Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А


Л, э әріптері орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады: пулемет, Петр,  Семен, этажерка, эпос, поэма, эволюция экономика.  Я, ю



Pdf көрінісі
бет11/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Л, э әріптері орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады: пулемет, Петр, 
Семен, этажерка, эпос, поэма, эволюция экономика. 
Я, ю әріптері қазақ сөздерінде й+а, й+у қосар дыбыстарын таңбалап, 
дауысты әріптен кейін ғана (я әрпі бірен-саран қазақ сөздерінің басында да) 


14 
жазылады: аю (айу), үю (үйу), қою (қойу), аян (аяан), қоян (қойан), баяндауыш 
(байандауыш), яғни, яки, япырмай. 
Бұл әріптер орыс тілінен енген сөздерде қосар йа, йу дыбыстарының да
(каюта, маяк), жалаң а, у дыбыстарының да таңбасы ретінде қолданылады.
И дыбысына біткен етістіктер мен сый, тый деген етістіктерге – у, –а 
жұрнақтары жалғанғанда, олар ю, я болып жазылады (сый, тый деген сөздерде 
й әрпі түсіп қалады): ки+у –кию, қи+а-қия, и+у –ию, сый+у-сыю, сый+а+ды –
сыяды, тый+у-тыю, тый+ады –тыяды. 
Ю 
әрпіне аяқталатын сөздерге дауыстыдан басталған қосымша 
жалғанғанда ю таңбасы сақталады да, үш дауысты әріп қатар жазылады: 
баю+ы-баюы (Біз ауылдың баюын әңгімеледік); кею+і-кеиді (Ол кеюін қойды).
Ескерту. Мына сөздерде қатар келген йу әріптерінің орнына ю әрпі 
жазылмайды, сол таңбаларының өзі сақталады: айуан, хайуан, бейуақ,
кейуана. 
У әрпі үш түрлі қызмет атқарады: 1) жуан айтылатын ұу дауысты дыбысын 
таңбалайды: су (сұу), суық (сұуық) туыс (тұуыс), бару (барұу),
 Кейбір дауыссыздардың жазылуы. Ф, х әріптері, көбінесе, орыс тілінен 
және орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздер мен жалқы есімдерде
оның ішінде кісі аттарында жазылады: фабрика, фонетика, шкаф, шеф, химия, 
техника, цех, Фәтима, Фазыл, Хамит, Райхан, Мұхтар, Ахмет. 
 Х әрпі араб-парсы тілдерінен енген бірқатар сөздерде де жазылады: халық, 
хат, хан, ханзада, хас, хош, мұхит, сахна, тарих, рухани, асхана. 
В, ч, ц әріптері орыс тілінен енген және орыс тілі арқылы енген сөздеріне 
ғана жазылады: вагон, велосипед, вокзал, аквариум, цирк,, чек, очерк, 
диспетчер. 
Ов, -ев, -ова, -ева жұрнақтарымен жасалған қазақ фамилияларында в әрпі 
жазылады: Асанов, Асанова, Бәйішев, Бәйішева. 
Щ әрпі орыс тілінен енген жалпы және жалқы есімдерде, қазақ тілінің ащы, 
тұщы, кеще деген түбір сөздерінде ғана жазылады: училище, Щедрин. 
Ескертулер. 1. Түбір сөз ш дыбысынан аяқталып, оған ш дыбысынан 
басталған қосымша жалғанғанда, қос шш әрпі жазылады (щ әрпі жазылмайды): 
аш+шы- ашшы (есікті ашшы), іш+ші (шай ішші).
2. Түбір сөз с, з дыбыстарына аяқталып, оған ш дыбысынан басталған
қосымша жалғанғанда, қос шш дыбысы естілгенімен (айтылғанымен), сөз 
бөлшектерінің түбірі сақталып жазылады: сөз+шең – сөзшең (айтылуы – 
сөщен), бас+шы- басшы (айтылуы - бащы), қос+шы – қосшы (айтылуы-қощы). 
Б, в, г, д дыбыстарына, негізінен, орыс тілінен енген және орыс тілі арқылы 
енген сөздер аяқталады: клуб, штаб, актив, педагог, монолог, округ, отряд, 
парад, жад деген бірен-саран кірме сөздер де б, д дыбыстарына аяқталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет