Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет63/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Ескерту. Мысалы деген сөз оңашаланған мүшенің кұрамында болмай, жеке кыстырма 
сөз ретінде келгенде, үтірмен жалғыз өзі ғана белінеді: Мысалы, таза мыс электр тогын 
жақсы өткізеді. Әрқайсымыз өз шаруамызбен болдық. Мен, мысалы, кітап оқып отырмын.
.2. Әсіресе, көбінесе, тіпті, оның ішінде деген сөздер оңашаланған мүше болатын сөз 
тіркестеріне емес, жалпы сөйлемге қатысты болып келуі мүмкін. Ондайда бұл сөздер 
ешқандай тыныс белгісімен бөлінбейді: Ырғызбай ішінен әсіресе осы Қарашоқыға 
қызығушылар көп болатын (М.Әуезов). Алматылықтар жазда көбінесе тауға шығады. 
Олардың ішінде үй іштерімен шығатындар да көп. б) Есімдіктен кейін келген 
айқындауыштар оңашаланады: Олар, жас жігіттер мен жас қыздар, қиын жұмыстардан бас 
тартпады. Мен, Олег Кошевой, Жас гвардия мүшелерінің қатарына кірерде... ант етем 
(А.Фадеев). Айтып тұрған мына мен, Бақбергенмін (М.Әуезов). Кейде керісінше құрылған 
түрлері де болады, яғни есімдік оңашаланады, бірақ бұл сирек қолданылады. Мысалы: 
Балалары, біз, тірі тұрғанда, апам кедейшілікті ойлайтын кісі емес еді (С.Мұқанов). в) Жалпы 
мезгілді, мекенді білдіретін пысықтауыштардан кейін, сол мезгілдің дәл қай кезі, сол 
мекеннің дәл қай жері екенін ашып көрсететін анықтауыштар оңашаланады. Мысалы: Түнде, 
сағат 12-де, поезд келді (түннің басқа кезі емес, дәл сағат 12-де деп айқындап тұр). Қазақстан 
Республикасында, Астанада, білім ордасына арналып зәулім үй салынады (білім ордасына 
арналған зәулім үйдің Қазақстан Республикасының басқа жерінде емес, Астана қаласында 
салынғанын дәлдеп тұр).
 Сияқты, ретінде, қатар, емес (емей), түгіл деген сөздермен келген және -
дай, -дей, -тай, -тей жұрнақты сөздермен келген тіркестер де, оңашаланған 
мүше сияқты, сөйлем ішінде үтірмен бөлінеді: Жамбыл 70-80 жылдарда, ұсақ 
өлеңдермен қатар, көлемді жырлар да шығарады. Мен Әлти ғана емес, 
Сәдуақасқа да іштей қайран қап отырмын (С.Мұқанов). Үйге кіргізу түгіл, 
жақындасуға рұқсат жоқ (Ғ.Мүсірепов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет