«Балалар философиясы»
Тақырыппен таныстырып, үдерісті түсіндіріңіз. Оқушыларға ынталандыру материалдарын толығымен қарауға бірнеше минут беру керек. Оқушылар шеңберге оралғанда, жауап беруі тиіс тақырыпқа/пәнге қатысты сұрақтарды ойластыру үшін, оларға бір-екі минут беріледі. Осылайша дауыс беру және сұрақтарды талқылау анықталады. Мұғалім сұрақтарды дұрыс құра отырып, дамытатын сұрақтар қойып немесе әр оқушының қатысуын қамтамасыз ету үшін топпен бірге әрекет ете отырып, делдал ретінде қатысады.
«Балық, құс, аң»
Мақсаты: Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана «балық, құс, аң» - деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып:
- Балық!(немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса, ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді.
«Батискаф»
(Су астын байқайтын құралдармен жабдықталған, өз бетімен қозғалу қасиеті бар терең су камерасы.)
Екі топ бір-біріне кезекпен сөздер жасырады. Топтың бір оқушысы қимылмен өз тобына жасырылған сөзді жеткізу керек.
«Баяндама»
Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды. «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.
«Блиц кездесу»
Екі әріптес біреуі тақтаға, ал екіншісі қарама-қарсы жаққа қарап отырады. Бірінші қатысушыда келесі әріптесіне өтпей тұрып, төменде келтірілген негізгі сөзді(дерді) түсіндіру үшін бар-жоғы 30 секунды бар –мұғалім түсіндіру үшін негізгі сөзді мысал ретінде келтіреді.
«Блок ортасында бағалау»
Блоктың соңында бағалаған жағдайда, сізге оқушылар жолықтырған немесе жалпыға ортақ түсінбеушілік тудырған саладағы проблемаларды қарастыруға уақыт жетпей қалуы мүмкін. Бөлімді оқу барысында бағалауға уақыт беру (мысалы, 7 сабақтың бесінші сабағында) мәселені қарастыруға, ұғынуға және қайталауға мүмкіндік береді. Бұл, сонымен қатар, мұғалімге үдерісті дәлелдермен бекіте отырып, назарын түсінбеушілік туғызған салаларға аударуына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |