Ақырғы күшейткіш каскадтар



бет3/3
Дата19.05.2022
өлшемі92.83 Kb.
#457770
1   2   3
4 каз 2

Т1 жəне Т3 транзисторлары екеуінің де p-n-p – типті электрөткізгіштігі бар да база тоғы күшейту коэффициенті жеке транзисторлардың күшейту коэффициенттері h21э1 мен h21э2 көбейтіндісі h21э –ге тең классикалық құрама транзисторды құрайды.
Т2 жəне Т4 транзисторлардың əртүрлі типтегі электрөткізгіштігі бар жəне олардың комбинациясы екі каскадты күшейткіш болып табылады, оның транзисторлары ОЭ-мен қосылған.
Төменгі иықтағы Т2 жəне Т4 құрама транзистордың база тоғы күшейту коэффициентінің жоғарғы иықтағы құрама транзистордың база тоғы күшейту коэффициентінен айырмасы аз.
Схема əрбір иығы терең кері байланыспен жұмыс істейді сондықтан схема асимметриясы шығыс кернеу пішінінде білінбейді.
Схемада берілген қуатты біртипті транзисторлар Т3 жəне Т4 қамтамасыз етеді. Т1, Т2 транзисторлары Т3, Т4 тразисторларының база токтарын басқарады да, оларды таңдауды жеңілдететін, берілген қуаттан кіші қуатқа есептелінуі мүмкін.
В режимін жəне АВ режимін де біртакті каскадта қолдану жіберілмейтіндей үлкен сызықты емес бұрмалауларға əкеледі. Əрине, өте төмен ПƏК-ті шығыс каскадының жұмысы салыстырмалы үлкен қуаттар кезінде қолайсыз. Бұл қайшылықтың шешімі екітактілі сұлба көмегімен табылды.
Екітактілі сұлба құрамында ортақ жүктемеге жұмыс істейтін екі күшейткіш элемент (немесе сұлбаның екі иығын құрайтын, күшейткіш элементтердің екі тобы) бар. Екітактілі сұлбаның əр иығының кірісіне қарсы фазада амплитудасы бойынша екі бірдей кернеу беріледі.
Егер сұлбаның күшейткіш элементтері В режимінде жұмыс істесе, онда сигнал болмаған кезде, яғни тыныштық режимінде, күшейткіш элементтер жұмыс істемейді, жүктемеде ток жоқ. Екітактілі сұлбаның иықтарының кірістеріне сигнал кернеуін беру кезінде бір иығының күшейткіш элементі ашылады. Екінші иыққа көлемі бойынша тең, бірақ фазасы бойынша қарама- қарсы кернеу беріледі, екінші иықтың күшейткіш элементі жұмыс істемейді. Жоғарыда айтылып өткеннен шығады:

  • 1 такт – жүктемеде бірінші иықтың шығыс тогы пайда болады. Айнымалы токтың жарты периодынан кейін сигнал кернеуінің фазасы 1800 -қа өзгереді;

  • 2 такт – екінші иықтың күшейткіш элементі ашылады, жүктемеде ток пайда болады, бірақ кері бағыттағы;

Осылайша, егер кіріс кернеуі синусойдалы болса, ешнəрсеге қарамастан В

режимінде əр элемент кесіп тастаудың
900
бұрышымен жұмыс істейді,

жүктемеде үздіксіз ток ағатын болады – синусойда қалпына келеді.

Бұл екітактілі сұлбаның басты ерекшелігі болып табылады. Үлкен ПƏК-ті В жəне АВ экономды режримдерінде жұмыс істегенде, сұлба дəл А режиміндегідей сызықты емес бұрмалаулар деңгейін алуға рұқсат етеді.
Трансформаторсыз сұлбалар каскадтар арасында тура байланысты жəне тұрақты ток бойынша кері байланысты жүзеге асыруға рұқсат етеді, бұл сипаттамалар тұрақтылығын жақсартады. Мұндай қуат күшейткіштері тек микроэлектронды құрылғыларда ғана қолданыс таппайды, сонымен қатар кəдімгі қолданыс аппаратурасынан трансформаторлы сұлбаларды сəтті ығыстырады.
А режимінде де, В режимінде де жұмыс істей алса да, тəжірибеде жоғары баға В (АВ) режиміне беріледі.
Құрама транзистор
Құрама транзистор деп ─ транзистордағы шығыс электрод екінші транзистордың кіріс электродына қосулы тұрған кезіндегі екі электродтың өзара бір-бірімен тура байланысын айтады.
Құрама транзистор ,əдетте үш электродтан тұрады жəне оны сəйкесінше электрлік параметрлері бар транзистор ретінде қарастыруға болады. Əдетте бұл байланыс ортақ базалы сұлбада ток бойынша тарату коэффициенті h21Э бірлікке жақындауы нəтижесінде орындалады.Құрамды транзистор барлық қосылу сұлбаларында об, оэ жəне ок қолданылуы мүмкін. Құрама транзистордың көбінесе таралған сұлбасы – бірінші транзистордың эмитері екінші транзистордың базасына қосулы сұлба болып табылады (2.5-cурет).


2.5.сурет.Биполярлық транзистордағы құрама транзисторлар Кернеу бойынша күшейту коэффициенті:

Құрама транзистордағы жалпы шығыстағы ток мəні:
Құрама транзистордағы ток бойынша тасымалдаудың қосынды коэффициенті жеке транзисторлардың тасымалдау коэффициенттерінің көбейтіндісіне тең.
Каскодты күшейткіш
Каскодты күшейткіш құрама транзистордың бір түрі болып табылады, ол екі транзистордың айнымалы токтағы тізбектей жалғануын көрсетеді.

Кірістегі VT1 транзисторы ОЭ сұлбаға қосылған , шығыстағы VT2



транзисторы ОБ сұлбаға қосылған. Құрама транзистордың шығыстағы тогы:
тең болса, онда ток бойынша күшейтудің эквиваленттік коэффициенті:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет