104
мүшелерін психологиялық жағынан теңдестіреді, сонымен қатар жасына
қарамауға жаттықтырады.
2. «Осында және енді» қағидасы бойынша қарым-қатынас. Адамдар не
сезінгендерін, не ойлайтындарын күлкілі болып көрінбес үшін, айтпауға
тырысады. Біздің жұмысымыздың негізгі міндеті әрқайсымыз өзімізді жан-
жақты көре алатындай, өзімізді және өзіміздің тұлғаралық ерекшеліктерімізді
жақсы
білетіндей етіп, топты ерекше көлемді айнаға айналдыру. Сондықтан
сабақ кезінде әркім өзін мазалайтын нәрсені айтады, ол топтағы болып жатқанды
біз қазір осында талқылаймыз.
3.Пікірді дербестендіру.
Сабақ кезінде аса ашық қарым-қатынас үшін жақсы сөз, жеке ұстанымын
жасыруға тырысады. Сондықтан, біз: «Көптеген адамдар санайды…», «Мен …
санаймын», «Біз ойлаймыз…», «Мен ойлаймын…» және т.б. пікірлермен
алмастырамыз. Өзгелер жайында мекен-жайсыз пікірден де бас тартамыз.
4. Қарым-қатынастағы шынайылық.
Топпен жұмыс істеу кезінде не сезіп, не ойлап отырғанымыз жайында тек
шындықты айтамыз, Егер шынайы әрі ашық айтуға ниетіміз болмаса, үнсіз
отырамыз. Бұл ереже өзіне-өзі және өзге қатысушылардың әрекетіне қарым-
қатынасы бойынша өз сезімін ашық білдіруі болып табылады. Расында, топтың
өзге мүшелерінің пікірлеріне ешкім ренжімейді. Біз тек оның шынайылығы мен
анықтығына алғыс білдіру сезімінде боламыз.
5. Топтағы барлық болып жатқанның құпиялылығы.
Сабақ уақытында болғанның барлығы ешқашан сыртқа шығарылмайды.
Адамның күйзелісі жайында, сабақ кезінде бөліскендері
туралы ешкімнің
ешнәрсе айтпайтындығына сенімдіміз. Бұл біздің шынайы болуымызға
көмектеседі, өзіміздің ашылуымызға мүмкіндік туғызады. Топ мүшелерінен
басқа да адамдарға біздің пікіріміз белгілі болады деп қорықпаймыз.
6. Тұлғаның батыл жағын анықтау.
Сабақ кезінде біздің әрқайсымыз, бізбен бірге жұмыс істеген адамдардың оң
қасиетін белгілеуге тырысамыз. Топтың әрбір мүшесіне кемінде бір жақсы
немесе мейірімді сөз айтылуы керек.
7. Топта талқылау кезінде біз қатысушыны емес, оның іс-әректі мен мінез-
құлығын бағалаймыз. Біз мынадай пікірді қолданбаймыз: «Сен маған
ұнамайсың», ал оның орнына: «Маған сенің қарым-қатынас мәнерің ұнамайды»
деп айтамыз. Біз ешқашан: «Сен жаман адамсың» – деп айтпаймыз, ал жай ғана
«Сен дұрыс жасамадың» – деп айтамыз.
8. Мүмкіндігінше әртүрлі адамдармен қарым-қатынас пен байланысқа
көбірек түсу. Әрине біздің әрқайсымыздың өз таңдауымыз, ұнатуларымыз бар,
біреу
бізге көбірек ұнайды, біреуі керісінше. Бірақ сабақ кезінде біз топтың
барлық мүшесімен қарым – қатынасқа түсуге тырысамыз, әсіресе кімді аз
танысақ, сонымен көбірек қарым-қатынас жасауға тырысамыз.
9. Практикалық сабаққа белсенді қатысу.
Топпен жұмыс кезінде әрбір минутта, барлық
уақытта белсенді қатысып
қана қоймай, мінез-құлық нормасын мұқият қараймыз және тыңдаймыз, ішкі жан
105
дүниемізге құлақ саламыз, серіктес пен топты толықтай сезінуге тырысамыз.
Тіпті өзіміз жайлы өте жағымсыз бір нәрсе естіген кезде де, біз іштей
түңілмейміз. Топта барлық уақытта бір-бірімізге мұқиятпыз. Себебі, бізге өзге
адамдар қызықты.
10. Сөйлеушіге құрмет. Топ мүшелерінің бірі пікірін айтып жатқанда, біз
оны мұқият тыңдаймыз, айтқысы келген пікірін толық білдіруге мүмкіндік
береміз. Сөйлеушіге оны мұқият тыңдап
отырғанымызды көрсете отырып, ол
үшін қуанышты екенімізді, оның пікірі, ішкі әлемі бізге қызықты екенін көрсете
отырып, оған көмектесеміз. Біз адамның сөзін бөлмейміз және ол айтып
болғанша үндемей отырамыз. Сонан соң ғана сұрақтарымызды қоямыз, алғыс
айтамыз немесе пікір алмасамыз [73,б. 124].
Достарыңызбен бөлісу: