Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет46/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Тасымал. Жазып келе жатқанда жолға сыймаған сөздер буын жігімен 
тасымалданады: қа-лалық, қала-лық (қал-алық, қалал-ық емес), Ота-нымыз, 
Отаны-мыз (Отан-ымыз, Отаным-ыз емес), баян-дауыш, ба-янда-уыш (баяндау-
ыш емес). 
Ескерту. Газет-журналдар бетінде жолға, әсіресе тар бағандардағы жолдарға сыймай 
қалған не асып кететін сәттерде кейде сөздер буын жігін таңдамай тасымалданатын болады. 
Бұл – ережеден себепті түрде ауытқу болғанмен, мұны әрдайым қолдана беруге болмайды. 
Көпшілік қауым күнде оқитын баспасөздің жазуы мүмкіндігінше емле ережелеріне сай 
болуға тиіс. 
Сөз ішінде дауыстылардан кейін келген у, й дыбыстары сол сөзді 
буындағанда, өзінен кейінгі дауыстымен бірігеді де, буынның бірінші әрпі 
болады. Мысалы: та-уық (тау-ық емес), қа-йық (қай-ық емес), баянда-уыш 
(баяндау-ыш емес). Бұл сөздерді осы жікпен тасымалдағанда, у, й әріптері 
келесі жолда ғана жазылады.
Екі (кейде үш) дауыссызға аяқталатын сөздерді оларға қосымша жалғанып 
тұрған жерден тасымалдағанда, түбірдегі дауыссыздарды бөліп жіберуге 
болмайды: қарт-тар (қар-ттар емес), театр-лар (теат-рлар емес), маркс-тік (мар-
кстік емес).
Түбір сөзде үш дауыссыз қатар келгенде, алдыңғы екі дауыссыз дыбыс 
алғашқы буын құрамына кіреді де, үшінші дауыссыз келесі буынның басқы 
дыбысы болады: құ-мырс-қа (құмыр-сқа емес), жұ-мырт-қа (жұмыртқа емес). 
Екі дауыссызға аяқталатын сөздерге дауыссыздан басталатын қосымша 
жалғанғанда да осы үлгімен буындалады: абонент-тік (абоненттік емес), парк-
ке (пар- кке емес).
Біріккен сөздер буын жігімен де, түбірлер жігімен де тасымалдана береді: 
бі-рыңғай немесе бір-ыңғай, өза-ра немесе өз-ара, демалыс немесе дем-алыс. 


49 
Орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілінің қосымшалары жалғанғанда, олар 
буын жігіне қарай тасымалданады: ро-лінде (рол-інде емес), съез-дің (съезд-ің 
емес).
Сөздің дара дыбыстан тұратын бір буынын жазып келе жатқан жолда 
қалдыруға немесе келесі жолға шығаруға болмайды: а-лақан емес, ала-қан,
е-леуіш емес, еле-уіш, арми-я емес, ар-мия, оюлы емес, ою-лы. Алғашқы буыны 
бір ғана дауыстыдан тұратын екі буынды сөздер тасымалданбайды: атом, 
эмаль, ақыр, ақыл, отын, отыр.
Ұу, ый, ій қосар әріптерінің орнына жазылған у, и әріптері бар сөздер 
буындалғанда, келесі буын дауысты дыбыстан басталады және солай 
тасымалданады: су-ық, қу-ақы, ту-ынды, бу-ын, қи-ын, ки-ім, қи-ық. 
Орыс тілінен енген сөздер де буын жігі бойынша тасымалданады. 
Бұлардың ішінде екінші, үшінші буындардың дауысты дыбыстардан 
басталатындары кездесе береді: про-ект, ро-яль, по-эма. Екі, үш, кейде төрт-бес 
дыбыстардан тұратын бір буынды (яғни ішінде бір ғана дауысты дыбысы бар) 
сөздер тасымалданбайды: төрт (тө-рт емес), жалт (жа-лт емес), пункт (пун-кт 
емес), взвод (вз-вод емес). 
Тыныс белгілері жазып келе жатқан жолда қалдырылады.
 Сан есіммен келетін қысқарған шартты белгілерді цифрдан бөліп 
тасымалдауға болмайды: 25 га, 15 см, 1987 ж.
Әріптерден қысқарған сөздерді өз ішінен бөліп тасымалдауға болмайды: 
ЮНЕС-КО деп бөлуге болмайды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет