В класы режиміндегі трансформаторлық байланысы бар екі тактілі қуат.күшейткіші каскады.
Трансформаторлық байланысы бар В класы режимінде жұмыс істейтін екі тактілі қуат күшейткіші принципиал схемасы 5.2 – суретте бейнеленген. Схема екі біртактілі каскадтан (иықтардан) тұрады, олардың транзисторлары кіріс сигналдың екі жарты периоды уақытында алма-кезек жұмыс істейді.
- сурет. В класындағы трансформаторлық байланысы бар екі тактілі қуат күшейткіші
Схемадағы транзисторлардың осындай жұмысы Есм = 0 болғанда олардың базаларына бір уақытта екі бірдей амплитудалы , бірақ бір-біріне қарағанда 180 - қа жылжытылған фазамен кернеулерді беру арқылы қамтамасыз етіледі, олар парафазалық деп аталады. 5.2-суреттегі схемада осы кернеулер орта нүктесі бар кіріс трансформатор көмегімен жасалады.
Трансформаторсыз екі тактілі қуат күшейткіштері .
Қазіргі кезде əртүрлі электр өткізгіштікті транзисторлар қосағынан құрылған рансформаторсыз екі тактілі күшейткіштер кең таралған (5.3 - сурет). Транзисторлардың əр -түрлі электр өткізгіштігінің арқасында каскад парафазалық кернеулерді талап етпейді . Кіріс сигналдың жарты периоды уақытында Т1 транзисторы ашық , ал Т2 транзисторы жабық. Осы арқылыекі тактілі жұмыс режимі жүзеге асады. Айнымалы ток бойынша ток екі тактілі каскад əрбір иығы (5.3 – сурет) кернеу бойынша теріс кері байланыспен қамтылған эмиттерлік қайталағыш сияқты жұмыс істейді. Теріс кері байланыс сызықты емес бұрмалануларды басады, сонымен қатар иықтардың асимметрия ықпалын азайтады. Бірдей көрсеткіштері бар электр өткізгіштігі əртүрлі транзисторларды таңдап алу қиын болғандықтан, бұл əсіресе маңызды. Трансформаторсыз каскадты графикалық есептеу транзисторлардың шығыс сипаттамаларымен жүргізіліп, трансформаторларды пайдала-натын каскадтар графикалық есебінен
айырмасы болмайды. Бұл жағдайда трансформаторсыз каскадта R ролін R
ж ж
атқарады.
Трансформаторсыз каскад кіріс кедергісін, кіріс қуатын жəне сызықты емес бұрмалануларын анықтау үшін кіріс динамикалық сипаттамаларын пайдалану болады, оларды салғанда, абцисса осі бойынша Uбэ кернеуін емес
, ал Uбэ + Iэ Rж қосынды кернеуін алу керек.
– сурет. Əртүрлі типті транзисторлардағы трансформаторсыз екі тактілі қуат күшейткіштері: а , б - екі жəне қоректену көзіменмен
Схемада (5.3,а – сурет) екі қоректену көзінің болуы схеманы пайдаланғанда қиындықтар тудыруы мүмкін. Қоректену екі көзін біреуімен ауыстыру үшін жүктемемен параллель сыйымдылығы жеткілікті үлкен ажыратқыш конденсатор қосылады (5.3, б – сурет).
Тұрақты ток бойынша схема транзисторлары тізбекті қосылған . Uс тұрақты күштенуі сондықтан транзисторлардың ұқсас параметрлерінде Ср ажыратқыш конденсаторында түсетін тұрақты кернеу 0,5 Ек –ге тең де Т2 транзисторы үшін “қоректену көзі” болып табылады.
Т1 транзистордың коллектор – эмиттер кернеуі - Ек + Uс = -0,5 Ек –ға тең. Ср конденсаторы əсерінен шығыс сигналдың бұрмалануын болдырмау үшін Uс кернеуі кіріс синусоидал сигналдың өткзу жолағының төменгі жиілігі н сəйкесті оң жарты периоды уақытында (Т2 транзисторы ашық) тұрақты болуға тиіс.
- сурет. Трансформаторсыз екі тактілі құрама транзисторлардан тұратын қуат күшейткіші
Шығыс қуаттың берілген шамасына сəйкесті əртүрлі типті транзисторларды таңдап ала алмағанда құрама транзисторлардағы каскадты пайдаланады (5.4 – сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |