Аитв/житс бойынша жастар арасында алдын алу жұмыстары



жүктеу 46.67 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі46.67 Kb.
АИТВ/ЖИТС бойынша жастар арасында алдын алу жұмыстары
Алдын ала сауықтыру ісі – біз осы ауруға қарсы тұруда кең ауқымда қолданатын және халық тобына көмек бере алатын, бірден-бір қолжетімді әрі өте тиімді құрал. АИТВ-инфекциясы, халықтың еңбекке қабілетті бөлігін зақымдап, демографиялық көрсеткішіне (туудың төмендетуге, өлімді арттыруға) әсер етеді.

ҚР-да 01.03.2013ж. жағдай бойынша, АИТВ-жұқтырылғандардың 20129 жағдайы, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың 403 жағдайы тіркелген. Маңғыстау облысында осындай кезеңде АИТВ-жұқтырылғандардың - 127 жағдайы, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың 2 жағдайы тіркелген. ҚР-да АИТВ жұқтырылғандардың арасында 20-29 жас аралығындағы адамдар -42,5% көбірек болуда, 30-39 жас аралығындағы топқа 34,6% тиеді, Маңғыстау облысында да осындай ахуал. АИТВ –инфекциясынан өзінің сәбилерін жетім қалдырып, жас ата-аналар дүниеден өтуде, балаларының қамқорлығы мемлекет мойнына түсуде.

01.03.2013ж. республикада кумулятивті 1317 ЖИТС-пен ауыратындар, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 8 бала өлді. Маңғыстау облысында ЖИТС-пен ауыратын 5 адам өлді. АИТВ-инфекциясының таралуының алдын алу және оны емдеудің ерекшелік құралдарының болмауы себебінен, ҚР аумағында АИТВ таралуының алдын алудың маңызды шаралары халықты ағарту болып табылады. Алдын алу шараларының негізі, халықты АИТВ/ЖИТС проблемаларының әр түрлі аспектілері бойынша кеңінен, уақытылы және қолжетімді түрде хабардар ету және оқыту. Алдын алу жұмысын жүргізуге ең басымдылығы 10-нан 25 жас аралығындағы халық тобы болып табылады. АИТВ-инфекциясының таралуы мінез-құлыққа байланысты болғандықтан, алдын алу ісінде тәрбие мен оқытуға маңызды орын беріледі.

ЖИТС МОО мамандарымен осы бағытта халық арасында, әсіресе жастар арасында - мектептегі жоғары және төменгі сынып оқушылары арасында, АООО мен ЖОО студенттері арасында бірша ма жұмыс жүргізуде. Күн сайын семинар сабақтары, лекциялар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, әңгімелесулер, тілдесе сөйлесулер, әр түрлі ойындар, бейнероликтер көрсетулер, әр түрлі ақпараттық- білім беру материалдарын (плакаттарды, буклеттерді, парақшаларды, күнтізбелерді) үлестіру және т.б. өткізіледі.

Төменгі сынып оқушылары үшін, және де жеткіншектер үшін АИТВ алдын алу саласындағы істе мейлінше кең таралған әдіс – әңгімелеу болып табылады. Соның көмегімен АИТВ-инфекциясынан қорғануға көмектесетін, оқушыларға аурулар, жеке басы гигиенасының ережелері, адамгершілік мінез-құлық нормалары туралы шынайы ақпарат хабарланады.

АИТВ/ЖИТС проблемалары бойынша белгілі бір білімі бар жасөспірімдер үшін тиімді әдіс, тілдесе сөйлесу болып табылады. АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі лекция барысында, індеттің таралу тарихы, аурудың пайда болу болжамдары, вирустың берілу жолдары, АИТВ-нің ЖИТС-тен айырмашылығы, алдын алу шаралары, салауатты өмір салты туралы білімді қалыптастыру және т.б. секілді осындай мәселелер айтылып көрсетілуі мүмкін. Хабардар ету және оқытып - үйрету бағдарламалары кезінде АИТВ-инфекциясының алдын алудың барлық аспектілері қарастырылады:



Алдын алудың жекелей шаралары:

- бей-берекет жыныстық байланысты, есірткіні тұтыну мен енгізуді болдырмау;

- татуировкалар салуды, ортақ қырынатын, маникюрлік және жеке бастың басқа да заттарын пайдалануды болдырмау;

- жеке қорғаныш құралдарын пайдалану.



Берілу жолдары бойынша алдын алу шаралары:

Берілудің 3 жолы бар: жыныстық; парентеральды (қанға вирустың түсуі кезінде); тік (анадан балаға).

Жыныстық жолмен жұқтыру. Жыныстық қатынас жасамайтын және есірткіні көктамырға енгізуді практикаламайтын адамның бойында АИТВ жұқтыру қауіпі іс жүзінде болмайды. Жыныстық қатынасты ерте және бей-берекет жасау венериялық ауруға, АИТВ-инфекциясына жұқтыруға, қаламайтын жүктілікке, отбасын құруға байланысты проблемаларға әкелуі мүмкін. Некелескенге дейін жыныстық қатынас жасамау, ауру алдындағы үрейден және жыныстық жолмен берілетін аурулардың салдарынан құтқарады.Жыныстық қатынас жасау кезінде презервативті пайдалану, венериялық аурулар, АИТВ-инфекциясын жұқтыру және қаламайтын жүктілік ықтималдығы қауіпін төмендетеді. Бұл ретте оны пайдалану ережесін сақтау маңызды.

Парентеральды жолы (қанға вирустың түсуі). ЖИТС-пен ауыратындар мен АИТВ тасымалдаушылар арасындағы үлкен тобын шприцті нашақорлар құрайды. Көптеген жағдайда мұндай топтарда есірткі көктамырға бір шприцпен жіберіледі, кейіннен ол бір нашақордан екіншісіне беріледі. АИТВ-ны жұқтыруға, оны дайындау кезінде (тампондар, сүзгілер, ыдыс) жұқтырылған есірткіні немесе ортақ заттарды пайдалану да ықпал етеді. Нашақорлар арасында ең болмағанда бір АИТВ жұқтырылған пайда болғанның өзінде, біршама уақыттан кейін осы топтың мүшелері (2-3 жылдың ішінде шамаман 70%) АИТВ жұқтырылғанға айналады.

Нашақорлық - аз ғана дозасында шалықтатын (қоздыратын), көп дозасында - есінен тандырып, есірткі ұйқысын туғызатын, есірткіге еңсерілмес үйір болуымен сипатталатын ауру. Оның зардаптары, мінез-құлқының бақылаусыздығы (бұл бей-берекет жыныстық байланыс жасауға әкеледі), АИТВ-инфекциясын жұқтыру мүмкіндігі, және соның салдарынан өлімге ұшыратуы болып табылады. Сондықтан да құрдастарының тарапынан жасалатын қысымға берілмеу керек, оның дәмін татып көрмеу, оның үстіне есірткіні тұтынбау керек. Есірткіні бір рет қабылдаудың өзі АИТВ жұқтыруға әкелмек.Есірткі тұтынатын адамдар, мүмкіндігінше наркологиялық қызметке тезірек хабарласулары, жеке дара шприцтерді, инелерді пайдалануға, осыларды қарызға бермеуге, оны сатып алғаннан кейін есірткіден залалсыздандыруы тиіс.

Құлақтарды тесуді, тек қана косметологиялық кабинеттерде жасату, татуировканы арнайы кабинеттерде жасату керек, сондай-ақ жеке басы гигиенасының міндетті түрде өзіндік заттары: қырынатын және маникюрлік құралдары болуға тиіс.

Тік жұқтыру жолы. АИТВ-жұқтырылған анадан балаға жұғуы, оның жүктілігі, босануы және баланы емшекпен емізуі кезінде анадан вирустың ұрыққа өтуі кезінде болады. АИТВ –ның тік берілу жолының алдын алу мақсатында, республикада қаралып тексерілгенге дейінгі және одан кейінгі консультация беру арқылы, жүкті әйелдерді АИТВ-инфекциясына ерікті түрде тексеруден өткізу ұйымдастырылған.

АИТВ-инфекциясының тік берілуі кезінде нәрестеге жұқтыру қауіпін төмендету үшін, республиканың акушерлік-гинекологиялық қызметінің практикасына, анаға да, сонымен бірге балаға да антиретровирусты препаратпен дәрі-дәрмектік алдын алу, АИТВ-жұқтырылған әйелді жарып алу жолымен босандыру (көрсеткіштері болған жағдайда) нәрестені жасанды тамақтандыру енгізілді.

Салауатты өмір салты - ЖИТС-тің алдын алудың негізі ретінде, өзінде жеке басы гигиенасының ережесін сақтауды, дене шынықтырумен және шыңдалумен айналысуды, дұрыс тамақтануды, алкогол, темекі, есірткі тұтынудан бас тартуды, әр түрлі алаңдаушылықты жеңе білуді қамтиды. Жағымды әдеттері, өзіне қарсы бағытталатын жағымсыз әдеттері секілді дәрежеде, денсаулықты сақтауға және нығайтуға ықпал етеді. Ойланбай жасалған мінез-құлық әрекеттері күтпеген зардаптарға әкелмек.

Сіздің өміріңіз Өз қолыңызда. Әр адам дұрыс таңдау жасай алады. Өз денсаулығына жауапты қарауға тәрбиелеу - салауатты өмір салтын қалыптастырудың мақсаты осы.



Алдын алу бөлімінің меңгерушісі Д. Шаданова.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет