«Ақжар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Дата07.12.2023
өлшемі85 Kb.
#485744
бейімделу қорытындысы


«Ақжар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
5 «б» сынып білім алушыларының орта буынға бейімделуінің қорытындысы
2023-2024 оқу жылы

Сыныпта 4 оқушы, оның 2-еуі қыз, ұл бала – 2. Сынып бойынша оқу екпінділері: Бағыбай Тамерлан, Вайтихович Яна, Козырев Шерали. Үлгерімі төмен оқушы – Вергель Рита. 2022-2023 оқу жылы 4-сынып жылдық білім сапасының қорытындысы бойынша білім сапасы – 75 %, 2023-2024 оқу жылы 5-сыныптағы нәтижесінің көрсеткіші - 75%. Білім сапасында өзгеріс жоқ, алайда оқу озаты Вайтихович Яна 2 пәннен «4»-ке қорытылып, оқу екпінділерінің қатарына қосылды. Осыған байланысты математика, орыс тілі, орыс әдебиеті пәндерінің мұғалімдері оқушыларға қосымша сабақтар мен тапсырмалар беріп отырады. Мектеп психологы Ж.Сулейменованың тарапынан да білім алушылардың орта буынға бейімделу кезіндегі қиындықтарды жеңу барысында үнемі психологиялық көмек көрсетіліп отырылады.


5 «б» сынып білім алушылары мектеп ережелерін сақтап, сынып алдына қойылған міндеттер мен мақсаттарды ұғынады. Сыныптағы оқушылар өте ұйымшыл, тәртіптері жақсы, берілген тапсырмалардың уақытылы, жауапкершілікпен атқарады. Балалар бір-біріне өте бауырмал, тату. Сынып оқушылар жалпы айналасына құрметпен қарайды. Мектепте өткізілген мектепішілік іс-шараларға белсенді қатысады. Атап айтқанда, «Аяулы күз, алтын күз» байқауына белсене қатысып, жүлделі І орынға ие болса, мектепішілік 5-6 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған пән олимпиадасына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Козырев Шерали І орын, Бағыбай Тамерлан ІІ орынды иеленді.


Сынып жетекшісі Ж.Рахимова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет