білім алушыларды ертегі терапиясын қолдану арқылы балалардың
коммуникативтік дағдыларын қалыптастырудың әдіс, тәсіл, технологияларымен
қамтамасыз ету;
- білім алушыларды ертегі терапиясын қолдауда балалардың іс-әрекетін
ұйымдастырудың жолдарын меңгерту; (кесте 7).
Кесте 7 – «Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын
қалыптастыруда ертегі терапиясын қолдану технологиялары» атты элективті
курс бағдарламасы
Апта
/күні
Тақырып атауы (дәріс, практикалық сабақ, СӨЖ)
Сағат
саны
Ең жоғары
ұпай
1
2
3
4
1
Дәріс 1-2. Ертегі терапиясының теориясына кіріспе.
2
2
Практикалық сабақ 1-2.
Ертегі терапиясының пайда болу тарихы, Қазақстанда
және шетелде ертегі терапиясының даму кезеңдері.
2
20
3-4
Дәріс 3-4. Ертегі терапиясы сабағын ұйымдастыру
әдістемелері және практикалық тұрғыда қолдану.
2
2
Практикалық сабақ 3-4.
Ертегі терапия сабағын ұйымдастыру және оның
құрылымы.
Ертегі терапиясы туралы не білеміз?
2
20
100
7 - кестенің жалғасы
1
2
3
4
СОӨЖ 1. Кеңес беру және СӨЖ қабылдау
СӨЖ: Ертегі құрастыру алгоритімі.
2
7
5-6
Дәріс 5-6. Ертегі терапиясы арқылы коммуникативтік
дағдыны қалыптастырудың жалпы сипаттамасы.
2
2
Практикалық сабақ 5-6.
«Ертегі айтып бер»,
«Ертегіні модельдеу» әдісі.
2
20
СОӨЖ 2. Кеңес беру және СӨЖ қабылдау
СӨЖ: Баланың жас ерекшелігіне қарай ертегінің түрлері
және оны қолдану ерекшеліктері.
2
7
7-8
Дәріс 7-8. Ертегіні құрастыру технологиялары ережелері мен
әмбебап алгоритмі. Дидактикалық ертегімен жұмыс істеудің
негізгі әдістері.
2
2
Практикалық сабақ 7-8.
«Әріптер еліне саяхат» ертегісіне дидактикалақ сабақ.
2
20
СОӨЖ 3. Кеңес беру және СӨЖ қабылдау.
СӨЖ: Ертегі құру.
2
8
1 аралық бақылау, барлығы
1
100
9-10
Дәріс 9-10. Мектеп жасына дейінгі балалардың ертегі
терапиясы
арқылы
коммуникативтік
дағдыларын
қалыптастыруда дидактикалық ертегілерін қолдану және
дидактикалық етегі құру алгоритмі.
2
2
Практикалық сабақ 9-10.
Дидактикалық ертегімен жұмыс істеудің негізгі әдістері.
2
16
СОӨЖ 4. Кеңес беру және СӨЖ қабылдау
СӨЖ: Ертегі құру.
2
6
11
Дәріс 11. Мектеп жасына дейінгі балалардың ертегі
терапиясы
арқылы
коммуникативтік
дағдыларын
қалыптастыруда медитативтік ертегілерін қолдану.
1
1
Практикалық сабақ 11-12.
«Шеңбер, үшбұрыш және шаршыға арналған үй»
дидактикалық ертегісі.
2
10
СОӨЖ 5. Кеңес беру және СӨЖ қабылдау
СӨЖ: Дидактикалық ертегі құру.
2
6
12-13
Дәріс 12-13. Карточкалар арқылы ертегіні құрастыру
алгоритмі.
2
2
Практикалық сабақ 13.
«Жыл мезгілдері» медитациялық ертегі.
1
16
СОӨЖ 6. Кеңес беру және СӨЖ қабылдау
СӨЖ: Медитативтік ертегі құру.
2
6
14
Дәріс 14. Карточкалар арқылы ертегіні құрастыру алгоритмі.
1
1
101
7 - кестенің жалғасы
1
2
3
4
Практикалық сабақ 14.
Динамикалық карточкалар арқылы ертегіні құрастыру.
Сызба арқылы ертегіні құрастыру алгоритмі.
1
16
СОӨЖ 7. Кеңес беру және СӨЖ қабылдау
СӨЖ: Ертегі айту.
3
7
15
Дәріс 15. Ертегі терапиясында «Пропп карталары» және
коммуникативтік дағдыны қалыптастыру мүмкіндіктері.
1
1
Практикалық сабақ 15
.
«Ертегіні жалғастыр»
«Ертегілердің үзінділерін айту»
1
10
2 аралық бақылау, барлығы
45
100
Жоғарыдағы кестедегі көрсетілген элективті курстың мазмұны бойынша
жоспарланған жұмыс әртүрлі формаларда жүргізілді. Топтағы студенттердің
ертегі терапиясы арқылы коммуникативтік дағдыларын қалыптарстыру
мақсатында ғылыми ақпараттық аясын кеңейту үшін білім беру жұмыстарын
жүргіздік. Берілген элективті курстың жоспарында көрсетілгендей, тақырыптар
бойынша дәріс, практикалық сабақтарды және студенттердің өздік жұмыстарын
ұйымдастыруда аса мән бердік.
Сонымен қатар «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының
студенттеріне жүргізілген элективті курс бойынша өткізілген дәрістер оқылды.
Бірінші дәріс тақырыбы: «Ертегі терапиясының теориясына кіріспе». Сабақтың
мақсаты студенттерге «ертегі терапиясы» ұғымы туралы түсінік беріп, аталған
ұғымның шығу тарихы мен бүгінгі күнге дейінгі зерттелу жағдайы туралы
түсінік беру. Сонымен қатар сабақ барысында сабақты ұйымдастыру нысандары
ретінде баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс негізінде өтті. Ең алдымен, біз
дәріс сабағының кезеңдерін айқындап алдық. Екінші дәріс тақырыбы: «Ертегі
терапиясы сабағын ұйымдастыру әдістемелері және практикалық тұрғыдан
қолдану». Сабақтың мақсаты ертегі терапиясы сабағының құрлымымен,
әдістемелері және практикалық тұрғыдан қолдануын қарастыру, студенттерді
балалармен қарым-қатынасын назар аудару, болашақ мектепке дейінгі ұйым
педагогтерінің іскерлік қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал ету. Үшінші, төртінші
және бесінші дәрістер келесі тақырыптарды қамтыды: «Ертегі терапиясының
коммуникативтік дағдыны қалыптастыруының жалпы сипаттамасы». Сабақтың
мақсаты «коммуникативтік дағды» ұғымының мәнін ашу, коммуникативтік
дағдыларды нақтылап түсіндіру, ертегі терапиясында коммуникативтік
дағдыларды қалыптастыруда қолданатын әдіс, тәсілдерді таныстыру. «Ертегіні
құрастыру технологиялары, ережелері мен әмбебап алгоритмі». Сабақтың
мақсаты студенттерге ертегіні құрудың мақсаты мен кезеңдерімен таныстыру,
студенттердің педагогикалық қабілеттерін дамыту, болашақ мектепке дейінгі
ұйым педагогтердің іскерлік қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал ету. Келесі дәріс,
«Мектеп жасына дейінгі балалардың ертегі терапиясы арқылы коммуникативтік
дағдыларын қалыптастыруда авторлық ертегілерін қолдану. Ертегі жазу
102
алгоритімі». Сабақтың мақсаты студенттерге авторлық ертегіні құрудың
мақсаты мен кезеңдерімен таныстыру, студенттердің педагогикалық
қабілеттерін дамыту, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтердің іскерлік
қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал ету. «Мектеп жасына дейінгі балалардың ертегі
терапиясы арқылы коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда дидактикалық
ертегілерін қолдану және дидактикалық ертегі құру алгоритмі». Сабақтың
мақсаты студенттерді дидактикалық ертегілердің мақсаты және кезеңдерімен
таныстыру және дидактикалық ертегілерді МДҰ дұрыс пайдалана білуге үйрету,
студенттердің педагогикалық қабілеттерін дамыту, болашақ мектепке дейінгі
ұйым педагогтердің іскерлік қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал ету. Келесі дәріс,
«Мектеп жасына дейінгі балалардың ертегі терапиясы арқылы коммуникативтік
дағдыларын қалыптастыруда медитативтік ертегілерін қолдану». Сабақтың
мақсаты студенттерге медитативтік ертегі туралы түсінік беру және
медитативтік ертегі құру әдісітерін қарастыру. Соңғы дәрістердің тақырыптары
«Карточкалар арқылы ертегіні құрастыру алгоритмі», «Ертегі терапиясында
«Пропп карталары» және олардың мүмкіндіктері». Сабақтың мақсаты
студенттерді В.Пропп карточкаларымен және оны ертегі терапиясында қолдау
мүмкіндіктерімен таныстыру.
Сабақтың кезеңдері ұйымдастыру; жаңа сабақты түсіндіру, баяндау;
пысықтау кезеңі; ой толғау; қорытындылау; бағалау кезеңі болып бөлінді.
Студенттер сабақтың барысымен таныстырылып болған соң, дәріс сабағының
материалдары презентация түрінде көрсетіліп, түсіндірілді. Сонымен қатар,
парактикалық сабақтарда ертегі терапиясын қолдаудың жолдары қарастырылды.
Семинар
сабақтарда
студенттердің
коммуникативтік
дағдыларын
қалыптастыруда әр-түрлі әдістер, технологиялар қолданылды. Өздері
құрастырған ертегілерін дауыс интонациясын сақатай отырып, оны сахналады.
Сабақ
барысында
теориялық
бөлімде
келтірілген
әдістермен,
технологиялар: инетрактивті тақта, аудио – видео арқылы ертегілерді тыңдау,
қазақ ертегілер негізінде qr код арқылы жасаған көнекіліктер т.б. студенттерді
белсенді тыңдауға шарт түзді. Семинар сабақтарында алдымен мәселенің
теориялық тұрғыдан қарсатырып сол негізде практикалық іс-әрекеті
ұйымдастырылды. Бұлар сабақтың нәтижесіне ықпал етті.
Бұл тараушада болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтарын ертегі
терапиясы арқылы балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру
даярлау курсының бағдарламасымен қатар Қазақстан Республикасындағы оқыту
жүйесіндегі көптеген мәселелерді қалпында ұстау міндеті көрініп отыратын
стандарттар жүйесін қарастыруды ұстанамыз. Элективті курс нәтижесінде
балаларға да, тәрбиеші-педагогтар үшін да тиер пайдасы мен көмектің ұтымды
жақтары қарастырылды, сабақ мазмұнында келешек ұрпақтың рухани
құндылығы мен адами ерекшеліктерін сақтап қалу мақсатында балаларға ертегі
терапиясының тигезер әсері де тек жақсы жағынан көрсетіліп, оған қоса
мемлекттік білімнің стандарттарына сай үлгіде сабақ мазмұндарын сақтап отыру
қаншалық маңызы бар процесс екендігі ескерілді. Қорыта келе, аталған
стандартта баланың мектепке дейiнгi тәрбие, бiлiмдерін сіңіруінде маңызды
103
болатын іс-әркеттерді барынша айқындап, білім берудегі істің әртүрлі жақтарын
қарастыра отырып, балаға қойылатын көптеген талаптар қатарының жүйелеу,
дұрыс қадамдардың бірі болып саналады. Сонымен қатар оның маңыздылығы
да жоғары екені түсінікті жайт.
Достарыңызбен бөлісу: |