Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет40/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

 
10-жаттығу. 
Текстерден 
біріккен 
сөздер 
мен 
қос 
сөздерді, 
фразеологиялық оралымдар мен күрделі сөздерді тауып, топтап жазыңыздар 
да, олардың жазылу емлесін түсіндіріңіз.
1-нұсқа. 1. Жылқышылар жарау аттарды киіз үйдің іргесіне қаумалап кеп, 
лып еткізіп құрық сап жүр (Ә.Әлім.). 2. Аудан орталығы Смирново 
станциясына жақын жердегі Шолақ Досжан аталатын мекенде екен (С.М.).
3. Совхоз былтырдан бері соның он бес мың гектардайын ғана айырып, биыл 
бес мың гектарына ғана егін сеуіпті (С.М.). 4. Ұмар-жұмар түскен бойда-ақ 
Қажымұқан Бульді ту сыртынан қапсыра құшақтаған күйі күлге шөккен 
түйедей төсін ырғаңқырай басып, езгілей берді де, бір мезетте екі қолын оның 
екі қолтығының астына жіберіп, қолын оның желкесінен тарақтап алды (А.Х.). 
5. «Қоңырәулиеге» кетіп бара жатқан жолда, Мағаштың Әбдірахманға 
айтқанындай, Оспан Оразбай аулына барады екен. Бір болыс елдің билері мен 
елубасыларын, старшин, атбасарларын және песірін ертіп барыпты (М.Ә.).
6. – Оныңа түйедей-түйедей екі спасибо... енді мешайт қылмай, совдебіңе жүре 
берсең екен. Өлең-мөлеңді әңгіме қылып, жұмысты тоқтатып қоя алмасақ 
керек (Ғ.М.). 7. Соңғы кезде малшы ауылдарға құрамында автоклубы, 


41 
автодүкені, тұрмыстық, дәрігерлік қызмет көрсететін машиналары бар үгіт 
поездары бара бастады (І.О.). 8. Еркебұлан аң-таң, абыржып қалды. Шалғай 
шалыс отырған екі адамды бірдей көріп тұрған кімді болса да, таң 
қалдырғандай еді (Ғ.М.). 
2-нұсқа. 1. Қыстаубай бұларды әрлі-берлі сүйрелеп жүріп, шыққан 
шөбіне, топырақ үстіне қарап құдық қазатын, оңай су шығатын жерлерді 
белгіледі (О.С.). 2. Ақадыр станциясына тұңғыш рет электровоз келді. Бұл 
күнді ақадырлықтар көптен асыға күткен еді. Қарағанды – Мойынты учаскесін 
электрлендіру жұмысы басталғаннан бері теміржолшылар армандаған сәт те 
туды («С.Қ».). 3 . Сыртта күбір-күбір ғана дыбыс келеді. Анда-санда гүж етіп 
қалған бір дауыс әлдекімді еріксіз көндіргісі келетін сияқты. Ит қыңсылындай 
сезілетін екінші дауыс «әке-көкелеп» жалынғандай естіледі (Ғ.М.). 4. Шөп 
жинағыш-шөмелегіш ПК 1,6 машинасын және шөмеле таситын ТПС 6,0 
машинасын қолданып, шашылған пішенді жинайтын комплекске назар 
аударылды («С.Қ.»). 5. Қу бастан қуырдақтық ет алатын, тілінің қотыры бар, 
әзілқойлардың айтуынша, бір күні, ел жайлаудан түсе, Қарашаның бір топ 
адамы Зайсанның базарына мал айдап барған көрінеді. Базарда сол күні сары 
ала қылыш тағынған бірнеше стражник, пристав орыстар жүрсе керек. Онда 
қыр қазағының қару асынған төре көрсе үрейі ұшып, қалтырап тұратын кезі. 
Өзара сөйлескенде әлгі стражниктердің аузынан «хорошо-хорошо» деген 
сөздер жиі айтылып жатады. Не керек, соны естігенде жаңағы қарашалардың 
зәре-құты қалмай, жүректері тас төбесіне шығады ғой. «Қой, мыналар бүгін 
Қарашаны тегін іздеп жүрген жоқ. Түбі, Қарашаға бір тықыр бар» деп базар 
аралауға да мұршалары келмей, асығыс ауылдарына қайтады (Қ.Жұмад).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет