Айқын. – 2013. №34. – 23 ақпан Студенттерге арнап дүкен ашылды



Дата25.02.2016
өлшемі7.96 Kb.
#24938
Айқын. – 2013. - № 34. – 23 ақпан
Студенттерге арнап дүкен ашылды

Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің №4 жатақханасында «Студент» атты әлеуметтік дүкен ашылды.
Ол дүкеннің ерекшелігі сол, барлық тауарлардың құны нарықтық бағадан төмен.

Студенттерге арналған дүкенді ашу үшін біз кәсіпкерге жатақхананың бірінші қабатынан бір бөлмені тегін бөліп бердік. Ол өз кезегінде тек коммуналдық төлемақыларды ғана өтейді. Осының есебінен тауардың арзан бағасын ұстауға мүмкіндік бар. Мәселен, нанның бағасы – 45 теңге, студенттер жиі алатын «Биг-бон» мен «Роллтон» сияқты тауарлар 33-35 теңге тұрады, - дейді университеттің тәрбие ісі жөніндегі департамент директоры Бауыржан Иманғалиев.



Студенттерге арналған дүкеннің ашылуы үлкен жаңалық болды. Сонымен қатар ҚазАТУ-дың арзан асханасында да келушілердің қатары күн санап өсіп келеді. Асханадағы түскі астың бағасы – 250 теңге. Алдағы уақытта университет жанынан әлеуметтік емхана және дәріхана ашу жоспарланып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет