«аив-инфекциясы және инфекциялық бақылау» модулінің клиникалық жұмысы



Дата09.06.2016
өлшемі19.38 Kb.

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

«АИВ-ИНФЕКЦИЯ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БАҚАЛАУ» МОДУЛІ





«АИВ-инфекциясы және инфекциялық бақылау» модулінің клиникалық жұмысы.
«АИВ-инфекциясы және инфекциялық бақылау» модулінің базасы Алматы қаласындағы ЖҚТБ-мен күрес және алдын алу Орталығы болып табылады. Орталық 1990 жылы 4 маусымда құрылған, ол АҚТҚ-мен инфицирленген және ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету және қаладағы АҚТҚ инфекциясының таралуын алдын алуға бағытталған эпидемияға қарсы, алдын алу шараларымен айналысатын мемлекеттік медициналық мекеме.
АИВ-мен күрес бағдарламасына сәйкес «АИВ-инфекциясы және инфекциялық бақылау» модулі Орталыққа негізгі міндеттеріне көмек береді:

АИВ эпидемиясы Алматы қаласында шоғырланған дәрежеде тұр. АИВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу бағдарламаларымен 100% туылған балалар қамтылған. Емдеу мекемелері базасы негізінде 16 «Сенім» пункті, 7 Достастық клиникасы және 40 Психосоциалды кеңес беру кабинеті ашылған.


Орталық БОО/ЖҚТБ, ЖҚТБ-ға, туберкулезге, безгекке қарсы күрес Ғаламдық фондымен, USAID, UNAIDS, «PSI», «Равный-равному», «Доверие плюс», «АНТИСПИД» Ассоциациясымен, «Адали», «Казахстанский союз людей, живущих с ВИЧ» және т.б. Халықаралық және Үкіметтік емес ұйымдармен белсенді ынтымақтастық қатынаста.


Орталықта емдеу-профлиактикалық, лаборатория, профилактика, АИВ жағдайларына эпидемиялық қадағалау бөлімдері жұмыс жасайды. Алматы қаласының ЖҚТБ Орталығы Республика бойынша ең үздіктердің қатарында. Мұнда жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды, соның ішінде 2 медицина ғылымдарының кандидаты, 71% дәрігер және орта білімді медицина қызметкерлері жоғары білікті категорияға ие. Орталық заманауи клинико-зертханалық жабдықтармен қамтамасыздандырылған, осыған орай АИВ инфекциясы бар науқастар ДДҰ-ның соңғы ұсынысына сәйкес жоғары білікті көмек ала алады.




Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет