60
2 Қыстырма сөздердің тыныс белгілері
3 Одағай сөздердің тыныс белгілері
Қаратпа сөздердің тыныс белгілері. Жанды, жансыз заттарға қарата
айтылған сөздер (қаратпалар) сөйлем ішіндегі басқа сөздерден үтірмен
ажыратылады. Қаратпа сөз сөйлемнің басында тұрса, үтір оның соңынан,
ортасында тұрса, екі жағынан, соңында тұрса, одан бұрын қойылады: Жігіттер,
ойын арзан, күлкі қымбат. Жүрегім, нені сезесің! Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де
түзел (Абай). Тыңда, дала, Жамбылды (Жамбыл). Тыныштал! Тынышталшы,
Абайжан! (М.Әуезов). Қаратпа сөздің алдында өз анықтауыштары болса, олар
қаратпа сөзден тыныс белгісімен бөлінбейді. Қаратпа
сөз анықтауыштарымен
тұтасып, сөйлемнің басқа мүшелерінен үтірмен ажыратылады: Қарағанды
шахтёрлері, ұр еңбектің дабылын! (И.Байзақов) Пернеге бауыр басқан кәрі
бармақ, Арынын домбыраның шыңға самғат! (Жамбыл) Толғауы тоқсан қызыл
тіл, Сөйлеймін десең өзің біл (Абай)
Алдынан не соңынан келген эпитет сөздері бар қаратпалар да тұтас тізбек
құрайды, эпитет пен қаратпа сөз бір-бірінен тыныс белгісімен ажыратылмайды:
Жарайды, Абай аға, қаршыға жайында ма? Әй,
шырағым балам, ар жағыңда
әкең тұр. Қарағым Қамқа, бүгін күн жұма ғой осы? (М.Әуезов). Жолдас
командир, қасында мың шақты адамы бар Павел Громов келіп тқр (Ә.Әбішев).
Оның рас шығар, жан анам! (Ғ.Мүсірепов).
Қаратпа сөзбен қатар келген одағайдан кейін үтір қойылады: Уа, Горький,
халық ырысы – күнді сүйдің (Жамбыл). Уәу, жігіттер! Сендердін өлең жазамын
деп қырқысқан таласың тіпті жақсы (М.Әуезов). Күннен күнге, уа, халқым,
құлаш жаздың өріске (Жамбыл). Қаратпа сөзбен қатар келген о деген одағайдан
кейін де үтір қойылады: О, күн-ау, төге түсші сәулеңді сен (Жамбыл). О,
Жасаған! – деді Савельич күңірене сөйлеп (А.С.Пушкин). О, жалғыз сенерім –
Жантығым! О, сиқыр, тағы келдің бе қасыма? (Ғ.Мүсірепов).
Есіл өлкесінің
құнарлылығы туралы талай әңгімелер естіп ем, рас екен!.. О, Есіл!..
(С.Мұқанов)
Қаратпамен қоса айтылған шылаулар да күрделі қаратпа сөздің құрамына
енеді де, екеуінің арасына дефис қойылады: Жеңеше-ау,
Абай ағамның
мысқылына ажалды кісі тап болсын да. Қаражан-ай, сенен де мырза бай болар
ма екен? (М.Әуезов). Қаратпа сөздер (әсіресе жалаң түрлері) екі рет қайталанып
та келуі мүмкін. Мұндайда қайталап тұрған қаратпа сөздердің өз араларына үтір
қойылады: Ер Төстік жақындай түсіп: “Шеше, шеше, артыңдағы қыздардың
бәрі өзіңдікі ме?” – дейді (“Ер Төстік” ертегісі). – Қош, қалқам, қалқам! – деді
Шұға (Б. Майлин).
Қаратпа сөз сөйлем басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін
леп белгісі қойылып, келесі сөз бас әріппен жазылады: Тоғжан! Япырмай,
жақсы айттыңыз-ау! (М.Әуезов). Павел! Естисің бе? (М.Горький)
Қаратпа сөз сияқты, бірақ нақты
біреуге арналып айтылмаған, жалпылық-
белгісіздік немесе одағайлық мағынасы бар сөздер сөйлем ішінде үтірмен
бөлінеді. Олар да күрделі, шылаулы болып келе береді: Менің айтқаным да,
естігенім де осы ғана емес пе еді, сығыр-ау! Жандарым-ау, не білгендерің бар?
61
Әй, кәпір, содан қосылған жау болды. Айналайын құдай-ау, айнымаған Тоғжан!
Жә, әлгі қайда жоқ боп кетті, батыр-ау! (М.Әуезов). Солай ма еді, аңқау басым?
(С.Мұқанов). Бар болғыр, жай болушы ма еді? (Ғ.Мүсірепов).
Көптен ұйқы
көрмей сергелдең болып жүрген байғұс басым, сол мезгілде ұйқы қысып
қалғымаймын ба? Таң атқан соң қарасам, көзін ашпағыр, май жағылмаған етігім
өкпелеп қашып кетіпті (Ертегіден).
Достарыңызбен бөлісу: