Аңыз адамда» ақынға орын бар ма?! Бүгінде «Жұлдыздар Отбасы АҢыз адам»



Дата17.07.2016
өлшемі19.06 Kb.
Аңыз адамда» ақынға орын бар ма?!
Бүгінде «Жұлдыздар Отбасы АҢЫЗ АДАМ» журналы елі­міздегі танымал ақпарат құра­лына айналып отырғаны жасы­рын емес. Заманауи маркетинг пен менеджменттің қыр-сырын еркін меңгерген басылым – қа­зақ жастарынның өз ұлы тұл­ғаларын тануына ықпал етіп, жас ұрпақты елеулі істерге үн­деген, жалпы халыққа ортақ тұң­ғыш энциклопедиялық жо­ба болып табылады. Журнал рес­публикамыздың түкпір-түкпіріне тарап, көзі қырағы оқырманын лезде-ақ тауып келеді. Демек, ой төркінін өзге арнаға бұрсақ...
Бір күні осы жобаның авторы һәм бас редакторы Жарылғап аға Қалыбайға хабарласып, ма­териал жібермек болғанбыз. Ора­йы келгенде «Аңыз адам» жо­басы туралы аз-кем пікірімізді білдірдік. Бас редакторға жур­налдың алда атқарылар жос­па­рымен танысқанымызды ай­тып, «алда шығатын тұтас бір санды Қасым Аманжоловқа ар­на­саңыздар» екен деп ұсыныс жасадық.

Кейінгі әңгіме mail желі­сі арқылы өрбіді. Ж.Қа­лыбайға журналдың жос­пары мен тұлғалардың фотокол­лек­ция­сында дауылпаз ақын қа­растырылмай, ескерусіз қал­ғанын, сондықтан, көпшіліктің қынжылыс танытып отырғанын жасырмай айттық. Ұлтжанды жур­налист қолқа салғанымызда бір­ден елең ете қалды. Сөйтіп, журналдың алдағы бір санын Қасым Аманжоловқа арналғанын құба-құп көрді.

«Дулат, біз биылғы жос­парымызда ең алдымен, Қаз­дауысты Қазыбек би, Қанжығалы Бөгенбай батыр өмірін жазсақ, калғанын келесі жылы дегенбіз. Егер Қасым Аманжолов тура­лы жақсы сұхбат, дерек, мә­лімет, фотосуреттер беретін ға­лымдар, зерттеушілер, ақын­дар бар болса, дереу бізге олар­дың аты-жөнін, қызметін, теле­фондарын, электронды адресін жолдауыңызды өтінемін. Мүм­кін ақынның жақын туған-туыс­тарымен хабарласып, сұхбат алуымыз керек болар. Сонда, біз Қасым аға туралы қандай форматта жазу керек екенін жақын арада қолға ала бастаймыз. Қысқасы, Қасым аға туралы ай­татын адамдардың тізімін бір­лесіп, келісіп жасасақ дұрыс болар. Жауап күтеміз. Құрметпен, Жарылғап Қалыбай». Әрине есімін М.Әуезов, Ғ.Мү­сірепов, Е.Ысмайылов, Ғ.Сланов, Ә.Тәжібаев, Ж.Нәжімеденов, Т.Ай­бергенов, М.Мақатаевтар ау­зы­нан тастамаған аса көрнекті ақын туралы құнды деректер де, тартымды материалдар да аз емес. Мысал үшін, жылдың басынан бері «Орталық Қазақстан» газе­тінде Қасым Аманжоловтың өне­гелі өміріне қатысты тұшымды мақалалар, соны деректер үзбей жарияланып келеді. Ақынның шабыты шарықтап өрлеген Орал мен Жайықта да тың дүниелер жетерлік. Фотосуреттер мен құнды жәдігерлер Қарқаралыдағы ақын мұражайынан табылады. Зерттеушілер мен қасымтанушы ғалымдар қолда бар деректерімен бөлісері сөзсіз. Әлбетте, Қ.Аман­жоловтай ұлт мақтанышы «Аңыз адамның» кейіпкері болуына өзі­нен өзі-ақ сұранып тұр! Тек уақыт пен мүмкіндікті мүлт жібермей, осынау игілікті іске білек сыбана кірісіп, белсене үн қоссақ, ағайын!

Дулат АМАНЖОЛ.



Орталық Қазақстан. - Қарағанды, 2011. - 21 сәуір (№ 62).- 6 б.


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет