Е с к е р т у. Бұл ережеге с, ш қатаң дыбыстарынан басталатын
қосымшалар: -сыз, -сіз, -са, -се, -сың, -сің, -шы, -ші, -шыл, -шіл, -ша, -ше, -шаң, -
шең, -шық, -шік т.б. бағынбайды. Мысалы: бала+сыз, бала+сың, көйлек+шең,
сөз+шең, көп+шіл, ұран+ шыл.
ә) Сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыздардың және в, б, г, д ұяң
дауыссыздарының бірі болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші
дыбысы қатаң болады: кітап+тар, кітап+қа, хат+ты, клуб+қа, педагог+тер,
араб+тар.
б) Сөздің соңғы дыбысы с, з болып, оған с, ш дыбыстарынан басталатын
қосымша жалғанғанда, оның соңғы дыбысы өзгертілмей жазылады:
жұмыс+шы (айтылуы – жұмышшы), бас+шылық (айтылуы – башшылық),
ауыз+ша (айтылуы – ауұшша), жаз+саң (айтылуы жассаң), сөз+сіз (атылуы
– сөссүз), орыс+ша (айтылуы – орұшша).
в) ш дыбысына бітетін сөздерге с дыбысынан басталатын қосымша
жалғанғанда, қосымшаның басқа дыбысы өзгеше айтылуына қарамастан,
өзгертілмей жазылады: іш+сең (айтылуы – ішшең), ұш+саң (айтылуы –
ұшшаң), күш+сіз (айтылуы – күшшүз), көш+сін (айтылуы – көшшін).
г) Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болса, жалғанатын қосымшалар
дауыстыдан басталғанда, қ, к дыбыстары ұяңдап, ғ, г дыбыстарына, ал п
дыбысы б, кейде у (қосымшада тағы бір п дыбысы болған күнде) дыбысына
айналады да, естілуінше жазылады: күрек+і – күрегі, тарақ+ы – тарағы, тік+у
– тігу, тап+у – табу, тап+ып – тауып, кеп+у – кебу, кеп+іп – кеуіп, блок+ы –
блогы, ток+ы – тогы, бак+ы – багы.
ғ) Сөздің соңғы дыбысы н болса, оған жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б
дыбыстарынан басталғанда, н дыбысы өзгеріліп, ң, м болып айтылады. Бірақ
22
бұл өзгеріс еске алынбай, н әрпі жазылады: түн+гі – түнгі (айтылуы – түңгү),
бұрын+ғы – бұрынғы (айтылуы – бұрұнғы), сән+қой – сәнқой (айтылуы –
сәңқой), көн+беді – көнбеді (айтылуы – көмбеді), көрін+беді – көрінбеді
(айтылуы – көрүмбеді).
Достарыңызбен бөлісу: |