Айғыз ауылдық округінің әлеуметтік экономикалық дамуының 2014 жылғы қорытындылары және 2015 жылға алда тұрған міндеттері Құрметті ауылдастар! «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»



жүктеу 69.21 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі69.21 Kb.
Айғыз ауылдық округінің әлеуметтік - экономикалық

дамуының 2014 жылғы қорытындылары және 2015 жылға

алда тұрған міндеттері

Құрметті ауылдастар!

«Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» мемлекет Басшысының Жарлығын іске асыру мақсатында халық алдында істелінген және келешекте істелінетін жұмыстар жөнінде есеп беру жиналысымды өткізгелі отырмын. 2014 жыл біз үшін, әрине Қазақстан халқы үшін ерекше жыл болды. Айта кетерлігі ел Президенті халыққа «Нұрлы жол» атты жаңа және біртұтас бағдарлама ұсынды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдаулары - еліміздің рухын асқақтатын, күш-қуатын біріктіретін, алыс және жақын болашағымыздың бағдарларын айқындайтын құжат. Оны әрбір азамат, отбасы, әрбір ұжым асыға күтеді десек қателеспейміз, өйткені оның мазмұнында әрбір қазақстандық азамат үшін өзекті мәселелер қозғалады әрі оларды шешудің жолдары ұсынылады. Елбасының Жолдауы - бұл мемлекет пен қоғам дамуының жаңашыл ауқымды стратегиясы. Жаңа экономикалық саясаттың өзегі жеті бағыт бойынша инфрақұрылымдық даму жоспары болып отыр. Көлік, индустриялық, энергетикалық, әлеуметтік-тұрғын үй инфрақұрылымдарын дамыту бойынша кешенді жұмыс межеленген. Сондай-ақ, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жылу мен сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту да назардан тыс қалмайды. Елбасының Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы нақты істерге негізделгенімен құнды. Сондықтан бұл Жолдау біздің еліміздің жаңаша өркендеуіне жол ашатынына сені­міміз мол. Ауыл тұрғындарының негізгі күн көріс көзі мал шаруашылығымен айналысу болып табылады. Округ бойынша 1670 адам тұрады. 223 жанұя бар. Екі елді мекенге орналасқан. Айғыз ауылы бойынша 1447 адам, Көксала елді мекені бойынша 223 адам тұрады. Ауылымызда 1-мәдениет үйі, 1кітапхана, 1 орта білімді мектеп,1-Қаз Почта, 1 ауылдық амбулаториямыз халыққа қызмет көрсетуде. Ауылымыздың мәдениет үйінде көптеген іс-шаралар жүргізіліп тұрады. Ауыл жастары аудандық көптеген жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болған. Кітапханамызда оқырмандар саны күндеп өсуде десек артық айтпағанымыз. Дөңгелек стол ұйымдастырылып, кітап көрмелері болып тұрады. 2014 жылға аудандық бюджеттен10 млн теңге бөлінген. Осы қаражатқа ауылымыздың кіре беріс 5км жолын ағымдағы жөндеуден өткіздік. Қаражат толығымен игерілген. « Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша ауылдың іші-сыртын тұрмыстық қалдықтардан тазарту үшін 1 млн.749 мың теңге бөлінген. Бөлінген қаражат толығымен иегеріліп, тазарту жұмыстары жүргізілді. Ауылымыз үшін жергілікті бюджеттен 950мың теңге бөлініп, мал дәрігерлік пунттің құрлыс жұмысытары ауа райынның суытуына байланысты біраз жұмыстары кейінге қалтырылды. Алдағы уақытта іске қосылып, халыққа қызмет көрсетеді.



Халықтың әлеуметтік жағдайына тоқталатын болсам

Кімге еңбек ақы, зейнет ақы, жәрдемақы тиесілі болса уақтылы төленіп отыр. Атап айтқанда зейнеткерлер-140 адам, мүгедектер-42 адам,1 жасқа дейінгі бала күтіміне-14 адам, жеңілдік алушылар 165 адам, мүгедек бала тәрбиесіне 7 адам, тұрғын үй жәрдем ақысын 28 адам, балалар жәрдем ақысын 28 адам, бюджеттік мекемелерден жалақы алатын 61 адам,асыраушысынан айрылуына байланысты-16 адам,16 адам жеке кәсіпкерлікпен шұғылданып отыр.



Айғыз орта мектебіне тоқталатын болса

«Нұрлы Жол» Елбасы Жолдауының білім саласы қызметкерлері үшін де орны ерекше болды. Бірінші кезекте бұл- аппатты мектептермен, үш аусымды оқыту проблемаларын шешу, балалар балабақшасының жетіспеушілігін мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы 20 милиард теңге бағыттауды тапсырды. Болашақта тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, қарыштап дамуы үшін сапалы білімі, саналы тәрбиесі бар отансүйгіш жастар ғана болуы хақ. Сол үшін осы салада біздің ауыл бойынша жалпы 48 ұстаз еңбек етуде, 32 жұмысшысы бар. Оқушылар саны 242 оқушы білім алуда. Мектеп жанындағы «Айгөлек» шағын орталығында 45 бала тәрбиеленуде,7 тәрбиеші, 2-жұмысшысы бар. Ауыл бойынша ҰБТ-дан алған пайыз- 69,5.



Айғыз ауылы бойынша халыққа көрсетілетін дәрігерлік көмекке тоқталсам :

1-жанұялық амбулатория, 1-фельдшерлік пункт жұмыс жасайды, онда 1 жоғарғы білімді дәрігер, 8 арнаулы орта мамандар жұмыс атқарады. Айғыз ауылдық округі бойынша 2014 жылға 28 бала дүниеге келседі.Қайтыс болғандар саны-17 адам. Ауыл халқына арналғын 1 дәріхана қызмет көрсетуде. 2014-ші жылдың тамыз айында ауыл тұрғындарын қарауға жылжымалы медициналық кешені келіп, 180 ауыл тұрғынын дәрігерлік тексеруден өткізді. Аулымызда бір жедел жәрдем көлігі бар.



Жерге иелік жасауға тоқталатын болсам Барлық жер көлемі - 271022 гектарды құрайды, шаруа қожалықтарының иелігінде 82842 гектар. Елді мекенге тиесілі жер көлемі 27,0мың гектар. Ауыл бойынша 74 шаруа қожалық құрылған. Одан 48 шаруа қожалығы қыстамаға орналасқан. Жалпы шаруа қожалықтарында 127 адам жұмыс істейді.

Ауыл бойынша мал басының өсіуіне тоқталатын болсам :

Ауылдың негізгі кәсібі мал өсіру екені анық. Айғыз ауылдық округін­де 74 шаруа қожалығы тіркелген. Шаруа қожалықтардың көбі сиыр малын көптеп өсіруге бет бұрып отыр. Ауылымыз бойынша бүгінгі таңда 7 шаруа қожалығы сырт жақтан 29 бас асыл тұқымды бұқа әкеліп ірі қара малды асылдандыруда. Сонымен қатар «Сопы» шаруа қожалығы иегері Тастанбеков Марат ұсақ мұйізді малды асылдандырып өсіруде. Мал басының жылдан-жылға көбейіп келе жатқандығы халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып келе жатқандығын танытады. Мал басын өсіру өте қарқынды ауылымыз үшін жүріп жатыр.



«Сыбыға» бағдараласы бойынша «Талас» шаруа қожылығының иегері Қаниев Амангелді, «Құлан» бағдараласы бойынша «Нұрбек» Шаруа қожалығының иегері Айнабекова Роза несие алып мал басын өсіріп, асылдандыру мақсатында құжаттарын жинақтап өткізуде. Сонымен қатар уақыт талабына сай тиімді бағдарламалар бойын­ша несие алып, мал өсіріп жатқандар да кездеседі. Бір қуантарлығы, ауылда елмізде жүзеге асып жатқан бағдарламалар бойын­ша несие алып кәсібін дөңгелетуге ынталы­лардың жыл сайын артып келе жатқандығы.

Атауы

2014 жыл

2015 жыл

%

Ірі қара

4691

5055

107

аналығы

2023

2094

103

Қой- ешкі

13906

11085

79

аналығы

9133

9133

100

Жылқы

1112

1240

101

Бие

390

593

150

Құс

1019

1200

101

Мал өнімдері.

Атауы

2014 жыл

2015 жыл

%

Ет

11330

11985

105

Сүт

29645

29645

100

Жұмыртқа

92

92

100

Жүн

332

332

100

Округ бойынша салық төлемдеріне тоқталатын болсам

1)Жер салығы бойынша жоспарланған- 92 мың100 теңге 100 пайызға игерілді 2)Көлік салығы бойынша жоспарланған-840мың теңге 100 пайызға игеріледі. 3)Мүлік салығының жоспарланғаны-23 мың 500 теңге иерілгені 100 пайыз.

Мемлекет Басшысы шағын және орта бизнесті экономикамыздың күретамырына айналдыру мақсатындағы жұмыстарға жаңа қарқын бере отырып, кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеу қажеттілігі баса айтылды. 


Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту ауылдық жерде үлкен тәуекелді қажет етеді, дегенмен істің көзін тауып, берекелі тірлік жасап жатқан тұрғындар қатары аз емес. Бүгінгі күнде ауылда 1-дүкен, 6 дүңгіршек , 1-тойхана, 2 токорьный цех, 1 дәнекерлеуші, 2 мал сою алаңы,1-тігін цехы, 1 дәріхана ,1-мал дәріханасы бар. 8 жеке автокөлік иелері халыққа қызмет көрсетуде. Айғыз ауылдық округі халқының тұрмыс сапасын жақсарту мәселелерін шешу үшін біз көптеген жұмыс істеуіміз керек. Сонымен қатар ауылымыздың ауыз сумен қамту бойынша тарифтерді тез белгілеу мәселесі де көкейтесті деуге болатын мәселе.

Құрметті ауылдастар! Осы істелініп жатқан іс-шаралар Тәуелсіздігіміздің арқасында, ел игілігі үшін жүзеге асуда. Ендігі міндетіміз қол жеткізген табыстарымызбен тоқтамай ауылымыздың мерейін одан әрі өсіру. Осыған Айғыз тұрғындары өзіндік үлесін қосады деген сенімдемін. Оған ең бастысы береке -бірлік, сыйластық керек. Елбасы Жолдауы әрқашан еліміз үшін маңызды мәселелерді қамтып келеді. Елбасы айқындаған осы жеті бағыт бойынша барлығымыз қоян-қолтық жұмыс жасап, жоспардың заңнамалық қамтылуына барлық жағдайды жасауымыз қажет. Бұл біздің міндет деп ойлаймын. Еліміздің басты құндылығы елдегі бейбітшілік пен бірлік. Нұрсұлтан Назарбаев қашан­нан-ақ Қазақстан халқының бірлігіне үлкен маңыз беріп келе­ді. Ел бірлігі барда шешімін таппайтын іс жоқ.

Құрметті ауылдастар! Бүгінгі жиналысқа қатысуға келгендеріңізге үлкен рахметімді айтып, от бастарыңызға аманшылық, бақыт тілеймін. Алға қойған мақсатпен, іс-шара жоспарды орындап, жүзеге асырамын деп сіздерді сендіремін. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет