40
Құлтума Сармұратұлы айтыс ақыны ретінде де танымал. Шөже,Орынбай
ақындардан тәлім алып, олармен сөз сайысына түскен.
Біржан салмен өнер
жарыстырып,жақын қарым-қатынаста болған. Әйгілі ақын қыпшақ Рысбаймен
де айтысқан («Бес ғасыр жырлайды» кітабынан).
6-жаттығу. Туған өлкеңіздегі біріккен
сөздермен аталатын жер-
су,өсімдік, жан-жануар аттарын жазыңыз,
сол сөздерді пайдаланып, шағын
шығарма жазыңыз.
7-жаттығу.
Орфографиялық сөздіктен тану, аралық, сымақ сөздерімен
бірге жазылатын сөздерді теріп жазыңыз.
8-жаттығу. Сөйлемдерден қос сөздерді тауып, емлесіне сай жазыңыз.
Бас қосып жиналса, гүжілдеп кеукілдеп, сылқ сылқ күліп, бірін бірі сықақ
қылғаннан басқа жұмыстары жоқ (С.Сейфуллин). Балтаны ала сала, кебежені
періп
жібергенде,тақтайлары бөлініп, ұшып кетті (С. Мұқанов). Ысылмаған
ауыздан
кедір бұдыр сөз шығады, кедір бұдыр сұр тастан асыл қазына, алтын
шығады (Ғ.Мұстафин). Ол мынау... тау тастың, өзен судың, орман тоғайдың
несінің пайдалы, несінің пайдасыз екенін жақсы біледі. Ол да, міне, жым
жылас, ығы жығы адам да, жабыр жұбыр үн де жым жылас (І.Есенберлин).
9-жаттығу. Мына қос сөздердің екінші
сыңарларын тауып жазыңыз,
емлесін түсіндіріңіз.
Айқұш.... , ет ...., жігіт...., сарт.... , үнсіз ...., қызаң ...., ырду ...., аяқ ....,
құрт ...., мәз ...., оқтын ...., кезек ...., у ...., гу ...., оқта ...., анда ...., мұң ...., қайғы
.... .
Достарыңызбен бөлісу: