Ақынова жібек мұхтарқызы


Практикалық сабақ 6. Сызба арқылы ертегіні құрастыру алгоритмі



Pdf көрінісі
бет47/66
Дата27.05.2024
өлшемі3.56 Mb.
#501911
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66
19042023 disser

Практикалық сабақ 6. Сызба арқылы ертегіні құрастыру алгоритмі. 
Мақсаты: топ ішінде сенім атмосферасын, достық қарым-қатынасын
қалыптастыру. Өз ойын нақты, ашық жеткізуге үйрету. Сұраққа жауап беру 
дағдысын қалыптастыру. 
Сәлемдесу рәсімі. 
«Мен бақтты ететін нәрсе...» жаттығуы. Қатысушылар шеңбер болып 
отырады. Қатысушыларға педагог допты береді, бір-біріне допы кезектесіп 
лақтырады. Допты кім қағып алса, сол өзін бақытты ететін нәрсе туралы айтып 
беруі тиіс.  
Ертегі құру. Педагог-тәрбиеші балаларға
сызбадағы сұрақтарды қолдану 
арқылы достарымен бірге немесе жеке ертегі құрастыру керектігін айтады және 
уақыт беріледі (сурет 12). 
 


112 
Сурет 12 – Ертегі құру бойынша сұрақтар 
Талқылау. Ертегі құрастырып болғанан кейін, қатысушылар құрастырған 
ертегілерін дауыстап оқиды, қалған қатысушылар тыңдайды.  
Қоштасу рәсімі.  
Практикалық сабақ 7. «Ертегіні жалғастыр». 
Мақсаты: топ ішінде сенім атмосферасын, достық қарым-қатынасын
қалыптастыру. Өз ойын нақты, ашық жеткізуге үйрету. Баланың зейінін, есте 
сақтауын, ойлауын, сөйлеуін дамыту.
Сәлемдесу рәсімі. 
«Сыйқырлы таяқша» жаттығуы. Педагог қатысушыларға сыйқырлы 
таяқшаны береді, олар өздерінің үш тілегін айтады. Әдетте, тілектерінің біреуі 
ол қатысушыларды қынжылтып жүрген нақты проблемамен байланысты болып 
шығады. 
Ертегіні жалғастыру. Ертегінің сюжетін балаларға беріледі, балалар 
берілген ертегінің сюжеті бойынша ертегіні жалғастыру қажет. «Ертегіні 
жалғастыр» әдісінің құрастыру алгоритмі. 
1. Әр жазда мен әжеме ауылға барамын. Оның үлкен ескі үйі бар. Бірде мен 
шатырға шықтым… 
2.
Ертеде бір ата мен апа болыпты. Бір күні кешке біреу есік қақты... 
3. Бірде мен орманға саңырауқұлақтар алу үшін бардым. Бүкіл себетті 
жинап, Мен үйге жиналдым кенеттен … 
4. Бірде мен түс көрдім. Мен жасыл шалғында жүремін, жарқын күн 
жарқырайды, көбелектер ұшады кенеттен … 
5. Ертеде бір бала болыпты. Ол үнемі қайғырып жүретін. Бір күні… 
6. Орманда кішкентай кірпі өмір сүрді. Барлығынан қорқатын, өйткені ол 
инесіз еді. Бір күні… 
Басты кейіпкер кім? 
Ол қандай болды?
Ол не істеді?
Не айтты?
Олар оған не деп 
жауап берді?
Айналада не болды?
Мұның бәрі қалай 
аяқталды?


113 
Талқылау. Ертегінің жалғасын аяқтап болғанан кейін, қатысушылар 
құрастырған ертегілерін дауыстап оқиды, қалған қатысушылар тыңдайды. 
Қоштасу рәсімі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет