115
Мақсаты: Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін ертегі терапиясы
арқылы балалардың коммуникативтік дағдыларын
қалыптастыру бойынша
білім, білік деңгейлерін айқындау:
Тәжірибелік-эксперименттік жұмысты өткізу барысында келесі міндеттері
қойылды:
- зерттеудің міндеттеріне сәйкес келетін әдістерді таңдау және олардың
көмегімен болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін ертегі терапиясы
арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын
қалыптастыруды зерттеу;
- Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін ертегі терапиясы арқылы
балалардың коммуникативтік дағдыларын тиімді қалыптастыруға мүмкіндік
беретін ертегі терапиясына негізделген элективті курстың бағдарламасын жасау;
- Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін ертегі терапиясы арқылы
балалардың
коммуникативтік
дағдыларын
қалыптастыру
бойынша
педагогикалық үдерісте ертегі терапиясын қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
- Мақсатты педагогикалық жұмыс жүргізгеннен кейін болашақ мектепке
дейінгі
ұйым
педагогтерін
ертегі
терапиясы
арқылы
балалардың
коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруды қайта анықтау үшін
эксперименттің анықтау кезінде қолданылған әдістерді қолдану;
- Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс кезінде алынған мәліметтерді сандық
және сапалық өңдеу жүргізу, оларды салыстыру және
қорытынды жасау;
Зерттеудің тақырыбы мен міндеттеріне сүйене отырып, эксперименттік
жұмыс кезеңдері келесідей құрылды:
Эксперименттің 1-кезеңі (анықтаушы) болашақ мектепке дейінгі ұйым
педагогтерін ертегі терапиясы арқылы коммуникативтік дағдыларын
қалыптастыру деңгейін зерттеумен байланысты болды, ол үшін зерттеудің
мақсатына сәйкес әдістерді таңдалды:
- Студенттерге сауалнама жүргізілді және қорытынды жасалды;
- Сакс және Левидің «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі;
- «Ертегі құрастыру» әдістемесі (О.М.Дьяченко әдісі бойынша);
- Студенттердің коммуникативтік және ұйымдастырушылық
қабілеттерін
анықтауда бейімділікті бағалау тесті өткізілді.
Анықтаушы эксперименті 2 кезеңнен тұрды. Анықтаушы экспериметтің
бірінші кезеңінде, студенттердің ертегіге және оның кейіпкерлеріне деген
қарым-қатынасын, студенттердің ертегінің әртүрлі құбылыстарына деген
көзқарасын және ертегі терапиясында қолданылатын ертегі түрлері оның
компоненттері ашатын аяқталмаған сөйлемдер әдісі (сауалнама) қолданылды.
Бұл кезеңде студенттерге сауалнама арқылы өз ойларымен сөйлемдерді аяқтауға
ұсынылды. Сонымен қатар Сакс және Левидің құрастырып шығарған әдістемесі
«Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі эксперментальді практикада қолданылды.
Оның көптеген басқа да нұсқалары бар. Тәсіл 22 аяқталмаған сөйлемдерден
тұрады. Және «Ертегі терапиясы арқылы білім көрсеткішін анықтау» тесті
алынды (қосымша В,Г).
116
Анықтаушы экспериметтің екінші кезеңінде
«Досыңның кім екенін басыңа
іс түскенде білесің» тақырыбына студенттерге ертегі құрастыру тапсырылды.
Студенттер барлығы бірігіп берілген тақырып бойынша ертегі құрастырды.
Ертегі
құру барысында, студенттердің жұмыстары бақыланып отырды.
Студентердің ертегі жазу үшін бір-бірімен қалай ынтымақтаса жұмыс істегенін
байқау болды. Айта кету керек, ертегіні құрастыру барысында студенттерде
мынадай өзгерістер орын алды (қосымша Д,Е):
- түрлі кейіпкерлерді елестете отырып, қиялдары дамыды;
- ертегі құрастыру барысында өз ойын дұрыс, анық жеткізе білді;
- шығармашылық қабілеті мен шығармашылық ойлауы қалыптасады.
Ертегітерапевті Т.Д.Зинкевич-Евстигнеева «біз құрастырған ертегілер
біздің ішкі шындықты, бізді толғандыратын
проблемаларды бейнелеп қана
қоймайды, сонымен қатар біздің тұлғалық дамуымызға және қиындықтарды
шешуге ықпал ететін бейсаналық процестерді белсендіреді» дейді [156,с. 40].
Ертегі жазу, құрастыру студенттердің эмоционалдық жағдайына жақсы әсер
етеді, ол байсалды болады, көптеген жағдайлардың жақсы жақтарын көре
бастайды.
Ертегі құрастырудың бағалау әдісі
. «Ертегі құрастыру» әдістемесі
(О.М.Дьяченко әдісі бойынша) алынды.
Мәліметтерді өңдеу. О.М.Дьяченко анықтаған
критерийлерге сәйкес
балалардың әрекеттері мен жауаптарының сипаттамаларын көрсететін
диагностикалық карта құрастырылады:
- ертегіні құрастыра алады;
- тақырыптың негізгі идеясын дұрыс тұжырымдай алады;
- берілген тақырыпқа қатысты пікір білдіре алады;
- әдеби терминдерді орынды қолдана алады;
- ойдың болуы және орнықтылығы (шығарма басталғанға дейін, шығарма
жазылғаннан кейін, шығарма барысында тұжырымдалмайды;
бала ойды
ұстанады, ойды бұзады, ойды өзгертеді, іске асырмайды);
- тапсырманы қабылдау, мазмұнның өзіндік ерекшелігі (өз ертегісін жасауға
тырысады; досына қайта айтады; тапсырманы қабылдамайды).
Эксперименттің 2-кезеңі (қалыптастырушы) «Мектеп жасына дейінгі
балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда ертегі терапиясын
қолдану технологиялары» атты элективтік курстың бағдарламасын жасалынып
мен жүзеге асырылды.
Эксперименттің 3-кезеңі (қорытындылау) алынған эксперименттік
мәліметтерді сапалы және сандық талдау, зерттеу нәтижелерін жалпылау кіреді.
Анықтау эксперименті 2020-2022 оқу жылдар аралығында жүргізілді.
Зерттеу міндеттеріне сәйкес келетін әдістерді таңдау жүргізілді. Студенттердің
ертегіге және ертегі кейіпкерлеріне деген қатынасы, олардың түрлі құбылыстар
мен оған деген көзқарасын талдауға дайындығы, ертегі құндылықтар жүйесінің
студенттерге әсер ету дәрежесін көрсетті және олардың үйлесімді сөйлеу,
сондай-ақ
студенттердің
коммуникативтік
және
ұйымдастырушылық
қабілеттерін анықтауда бейімділікті бағалау тесті өткізілді.
117
Сонымен 1 кезең бойынша студенттердің ертегі терапиясында
коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру меңгеру деңгейін 1) танымдық; 2)
мотивациялық; 3) іс-әрекеттік бойынша үш компонентін анықтадық (кесте 10).
Кесте 10 – Анықтаушы кезеңдегі эксперименттік
топтың ертегі терапиясында
коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру деңгейінің көрсеткіштері
Мазмұны
Деңгейі
Студент саны-68
Пайыз көрсеткіші-%
Танымдық
Жоғары деңгей
25
36,7 %
Орташа деңгей
20
29,5 %
Төмен деңгей
23
33,8 %
Іс-әрекеттік
Жоғары деңгей
33
48,6%
Орташа деңгей
19
28%
Төмен деңгей
16
23,6%
Мотивациялық
Жоғары деңгей
29
42,7%
Орташа деңгей
22
32,4%
Төмен деңгей
17
25%
Эксперименттік топқа анықтаушы кезеңде танымдық компоненте берілген
сөйлемдерді өз ойларымен аяқтау тапсырмасы берілген болатын (3-қосымша).
Оның нәтижесі бойынша 25 студенттен (36,7%) ертегі терапясының теориялық
меңгерегендігі, ертегілердің классификациясын білуі, коммуникативтік
дағдыларға қатысты түсінігі, ертегі терапиясының мүмкіндіктерін меңгеруі
байқалып,
жоғарғы деңгейді көрсетті. Ал,
орташа деңгейді 20 студент (29,5%)
санын құрады, олардан ертегі терапясының теориялық
меңгерегендігі мен
ертегілердің классификациясын білуі және коммуникативтік дағдыларға
қатысты түсінігі бар екендігі көрінді. 23 студент (33,8%)
төменгі деңгейді
құрады, себебі олардан ертегі терапясының теориялық меңгерегендігі,
коммуникативтік дағдыларға қатысты түсінігі ғана көрініс тапқан болатын
(сурет 13).
Сурет 13 – Эксперименттік топтың анықтаушы кезеңде танымдық компонент
көрсеткіштерінің диаграммасы
Достарыңызбен бөлісу: